Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Күрделі тіліктер

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Нәрсенің тіліктерін орындап, сызбаға орналастыруға

үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру,

өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап,

сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.

ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін

тереңдетіп, ой-қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау,

белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,

оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін

дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т.б.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау, дейгейлік тапсырмалар мен жұмыс

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. : Сәлемдесі; оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару;

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  2. Тапсырмаларды орындау.
  3. Сабақты бекіту.
  4. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ: Екі және одан да көп қиюшы жазықтардың көмегімен аланатын тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Кейде тетік элементерінің санын , олардың пішіндерін және орналасуларын қарапайым тілікте бір қиюшы жазықтықпен кескіндеу мүмкін болмайды, бұл бірнеше қиюшы жазықтықтарды қолданудың қажеттігін тудырады. Осындай жағдайларда күрделі тіліктер пайдаланылады.

Күрделә тіліктер сатылы және сынықтіліктер болып екіге бөлінеді. Олар қарапайым тіліктер сияқты горизонталь, фронталь және профиль тіліктер де бола алады. Күрделі тіліктер аралас тіліктер яғни сатылы тілік пен сынық тіліктен құралуыда мүмкін.

Бірнеше параллель қиюшы жазықтықтар мен орындалған тіліктер сатылы тіліктер деп аталады. (160- сурет)

Тілік үш қиюшы фронталь жазықтықтар мен жүзеге асырылады. Қиюшы жазықтықтардың орналасуы қарау бағытын көрсететін нұсқамалары бар қима сызықтарының штрихтары мен көрсетіліеді және соңғы штрихтары ретінде қарастырылады. Қима сызықтарыгың иілуі де үзік сызықтар штирхтары мен орындалады. Қима сызықтарында иілулердің болуы күрделі тіліктің графикалық безендірулерінде көрініс таппайды. Барлық қиюшы жазақтықтар бір фронталь жазықтықта біріктірілген және күрделі тілік қарапайым тілік сияқты орындалады.

Нәрсенің параллель емес , қиылысатын жазықтықтар мен қиюдан алынатын тіліктер сынық тіліктер деп аталады. (161- сурет)

Қиюшы жазықтықтарды шартты түрде өзара қиылычу сызығынан негізінде проекция жазықтықтарынан қандай да біреуіне параллель жазықтықпен беттескенше айналдырады. Сондықтан сынық тіліктер фронталь, горизонталь және профиль тіліктер бола алады. (161- сурет) суретегі тілік екі қиылысатын қиюшы жазықтықтар арқылы алынған, олардың бірі горизонталь жазықтық болып табылады. Жоғары орналасқан қиюшы жазықтық ойша қиюшы жазықтықтардың қиылысуы сызықтарынан айналдыра горизонталь қиюшы жазықтық пен беттескенше бұрылады.

Деңгейлік тапсырмалар мен жұмыс.

1. Жаттығуға арналған тапсырма

Үстіңгі көріністі белгілей отырып , сатылы тілікті бас көріністің орнына орындау. Сол жақ көріністі тетіктің көрінбейтін контурының жетіспейтін сызықтар мен толықтырып сызу. ( масштаб 1:1), (162- сурет) пропорцияны сақтай отырып, өлшемдерді түсіру.

Нәрсенің сынық тілігін бас көріністің орнына орындау. (163- сурет). Өлшемдері түсіру.

Қорытынды:Оқушылардың білімін, сызбасын бағалау. Оқушылардың білімін, сызбасын бағалай отырып сабақты қорытындылаймыз.

Үйге тапсырма: Күрделі тіліктерді тақырыбын оқу . сатылы және сынық тіліктерге анықтама беру. Сабақта аяқталмаған сызбаларды үйде аяқтау. А 4 форматқа қайталап орындау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ