Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қазалы қаласы Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 мектеп жанынан құрылған«Еркетай»шағын орталығы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы:ОТАН

Тәрбиеші: Джансерикова Гульжахан Альмабековна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Күні: 7 ақпан 2014 жыл

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Отан

Мақсаты: Туған елі Отан Қазақстан республикасының рәміздері. Туған еліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу. Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған тарихын білуге және ел рәміздерін қастерлеуге үйрету. Қазақ жерінің байлығын мақтан ете отырып, халық игілігін дұрыс пайдалана білуге баулу. Жаңа заман талабына сай жан-жақты, білімді де жігерлі тұлға болуға, Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздері, елтаңба, ту

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері:

Сәлем, сәлем, Алтын күн!

Сәлем, сәлем, Жер-ана!

Сәлем, сәлем, Көк аспан

Сәлем, сәлем достарым!

Міне менің қолым бос

Жылуыма жылу қос

-Балалар, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік: Еліміз тыныш болсын! Анамыз бен әкеміз аман болсын! Біз аман болайық!

Тәрбиешімен бірге балалар жылулық шеңберін жасайды, айтқанын қайталайды.

Іздену ұйымдастырушы

Балалар біз бүгін өз Отанымыз туралы өткелі тұрмыз. Кәне айтыңдаршы біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Әрине Қазақстан.

Біз Қазақстанда тұрамыз. Ұлтымыз қазақ.

Біздің елбасымыз кім?

Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев.

Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.

Біздің елбасымыз Астана қаласында тұрады, онда Ақорда, Бәйтерек, Парламент бар.

Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, туы, рәміздері болады. Кәне балалар өз әнұранымызды айтайықшы.

Енді балалар, өздерің білетін Отан туралы тақпақтарыңды айтыңдаршы.

-Жарайсыңдар балалар.

Балалар біз енді дидактикалық ойын ойнап жіберейік.

Дидактикалық ойын: «Күннің шуағын жинау»

1.Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

2.Біздің ел басымыз кім?

3.Біздің тұратын жеріміз қалай аталады?

4.Біздің балабақшамыз қалай аталады?

5.Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?

Қазақстан

Балалар түрегеліп, жүректерінің тұсына қолдарын қойып, әнұранын орындайды.

Балалар тақпақтарын айтып береді

Балалар ойынға жиналады.

-Қазақстан Республикасы

-Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев

-Қазалы ауданы

-«Еркетай» балабақшасы

-Қазақ тілі

Рефлексивті коррекциялаушы

Хор «Отан» әні

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз Отан туралы өттік. Сонымен балалар Отанымыз біздің отбасымыз, еліміз, балабақшамыз.

Мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Отанын, Елбасы туралы, рәміздерін, елтаңбасын.

Игереді: өз Отанын, жерін сүйіп, құрметтеуді.

Меңгереді:мақал-мәтелдер ой-өрісі кеңейеді.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ