Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Амангелді атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Орынбасар Балжан Жақсымбетқызы

Мерзімі:5.12.2016ж

Сынып:11

Сабақтың тақырыбы

Шешенге қойылатын талаптар

Мақсаты:

Шешенге қойылатын талаптарды білу, шешен сөйлеудің әдістерін меңгеру,шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселу, тіл тазалығын сақтауға дағдылану.

Міндеттері:

1. Тақырып бойынша білімді меңгереді.

2. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамиды,щығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады.

3. Топ ішінде өзгелердің пікірін тыңдап, ортақ шешімге келудің жолдарын үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Шешенге қойылатын талаптарды меңгеріп, іскерлік қабілеті дамиды, тауып сөйлеуге, тіл тазалығын сақтауға дағдыланады.

7 модульдің қолданылуы

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни ойлауға үйрету.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Оқытудың әдісі

« Конверт –сұрақ»,«Стикерлер тобы» әдістері.Постермен жұмыс

Негізгі дерек көздер мен құрал-жабдықтар

Оқулық, маркер, стикер, түрлі-түсті қағаздар.

Бағалау түрі

Формативті бағалау. «Пайыз» әдісі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

(қызығушылығын ояту)

Сабақтың басталуын ұйымдастыру. «Тілек» тренингін жүргізу. Оқушылар бір-біріне тілектер айтады.Оқушыларды «Шешен» және «Талап» деген сөздер арқылы топқа бөлу, сабаққа дайындау.

А) Өтілген материалды қайталау, пысықтау.

Б) Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын ұйымдастыру.

В) Оқулықтағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындау.

Г) Сабақты қорытындылау,

Д) Үйге тапсырма беру, түсіндіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

« Конверт –сұрақ» әдісі бойынша жұмыс.Оқушыларға бірнеше сұрақтары бар конверт беріледі.Топта сұрақтарға жауап айтылады да үйге берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.(Диалогтық оқыту)

«Шешен» тобы

1.Шешен дегеніміз кім?

2.Шешендік сөздің сазы

3.Шешендік сөздің көріктеуіш құралдарын атап бере аласың ба?

4..Қазақтың шешендерін білесің бе?

«Талап» тобы

1.А.Байтұрсынов шешендік сөздерді неше топқа бөлді?

2.Жеке адам толғанысы қалай аталады?

3.Қазіргі шешендікті нешеге бөліп қарастырамыз? Атап бер.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ. (мағынаны тану)

Б) 1-тапсырмаОқушыларға қанатты сөз жазылған парақшалар беремін,түйінін ашуды тапсырамын

«Шешеннің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес. Адамзат баласының даналық мәйектерін толық меңгерген әрі сөздің таңғажайып қуатын өткір сезінген шешен даңқ тұғырына көтеріледі, көптің құрметіне бөленеді және мемлекетке бақыт әпереді, жақсылыққа кенелтеді»

. Марк Туллий Цицерон

(Сыни ойлауға үйрету)

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

Оқулықтағы ресурстарды пайдалана отырып, алған мәліметтерін біріктіреді «Стикерлер тобы» тәсілі арқылы жұмыс жасайды. А-Ә-В-Б-А

(топпен орындайды,талқылайды,түсіндіреді,таратады,қорғайды)

Топтық жұмыстың орындалуына критерий:

1.Тақырыптың мазмұнын ашу

2.Топпен ынтымақтаса жұмыс жүргізу

3.Егер де... Сыни көзқарасты білдіру

4.Бес сөзден тұратын ойтүйін жасау

Дискриптор:

Жаңа сабақтың мазмұнын ашты,түсіндірді.

2.Топта ынтымақтаса жұмыс жүргізді.

3.Өзіндік көзқарасын білдірді.

4Ойтүін жасады.

В) Оқулықтағы жаттығулармен жұмыс

«Талап» тобы-90-жаттығу жұмысын таныстырады,шарты бойынша орындайды. Тақырыпқа байланысты 3 сөйлем құрау және синтаксистік талдау жасау.

«Шешен» тобы 94-жаттығу Шартын таныстырады,орындайды. Бақсы,қасқыр,жеп сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

Екі топ кезекпен жаттығуларды талдайды.

Сергіту сәті (мақал-мәтелмен жауап беруі қажет)
Әзіл сұрақтар:
1. Қар жана ма?
2. Түкіріктен көл құрала ма?
3. Тауық түс көре ме?
4. Адамда арқау бола ма?
5. Қайтсең қарның тояды?
6. Қандай бас аяққа тыным бермейді?
7. Бес ешкісі бар кісінің өзге қызметі бола ма?

Мәтін – сұрақ:

«Шешен» тобы

Бірде Әз Жәнібек хан билерінен: “Жігітке жақсы болу үшін не керек?” – деп сұрайды. Сонда олар не деп жауап берген екен? Қалай ойлайсыңдар? (Оқушылар жауабын тыңдау)

Жігітке бірінші білім, екінші ғылым, үшінші ұғым, сосын отты жүрек, батыл тіл керек, - деген екен.

«Талап» тобы

Абай Құнанбаев: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек деген екен. Ол қандай нәрселер?

Әуелі – надандық,

Екіншісі – еріншектік

Үшіншісі - зұлымдық

Сабақты қорытындылау.

 Топтастыру

Оқушылардың білімін бағалау

«Пайыз» тәсілі Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдерін пайыздық көрсеткішпен көрсетеді.


ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ