Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Zhannara в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Томанова Света Асылқызы

Алматы қаласы

Шона Смаханұлы атындағы 62

гимназияның информатика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Абзац.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік –WordPad мәтіндік редакторы туралы мәлімет бере отырып, мәтінді редакциялаужәне пішімдеу туралы білімін қалыптастыру.

Дамытушылық –оқушылар компьютерді, оқулықты пайдалана отырып, мәтіндік редактор жөнінде білімдері дамиды

Тәрбиелік – өз ойларын еркін жеткізе білуге, теориялық білімді практикамен ұштастыра білуге, дұрыс қолдануға тәрбиеленеді

Оқыту нәтижесі:

- Теориялық білімді практикамен ұштастыра білуге, дұрыс қолдануға тәрбиеленеді

- Оқушылар өз бетінше компьютерде жұмыс жасай алады

- Топтасып жұмыс істеуге, өз ойын жеткізе білуге, шапшаңдыққа үйренеді

- Өзін-өзі бағалауға үйренеді

Сабақтың көрнекілігі: Информатика 5сынып оқулығы, электрондық оқулық 5-сынып, үлестірмелі тапсырмалар, т.б.

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері:интерактивті әдістер -жеке, топтық жұмыстар, 1-7 модульдер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1-әрекет

А) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару;

Ә) Сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастыру; ( 1,2 -модульдер)

Жағымды ахуал қалыптастыруда «Шаттық шеңбері» әдісімен бүгінгі күннің сәтті өтуіне тілектер айтқызам.

Өте жақсы! Рахмет! Мен де сіздерге сабақта керемет көңіл-күй мен сәттілік тілеймін деп, келесі әрекетіме көшемін.

Б) Топқа бөлу;

Сыныпты тақырыпқа байланысты топтарға бөлу (1-модуль) 2-мин. (диалогтік әдіс)

Топқа бөлудегі диалог:

- Олай болса балалар, бүгінгі сабақта мәтіндік белгілер арқылы топқа бөлінгелі отырмыз. Алдарыңызға жасырын қиылған қағаздарда беріледі, ішінен біреуін таңдап ала қойыңыздар. Сол бойынша 3 топқа бөлінеміз. Әрқайсысымыз өз тобымызға келіп отырамыз, балалар.

Топ ережесін еске түсіріп, оны сабақ үдерісінде сақтауды ескерту.

Топ ережесі:

- сабақ үдерісінде тәртіп сақтау;

- уақытты тиімді пайдалану;

- оқу әрекеттеріне белсенді қатысу;

- өзге топтарды, топ мүшелерін тыңдау, сыйлау;

- тапсырманы орындап болған топ белгі беру;

- әр әрекет соңында балдарын жазып отыру.

Және топта топ мүшелері мен олардың рөлдерін өздері сайлайды.

Топ мүшелері:

1. Көшбасшы

2. Хатшы

3. Тайм кипер

4. Баяндамашы

2-әрекет Үй тапсырмасын тексеру. Есте сақтау. (жеке жұмыс) 5 мин.

1-сұрақ. WordPadқандай редактор?

2-сұрақ.Әріпті пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар?

3-сұрақ.Әріптің мөлшерін қалай өзгертеміз?

Әрекет соңында топбасшысы бағалау парағына оқущылардың жинаған баллдарын жазып отырады.

3-әрекет. Жаңа сабақты меңгерту10 мин.


ответил от Zhannara
0 голосов

Ой қозғау (түрткі тастау) Миға шабуыл.2 мин.

Слайдта пернетақта мен мәтін теріліп пішімделген мәтіндік редактордың терезесі ашылып тұрады.

-Балалар, келесі слайдтан ненің суретін көріп отырсыздар? Пернетақта қандай құрылғыға жатады?

-Біз не үшін мәтіндік редакторда жұмыс істеуді білуіміз қажет?

-Дәлелдеріңіз?

- Ия, балалар, олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мәтінді редакциялау және пішімдеу». Осы тақырыпжөнінде бүгінгі сабақта толығырақ мәлімет алатын боламыз. Күн реті мен сабақтың тақырыбын дәптерге жазып қойыңыздар.

Жаңа сабақты түсіндіріп өтем.

4-әрекет. Жасырынған жауаптар.(3мин)

1.Құжат құру - Жаңа құжат құрады
2. Ашу- бар құжатты немесе үлгіні ашады
3. Құжатты сақтау- құжатты немесе үлгіні сақтау
4. Баспа - үнсіз келісімді пайдаланып басып шығару
5.Қаріп өлшемі- берілген мәтін қарпін өзгертеді

5-әрекет.«Топтық жұмыс». Кластер.(7 мин)

Үш топқа экраннан сурет көрсетіліп, берілген сурет бойынша эссе жазып постерге түсіреді. 7 мин.

Тапсырма: Эссе мағыналы, түсінікті, көзтартарлық және мәтіндері сауатты жазылып жасалуы тиіс. Постерді қорғау.

6-әрекет. Компьютермен жұмыс(жеке жұмыс). (10 мин)

Оқушылар компьютерге отырып, жазған эсселерін компьютерде мәтіндік редакторде теріп жазады. Бұл жерде оқушының есте сақтауы, сауаттылығы, жаңа сабақты меңгеруі бағаланады.

7-әрекет. «Жіңішке сұрақтар» (жеке жұмыс).5 мин

(Жіңішке сұрақтар –еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы «иә» немесе «жоқ» немесе цифрмен алынатын сұрақтар.)

1. Мәтіннің әлпетін жартылай қалың түрге ауыстыру үшінКбатырмасын басамыз.

2. Ctrl пернесі бас әріп режимін қосады.

3. Мәтіннің курсив түрінде теріп жазу үшін Жбатырмасын қолданамыз.

4. Мәтінге дайын сурет кірістіру үшін изображения – вставитькомандасын орындау қажет.

5.WordPad графикалық редактор

6. Жаңа құжат ашу үшін құжат белгішесін басып создатьбатырмасын басамыз

7.Мәтіннің түсін өзгертуге болады.

8. Мәтінге абзац қою мүмкіндігі жоқ.

9-әрекет. Бекіту. (3 мин)

Оқушылар электрондық оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.

10-әрекет. Бағалау.

Бағалау парағы,топбасшысы жазып отырған бағалау парағы бойынша баллдары есептелініп, бағасы қойылады. Бағалау критерийі: әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Бағалау шкаласы:

«5» - 6 балл

«4» - 4-5 балл

«3»- 1-3 балл

«2» - 0 балл

Бағалау парақшасы

Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Сабақ соңында бағалау парағының қорытындысы бойынша көшбасшы топ және топ ішіндегі көшбасшы анықталады. Ең көп балл жинаған топ «үздік топ», ал ең көп балл жинаған оқушы «сыныптың көшбасшысы» атанады.

11 –әрекет. Үй тапсырмасы 1 мин.

174 беттегі 23 тақырыпты оқу

12-әрекет. Рефлексия. «Бағдаршам » әдісі (2-модуль).

« Бағдаршам » әдісіарқылы сабаққа кері байланыс жасалады.

-Ал, балалар, сабақтан қандай әсер алдыңдар? Сабақ ұнады ма? Өз ойларыңды төменде көрсетілген бағдаршам арқылы жасаңыздар. Қызыл түс - сабақты түсінбедім, сабақ қызықсыз болды; сары түс - сабақты аздап түсіндім, дегенмен сабақ мені қызықтыра қоймады; жасыл түс - сабақты жақсы түсіндім, сабақ менің көңілімнен шықты. Қызыл және сары түс таңдаған оқушылар келесі сабақта дағдылана түсіп, белсенділік танытасыздар деп сенемін, еш мұңаймаңыздар, ал жасыл түс таңдаған оқушылар әр сабақта осы қалыптан таймаңдар, талаптарыңа нұр жаусын дегім келеді. Барлықтарыңызға сабақта және өмірде әрқашан бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрсын деп тілеймін, балалар. Сау болыңыздар.

ответил от Zhannara

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ