Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Табиғатты аялайық сабақ жоспары
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау қаласы

Облыстық тіл мүкістігі бар балалардың

№3 мектеп-интернатының

1-санатты тәрбиешісі

Ахмолдаева Алмагүл Нағимқызы

«Ең үздік тәрбиеші» конкурсы

Тақырыбы: Табиғатты аялайық !

Мақсаты: Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты қастерлеп, қамқор бола білуге , табиғат байлығын ,сұлулығын сезіне білуге үйрету.

Коррекциялық мақсаты : Сөздік қорын дамыту, сөйлеу тілін жетілдіру. Шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Өз ойын жеткізе білуге, ортаға сала білу дағдыларын жетілдіру. Бекіту

Әдіс- тәсілі: Түсінік беру, сұрақ- жауап, дидактикалық ойын, жағдаяттық сұрақтар.

Көрнекілігі :Табиғатқа байланысты слайд, бейне ролик, сөзжұмбақ .

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Табиғатты қорғап, оны аялау керектігін;

Түсінеді: Жер бетінде қай адам баласы болсын мейлі жан-жануар болсын, өсімдік болсын қай затқада ауасыз, күнсіз, сусыз, тіршілік жоқ екенін :

Қолдана алады: Ойындарға қызығушылықпен қатысады.

Жүру барысы:

1. Ұйымдастыру .

Психологиялық тренинг «Шалғын мен орман»

Қолдарыңды еркін тізелеріңе қойып, көздеріңді жұмып, жайлы отырыңдар. Менің айтқанымды ғана тыңдап отырыңдар. Менің дауысыма зейіндеріңді тұрақтандырыңдар. Үш рет терең дем алып, баяу дем шығарыңдар. (баяу әуен ойналып тұрады)

Ал енді көзіңді жаймен жұмып, өзіңді күн сәулесінен жарқыраған шалғында елестет. Күнге қара. Екі көзіңді аша алмай, бір көзіңді қысып қана қарай аласың. Айналаңдағы дыбыстар сені аялайды. Мына иіс қандай керемет! Бұл гүлдердің иісі ғой. Олар көздің жауын алады. Әдемі гүлдер, самал жел. Қандай жұпар иіс пен таза ауа. Сен осы шалғын арасындағы жолмен келе жатырсың. Алдыңда сылдырап аққан судың дыбысын естідің. Дереу суға түскің келіп кетті. Бірақ су мұздай екен. Таза ауа жаныңды рахаттандырып барады. Құстардың дауысы жанымызға тыныштық береді. Жеңіл және еркін демал. Көңіл күйлерің сергек және қуанышты. «Үш» дегенде көздеріңізді ашыңдар. Көздеріңе елестеткен табиғатты суреттеп көріңдер және алған әсерлерің жайлы айтыңдар.

1.Қызығушылықты ояту. Сөзжұмбақ «Табиғат»

1. Оқушы құралы

2. Қыс суретшісі

3. Су жәндігі

4. Жеті қазынаның бірі

5. Бізді қоршаған орта

6. Қыс хабаршысы

7. Тазалық құралы

2. Ой қозғау (сұрақ-жауап)

-Музыка әуені арқылы табиғат құбылыс, дыбыстарын естірту.

— Балалар, табиғат дегенде қандай ой оралады сендерге?

- Табиғатқа қамқорлық дегенде нені түсінесіңдер?

-Табиғатты не себепті қорғау керек?

-Сендер не істейсіңдер табиғатқа?

- Табиғатты қалай қорғайсыңдар?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Өлі табиғатқа нелер жатады?

- Тірі табиғатқа нелер жатады?

Оқушылар жауабы :

-Табиғат екіге бөлінеді. Өлі табиғат және тірі табиғат

-Өлі табиғатқа ауа, су, күн, жер,тау, тастар жатады.

-Тірі табиғатқа -адамдар, жануарлар, өсімдіктер жатады.

Балалар қоректенбейтін , тыныс алмайтын, ештеңені сезбейтін, өспейтін нәрселерді біздер өлі табиғатқа жатқызамыз.

3.Топтастыру

Жануар

Табиғат -

Күн өсімдік

Жер

Кіріспе :

Жалпы, халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі мәселелердің бірі. Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының іс-әркеттерінен болған қалдықтардан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.

Бейне ролик «Табиғатты аялайық»

4. Жағдаяттарды талдау.

1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды…

Сұрақ:

1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?

2. Арман қандай бала?

3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?

2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…

Сұрақ:

1. Серіктің әрекеті қандай болды деп ойлайсыңдар?

2. Серіктің бойынан қандай қасиеттер көруге болады

3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті: Тренинг «Ауа, су , күн»

Ауа – 2 қолды сыртқа қарай желпу.

Су – 2 қолды төмен желпу.

Күн – 2 қолды жоғары желпу.

5. Ажырата білеміз бе?

- Адамның табиғатқа пайдасы ;-

-Табиғаттың адамға пайдасы;-

6. Аяқталмаған сөйлем

1. Жайнаған гүлдерді көргенде…

2. Сынған бұтақты көргенде…

3. Толқыны тербеліп тұрған теңізді көргенде…

4. Жарқыраған күнді көргенде…

7. Кері байланыс.

Негізгі сөздер: Керексіз сөздер:

Тау қалам

Мысалы:Домбыра, тау, қалам, ауа, дәптер, балық, парта, күн, шелек, өсімдік т.б

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;

2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз.

3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.

4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

5. Экологиялық үгіт — насихат жүргіземіз.

Қорытынды :«Табиғатты қорғау басты борышымыз» деп ҚР Ата Заңында бекітілді. Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.

Оқушылар шығармашылығы: «Табиғат және мен» тақырыбы бойынша сурет салу.

Ахмолдаева Алмагүл Нағимқызы

Облыстық арнаулы тіл мүкістігі бар балалардың №3 мектеп-интернатының тәрбиешісі . Атырау қаласы

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ