Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

         Сабақтың тақырыбы: Селекция

         Сабақтың мақсаты:

         Білімділік. Оқушыларға жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер селекциясының генетикалық негіздерін түсіндіру және селекцияда қолданылатын тәсілдермен таныстыру.

         Дамытушылық. Оқушылардың ойын жинақтап, сабаққа бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамытып, ойын элементтері мен сұрақтарды пайдалана отырып білімдерін шыңдау.

         Тәрбиелік. Тақырып бойынша берілген тәсілдердің тиімдісін ажырата білуге және өз ойын еркін жеткізуге дағдылау.

         Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс.

         Сабақтың түрі: аралас сабақ

         Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгелдеу оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау.

Селекцияның басты мақсаты мен міндеті — адам баласына қажетті мол өнім беретін, суыққа, ауруға төзімді өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және микроорганизмдердің штампыларын қысқа мерзімде шығару және жақсарту. Сорт немесе тұқым дегеніміз не? Жануарлардың асыл тұқымы немесе есімдіктердің сорттары деп тұқым қуалайтын морфологиялық, биологиялық және шаруашылық белгілері мен қасиеттері ұқсас, сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған бір түрге жататын даралар жиынтығы. Н.И.Вавиловтың айтуы бойынша: "Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі мен эволюциясын зерттемей тұрып, жануарлардың, өсімдіктердің қазіргі сорттарын, тұқымын жаңарту, жақсарту мүмкін емес". Сонымен қатар жануарлардың, өсімдіктердің жабайы арғы тегі формаларының, мәдени формаларына қарағанда бай екенін көрсетті. Сондықтан өсімдіктердің жаңа сорттарын, малдардың асыл тұқымын шығаруда олардың ата тегінің бағалы белгілері бар түрлерін будандастыруға пайдалану қажет екендігін анықтап берді.

         Селекцияның негізгі әдістері.

Сұрыптау дегеніміз - жануарлар қолтұқымын, өсімдіктер іріктемесін және ұсақ ағзалардың таза дақылдарының жаңа туындыларын шығарудың теориялық негіздері және әдістерін жетілдірумен шұғылданатын ғылым. Осы тұрғыдан алғанда сұрыптау XIX ғасырдың ортасынан бері өмір сүре бастады, өйткені сұрыптаудың теориялық негізі генетика және эволюциялық теория болып табылады.

Будандастыру — тұқым қуалаушылық (нәсілдік) қасиеттерінде өзгешелігі бар екі организмді шағылыстыру арқылы будан алу. Б. з. б. 2-мыңжылдықта белгілі болған, 18 ғасырдан бастап ғылыми жолға қойылды. 1760 ж. неміс ғалымы И.Г. Кельрейтер темекінің екі сортын қолдан Будандастыру арқылы олардың буданын алған. Будандастыру өсімдіктер мен жануарлар селекциясында жиі қолданылады.

Мутациялық өзгергіштік – дегеніміз организмнің генотипінің өзгеруіне байланысты болатын, яғни тұқым қуалайтын өзгергіштік. Дарвин тұқым қуалайтын өзгергіштікті табиғи және қолдан сұрыптаудың алғы шарты деп есептеді.

IV. Сұрақ-жауап кезеңі:

         1-тапсырма:

1. Әр түрлі тұқым қуалаушылығы бар ағзаларда шағылыстыру... (будандастыру)

2. Зең саңырауқұлақтары антибиотиктер, оның ішінде... алуға пайдаланылады. (пенциллин)

3. Қазақстанның академигі ... үй қолтұқымын сұрыптады. (Мұхамедғалиев)

4. Бальмонттың жетекшілігімен 1934-1946 жылдары қазақтың ... шығарылды. (биязы жүнді қойы).

2-тапсырма: Тақтада берілген суреттердің қай өсімдіктер мен жануарлардың буданы екенін талқылау.

Қашыр, мул - әңгі мен биенің буданы.

image

Бифало – Американдық бизон мен сиыр буданы

image

Қызыл балық пен тотықұс буданы

image

Нэши – алма мен алмұрт буданы

image

Углифрут – мандарин мен грейпфрт буданы

image

V. Бағалау, үй тапсырмасын беру. 

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ