Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ағашқа күйдіріп өрнек салу сабақ жоспары
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Сабақтың тақырыбы:Ағашқа күйдіріп өрнек салу

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: оқушыларға ағашты күйдіріп өрнектеуді үйрете отырып, фанер бетіне сурет салу әдісін меңгерту;

ә)дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, эстетикалық талғамын, іскерліктерін дамыту;

б)тәрбиелік: әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, көзбен шолып байқау әдісі, сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, геометрия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Жұмыс орнын дайындау

3. Қауіпсіздік ережесін қайталау

- Мұғалімнің рұқсатынсыз жұмысты бастауға болмайды.

-Құралдардың сабы жарылмаған, жүзі өткір болу керек.

-Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды іске қосуға, қозғауға болмайды.

-Сарамандық жұмыс кезінде құралдарды лақтыруға немесе сілтеуге болмайды.

-Жарақаттанған жағдайда дереу мұғалімге хабар беру керек.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

Ағашқа күйдіріп өрнек салу электр бізбен жасалады. Негізгі жұмысты тұтқа ұшындағы металл электрод атқарады. Біздің бөлшектеріне 127 В-тан 200 В-қа дейін төмендетілетін трансформатор кіреді. Тұтыну қуаты 20 В шамасында. Жұмыс үстінде келесі ережелерді сақтау керек; Жұмысты тоқтатқан кезде міндетті түрде трансформаторды ток желісінен ажыратып, оны суығанша жерге қоймау керек.

Күйдіріп өрнек салуға терек тақтайды немесе ағаштың жұмсақ түрлері пайдаланылады. Күйдіріп өңдеген кезде пайдалану үшін арнаулы суреттері бар альбомдары, сызба үлгілері бар суреттер қолданылады. Суретті ағаш бетіне дұрыс көшіру өте маңызды. Күйдіру әдісінде алғашқы суреттерді нүкте-нүкте етіп күйдіріп байқау керек. Нүктелерді үлкенді-кішілі, терең саяз етіп күйдіріп ағаштан ақ жерлерін қарайған суреттерге айналдырып, бейнелейтін заттың көлемін анықтауға қол үйретіледі. Күйдіріп сурет салатын ағаштың бір шетін көтеріңкіреп, көз алдынан 20-25 см қашықтықта ұстаған жөн.

Сурет салатын бұйымның бетіне жарық мейлінше мол түсуі керек. Ағашқа күйдіріп сурет салғанда көз тез қарығады, 10-15 минут сайын демалып тұру керек. Күйдіріп өнделген ағашты бояуға немесе лактауға болады. Бояу тым қою болмауы керек. Боялмастан бұрын ағаштың бетін сүртіп тазартып алады.

IV. Сарамандық жұмыс

V. Бекіту сұрақтары:

1. Ағашты күйдіріп өрнектейтін аспап?

2. Тұтыну қуаты қанша Вольт?

3. Жұмыс кезінде қандай ережені пайдалану керек?

4. Суреттерді ағаш бетіне қалай саламыз?

5. Жұмыс кезінде қанша уақыттан кейін демалу керек?

6. Жұмысты қалай бояуға болады?

VI. Оқушы әрекетін сабақ барысында бағалау

VII. Үй тапсырмасын беру
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ