Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от daanaa в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі білім салаларындағы модельдерді зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру, модель түрлерімен, модельдеу кезеңдерімен таныстыру. Статистикалық және динамикалық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық:Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып ой – өрістерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен материалды қайталау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары

  • Модель дегеніміз не?

§ Модельдің өмірдегі нақты объектіден немесе процестен қандай айырмашылығы бар?

§ Модельдеу деген не?

§ Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

Жаңа сабақты түсіндіру

Модель түрлері

Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктейді:

1. Қолданылу аймағы

2. Модельде уақыт факторын ескеру

3. Білім саласына қарай топтау

4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау

Қолданылу аймағына қарай модельдеу келесі түрде жіктеледі.

1. Оқу

2: Тәжірибелік

3. Ғылыми – техникалық

4. Ойын

5. Имитациялық

Оқу моделі- көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.

Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.

Ғылыми - техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.

Ойын моделдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.

Имитациялық модель – шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалықжәне статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.

Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.

Динамикалық модельуақыт барысындағы объектінің қасиеттерінөзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.

Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл – үйдің статистикалық моделі. Сондай – ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторларына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады.

Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау

Модель

Материалдық Ақпараттық

3. Таңбалық Вербальдық

Компьютерлік Компьютерлік емес

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.

Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмеіндік береді.

Ақпараттық модель дегеніміз – объектіні, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

Таңбалық және вербальдық ақпараттық модельдер

Вербальдық модельдегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.

Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге болады:

Геометриялық модельграфикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Ауызша модельиллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модельобъект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

Құрылымдық модельдерсхема, графиктер мен кестелер т.б.

Логикалық модельой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс - әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдерноталар, химиялық формулалар.

Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер

Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.

Компьютерлік модель деп программалық орта іске асатын модельдерді айтады.

Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже және орындалатын іс - әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Ол шын мәнінде бар немесе жобаланатынын объект(процесс) болуы мүмкін.

Модельдеудің соңғы кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Күнделікті тұрмыста адам әр түрлі шешім қабылдайды. Демек, модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша ақпарат алуға болады.

Модельдеудің енгізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады. Модельдеудің жалпы кезеңдерін келесі төменнен көруге болады. Бірақ, модельдеу шығармашылық процесс болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, ал бірқатары толықтырылуы мүмкін.

ответил от daanaa
0 голосов

Сабақты бекіту сұрақтары

* Статистикалық модель мен динамикалық модельдің айырмашылықтары қандай?

* Материалдық модель дегеніміз не?

* Ақпараттық модель дегеніміз не?

* Вербальдық модель дегенімізне?

* Таңбалық модель дегеніміз не?

* Көрсету әдісіне қарай модель қандай топтарға жіктеледі?

* Компьютерлік модельдеу не үшін қажет?

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу

ответил от daanaa

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ