Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
жүзден жүйрік сайысы
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК»
Мақсаты: балаларды сайысқа қатыстыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
 Оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай әр түрлі білім мен спорт сайысына қатысуына дайындау.
Оқушыларды  белсенділікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: ойынға қажетті заттар, спорт залды түрлі түсті шарлармен безендіру, нақыл сөздер ілу
Түрі: сайыс түрінде өтеді
Әдісі: топ бойынша жұмыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Құрметті ата-аналар, балалар, сіздер 2- сыныптағы оқушылар арасында өтетін  «Тәуелсіздіктің 25- жылдығына арналған «Жүзден жүйрік» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер.Егеменді еліміздің болашағы білімді, белсенді ұрпақ. Бүгінгі шараға қатысып отырған бүлдіршіндеріміз өзара спорттық және білім бәсекесімен жарыспақ. Олай болса, бәріне сәттілік тілейміз.
Бүгінгі сайысты бағалайтын  қазылар алқасын сайлап алайық. Әр ойыннан кейін ұпай санын көрсетіп отырасыздар.
Ойын барысы:
1.    «Тездет-тездет, мақалды жазып қайт»
Эстафеталық жарыс секіртпемен секіріп мәреге жету. Мәредегі мақалды жалғастырып жазып қайту.
2.    «Допты түсіріп алма!»
Ойнаушылар екі топқа бөлініп тұрады. Мұғалім: «Жоғары!» - деген белгісіне балалар қолдарын жоғары көтереді де, бірінші тұрғандар допты басынан асырып, артта тұрғандарға береді, артта тұрған оқушы алдына жүгіріп келіп тұра қалады. Ол одан кейінгілерге береді. Ойын осылай жалғаса береді. Соңғы бала допты алған кезде, допты жоғары көтереді.

3.    « Аяғыңды  қарға салма!»
Қашықтығы 3-4 м сызық сызылады, бұл – терең қар. Мақсаты – қардың үстімен  картон қағаздың көмегімен  өтіп шығу. Оқушылардың әрқайсысы екі картон қағаздан алады. Мұғалімнің белгісі бойынша әрбір топтың балалары картон қағазға тұрады да, өзінің алдына екіншісін қойып, оған тұрады, біріншіні алады, оны тағы да алдына қояды. Бірінші бала қардан өтіп шығып, есептеулерді орындайды да, қайтадан картон қағазды алып, алдындағы өткенін қайталап  шығады. Кезекті  келесі бала бастайды.Қардан бұрын өтіп шыққан топқа 1 ұпай, тапсырманы дұрыстығына 1 ұпай қосылады. Қорытындысында барлық ұпайлар саналады.

4.    «Кім лентаны тез байлайды»

 Оқушылардың алдына ұзындығы бірнеше метр жіп тартылады. Жіптің үстіне түрлі ленталар қойылады. Мұғалімнің белгісімен топта бірінші болып тұрған бала кедергілердің арасымен өзінің лентасына қарай жүгіреді де лентаны жіпке байлайды да кері жүгіреді.
    
5.    «Дәл көзде»
Балалар кедергілердің арасымен жүгіріп барып, кеглидерге допты көздеп лақтырады. Кеглидер құласа ұпай болып қосылады.

6.    «Жалаушаны әкел»
Балалар мұғалімнің белгісімен кедергілердің арасымен жүгіріп, жарысып мәреге барады. Тақтада тұрған екі әріпті ашып, жапсырады. Кейін қарай жүгіріп, жолдағы жалаушаны алып қайтады.Ойын осылай жалғасады. Ең соңғы оқушы жолдағы әріптерді жинап, мәреге жеткен кезде әріптерден сөз құрайды. Құрап болған соң, кейін қарай жүгіріп, жолдағы жалаушаны алады. Бұл жарыста тездігі, дұрыстығына байланысты ұпайлар қосылады. (Егеменді, тәуелсіз)
Әр топ өздерінің құраған сөздерін хормен оқиды.

                     Қазақстан
Ән :Қазақстан
Қортынды сөз:

Пайдаланған әдебиеттар: 1. Т.И. Осокина, Е.А. Тимофеева, Л.С.
                                                Л.С.Фурмина «Игры и развлечения детей
    2. Алматы «Мектеп» Ойындар жинағы
    3. Абдығафур Кенжебаевтың «Әнші
       балапан» жинағы
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
0 ответов
спросил от zhann в категории Искусство и Культура