Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы, Атырау қаласы

Н.К.Крупская атындағы №18 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Исмухамбетова Алтынгуль Сейткалиевна

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 25.04.2016ж

Сыныбы: 6 «В»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары.Күрделі зат есімдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Қазақстанның қорықтары жайлы түсіндіру.Олардың қызметтерін анықтап,сөйлемдердің ішінен күрделі зат есімдердің түрлерін ажырата білуге баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету,ойлау қабілеттерін арттыру,сөздік қорларын молайту,танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілігі: Туған жердің табиғатын аялауға,сүюге,оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,жеке жұмыс,түсіндіру,сұрақ-жауап,пікірлесу,іздену,ой қозғау

Көрнекілігі: презентация, интерактивті тақта, ҚР-ның ұлттық қорықтар картасы

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,география

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу,түгендеу.

2.Сабаққа назарларын аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Диалог құрастыру(әр топ өздеріне берілген тақырып аясында диалог дайындайды)

1-топ Қорық дегеніміз не?Оның мақсаты қандай?

2-топ География сабағында өткізілген қорықтар тақырыбы

3-топ Қорықтарға саяхат

4-топ Біздің табиғатқа қосар үлесіміз қандай?

Жаңа сабаққа кіріспе

Картадан Қазақстан қорықтарының географиялық орнын анықтау.


1.Ақсу-Жабағылы қорығы

2.Наурызым қорығы

3.Үстірт қорығы

4.Барсакелмес қорығы

5.Қорғалжын қорығы

6.Алматы қорығы

7.Марқакөл қорығы

8.Алакөл қорығы

9.Қаратау қорығы

10.Батыс Алтай қорығы


Сонымен, Қазақстан жерінде 10 қорық ұйымдастырылған.

III.Жаңа сабақ

«Қазақстанның қорықтары»

Сабақта өтілетін жаңа сөздер:

Қорық-заповедник

Құрып кету-исчезновение

Қауіп-опасность

Қорғау-защищать

Аялау-беречь

Жұлмау-не вырывать

Таптамау-не топтать

Берілген жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.

Өтіп жатқан грамматикалық тақырыпты еске түсіру.

Біздің өтіп жатқан грамматикалық тақырыбымыз қандай?

Күрделі зат есімдерді кім атайды?

Біріккен сөздер деген не?

Қысқарған сөздер деген не?

Қос сөздер деген не?

Олар нешеге бөлінеді?

Қысқарған сөздер қалай жасалады?

Тіркескен сөздер деген не?Мысал келтіріңіз

Мәтінмен жұмыс

1.Мәтінді мәнерлеп оқу,баяндау

2.1-2 оқушыға мәнерлеп оқыту

Қазақстанның қорықтары

Қазақстан жерінде 10 қорық ұйымдастырылған.Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігінде ұйымдастырылған-Барсакелмес қорығы.Қорықтың мақсаты-ақбөкен мен қарақұйрықтықорғау.

ҚР-да ең алғаш ұйымдастырылған қорық-Ақсу-Жабағылы қорығы. Ақсу-Жабағылы қорығы-Оңтүстік Қазақстан облысы,Талас және Өгем жотасында 131,9 мың га жерді алып жатыр.Онда арқар,аю,бұғы,борсық сияқты т.б жануарлар өмір сүреді.

Республикадағы ең жас қорықтың бірі-Үстірт қорығы.Ауданы-223,3 мың га.Мұнда жауын-шашын мөлшері тым аз.Қорық аумағында табиғи-тарихи ескерткіштер көп кездеседі.

Марқакөл қорығы-1976 жылы құрылған Шығыс Қазақстанда орналасқан әдемі көлдердің бірі.Марқакөлдің табиғат жағдайы жылдың төрт мезгілінде түрліше өзгеріп отырады.

Жаңа сабақ бекіту

Әр топ өзіне берілген мәтіндегі абзац ішінен күрделі сөздерді тауып,оның түрлерін ажырату.

I топ 1-абзацтан біріккен сөздерді табу

II топ 2-абзацтан қысқарған сөздерді табу

III топ 3-абзацтан қос сөздерді табу

IY топ 4-абзацтан тіркескен сөздерді табу

2-тапсырма

«Сен маған,мен саған....»кезеңі

Әр топ мәтін бойынша бір-біріне сұрақтар дайындайды.Келесі топ жауаптарын дайындайды.

3-тапсырма

Деңгейлік тапсырмалар

Әр топтың I, II деңгей оқушыларына тапсырмалар:

1.Берілген сөздерге морфологиялық талдау(сөз құрамы,сөз тұлғасы)жасау:

Қорық,Барсакелмес,ең көне,үлкендеу,Алакөл

III деңгей

Берілген сөздерге фонетикалық талдау: қорық,Наурызым,Алматы,өсімдік,су.

4-тапсырма

Жеке жұмыс

Сөздердің синонимдерін табу.

Құрып кету-жоғалып кету

Қорғау-сақтау,аялау

Таптамау-баспау,зиян келтірмеу

Сан алуан-әртүрлі

5-тапсырма

5 жол өлең әдісі( синквейн әдісі)

1 зат есім Қорықтар

2 сын есім Ұлттық,ең жас

3 етістік Ашылады,ұйымдастырылады,сақтайды

4сөйлем Қорықтарда өсімдіктер мен жануарлар қорғалады.

5 синоним Табиғат байлықтары

Қорытындылау

Сұрақ-жауап

1.Маңғыстау облысында орналасқан қорық?( Үстірт)

2.Наурызым қорығы қайда орналасқан? (Қостанай)

3.Екі өзеннің атауынан құрылған қорықтың аты? (Ақсу-Жабағылы)

4.Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық? (Қорғалжын)

5.Ең жас қорық? (Алакөл)

6.1968жылы құрылған қорық? (Қорғалжын)

7.Қорық деген не?Қорықтарды құрудың мақсаты қандай?

-Өте жақсы,сонымен қорықтардың мақсаты-құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғауға алу.Оқушылар,табиғатты қорғау мақсатында құрылған тек қана қорықтар емес,одан да басқа табиғат ғажайыптары бар.Олармен келесі сабақта танысамыз.

Үйге тапсырма

1.«Табиғатты қорғау-парызымыз»тақырыбында эссе жазып келу.

2.Ережелерді қайталау.

Бағалау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ