Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ел қорғаған батырлар сабақ жоспары
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№5 жалпы орта білім беретін мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Ескалиева Гулзира Қонысқызы

Тақырыбы: «Ел қорғаған батырлар» 2-сынып

Мақсаты:

Балаларды қазақ батырларымен таныстыра отырып, түсінік беру.

Мақал-мәтелдер, өлең арқылы балаларды қазақ батырларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

Балалардың бойын Отан сүйгіштік сезімге баулып, ел, ұлт намысын қорғаған батырларды сыйлап, құрметтеуге үйрету.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, сыни тұрғыдан ойлау, интерактивті тақта.

Сабақтың көрнекілігі: Батырлар суреттері: Бауыржан Момышұлы, Әлия, Мәншүк; саймандар. слайдтар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұру

І. Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

Батырлар жырынан үзінді оқимын.

Бауыржан, Мәлік, Талғаттар,

Сүйікті болып қалды аттар.

Олар аттас қаншама

Сәби бар, шәкірт, солдат бар.

Аттары әнге ұласқан,

Нұркен боп ашық тұр аспан.

Табылар Мәншүк, Әлия,

Қарасаң әрбір сыныптан.

Атының сай боп мәніне,

Өсуді ойлар бәрі де.

Батыр аттас балалар

Туыла берер әлі де.

Балалар, бұл өлең кімдер туралы айтылып жатыр?

Сендер батыр деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Ия, балалар, қазақ батырлардың мақсат-мұраты – халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау.

Батырлар елін, жерін, халқын сүйген, халыққа қамқоршы болған. Балалар, сендер қандай батырларды білесіңдер?

Ия, балалар, сонымен қатар халықтың тәуелсіздігі үшін, ата-ананың амандығы үшін күрескен бірнеше мың батырлар бар. Балалар мен сендерге атап кеткім келеді. Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова бейне таспадан көрсету.

Балаларға сұрақ қою.Бұл ескерткіш кімдердің ескерткіштері? Бұл қай көшеде орналасқан? (Балалардың жауабы).

Балалар, осы батырлар туралы білгілерің келе ме?

Біржан: Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.

Ер басына күн туса,

Етігімен су кешер,!

Эльнура: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.

Арсен: Аңыздардан тере жүріп мақсаты

Рас, рас көзімізден жасақты,

Бірақ сол дауыл жылдар, от жылдар

Бәрімізден бір - бір батыр жасапты.

Мадина: Отанымызды қасық қанымен, албырт жанымен қорғаған аты аңызға айналған батырларымыздың ерліктері тарихта мәңгілік сақталып қалды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов,Нұркен Әбдіров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров.

Фото - слайд. Батырлардың суреттері.

Ақерке: Бауыржан Момышұлы 1910- жылы 24 желтоқсан Жамбыл облысы, Қолбастау ауылында момын шаруа отбасында дүниеге келген. Даңқты жауынгер, гвардия полковнигі, хатшы, аты аңызға айналған батыр. Президент жарлығымен қаһарман атанды.

Данагүл: Бауыржан Момышұлы - қара басы,

Халқымыздың болған адам садағасы.

Бауыржан Момышұлы – қазақ деген,

Ғаламат ұлы сөздің баламасы.

Азиза:Халқындай ол да бағлан, ол да батыр

Халқындай ол да кеніш, ол да тақыл.

Қайыспас қара емендей қайран ерді,

Халқына теңеу мәні сонда жатыр.

Ернұр: Әлия Молдағұлова 1924- жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келді. 2 жасында жетім қалып, Әубәкір ағасы тәрбиесінде болды. Содан кейін Санкт - Петербург қаласында балалар үйінде тәрбиеленді. 19-ға толмаған 1943- жылы Кеңес Одағы батыры атағын алды.

Гүлім: Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл Әлия!

Шоқ жұлдыздай жарқырап,

Ағып түскен Әлия!

Али:Мәңгі жасап жерде енді,

Биіксің сен Әлия!

Саған деген еліңнің,

Көңілі шексіз дария.

Төреғали Арсен: Мәншүк Маметова 1922-жылы 8-қазан Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауылында дүниеге келді. Әкесі Ахмет - дәрігер. Мәншүк дәрігер боламын деген. 1943- жылы 15- қазанда қаза тапты. 21 - жасында Кеңес Одағы батыры болды.

«Ақжайықтың ұландары» әні.

Аяжан:Панфиловтан бата алып,

Артыма ерді мың солдат

Тағдырын маған тапсырып,

Ел ұлдары мың солдат.

Дамелия:Белуардан қан кешіп,

Жүзден аса соғыста

Бал орнына у ішіп,

Қан майданда қан кешіп,

Ілияс:Намыс туын көтердік.

Қ имылдады мың батыр,

Мыңға татып бір батыр.

Атамекен жері үшін,

Қ асиетті ел үшін,

Болмай қалар кім батыр.

Кенесары:Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,

Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.

Жас қаның туған жерде босқа ақпасын,

Онсыз сен көре алмайсың жердің бетін

Жасмин:Ел аузында аңыз болған есімі

Атқан оқтай айтқан сөзі кесімді

Ерге лайық мінегі оның найзағай,

Ақ боз атпен қол басы боп көсілді.

Ерасыл:Қалт еткенде естеліктер қалдырып,

Қоршау бұзған қоршау бұзған жауды естен тандырып,

Ер Бауыржан ата есімі рух берген,

Жүректерде жігер отын жандырып.

Нұртілеу:Қызу қанды командир ол намысты,

Жауға қарсы жан аямай алысты.

Ұмытпаймыз қаһарманы халықтың

Батыр ата Бауыржандай арысты

Ән: Бейбіт ел тұрғыны

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде

Батырлар туралы мақал-мәтелдер кім біледі.

-Ептілік пен батылдықты қосса айлакерлік шығады..

— Әскерсіз қолбасшы-қауқарсыз,

Басшысыз әскер — әлсіз.

— Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.

— Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

-Тәртіп -тән үшін, ынтымақ жан үшін керек.

-Тіртіпке бас иген құл болмайды.

-Елсіз ер болмайды

Ерсіз ел болмайды.

-Тізе бүгіп тірі жүргеннен

Тіке тұрып өлген артық

-Көре алмаған көз сорлы,

Айтылмаған сөз сорлы.

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше , шындықтың уын ішіп өлген артық.

-Ердің туы -намыс.

-Сен жаудан қашсаң,өмір сенен қашады.

-Ерлік -елдің қасиеті, жүректілік -жігіттіктің қасиеті.

-Отан үшін тоқа түс – күймейсің.

-Опасызда Отан жоқ.

Қорытынды.

Бүгінгі тәрбие сабағымызда біз ел қорғаған батырлар туралы жан –жақты таныдық .Бауыржан Момышұлы өзі айтқандай «Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты » дегендей оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталад

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ