Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Компьютер. Негізгі құрылғылары
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

7-сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Компьютер.Негізгі құрылғылары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Болжамдап отырған нәтиже: Білімді, сауатты, салауатты ұрпақ

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру

                                     ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

                                    ІІІ. Жаңа сабақ

                                    ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

                                  Ү. Сабақты қорытындылау

                                    ҮІ. Үйге тапсырма беру

                                  ҮІІ.Оқушыларды бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

- Сәлеметсіздер ме?

- Сабаққа деген көңіл-күйлерің қалай?

- Сыныпта кім кезекші?

- Сабаққа кімдер келген жоқ?

- Балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ:

Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау,сақтау,түрлендіру,жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін зерттейтін жаңа ғылыми пән.

Компьютерлік сауаттылық - деп компьютерді пайдалана отырып,оқу,жазу,есептеу,сурет салу және информация іздеу жолдарын меңгеруді айтады.

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды.Алғашқы кезеңдерде оған,аяқ-қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды.Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып,оны жеңілдету үшін арнайы құралдар - абак,есепшот, арифмометр арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады.Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40жылдарында,ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты,қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады.

Электроника табыстары нәтижесінде жасалнған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.

1946жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін,үлкен залдарда орналасқан,көлемді электрондық жабдықтар болатын.Бірақ 1948жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондқ аспаптармен – транзисторлармен алмастырылып,компьютердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанымен,көлемі жүз есеге дейін төмендеді.

70 жылдардың соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини ЭЕМ-дер шыға бастады (транзисторлар мен олардың арасындағы қажетті байланыстар бір пластинада орналасқан).

Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ-дер күннен күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұиыс істеуде өте ыңғайлы құрал болып шықты.

70 жылдар басында «тұрмыстық» (үйдегі) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды.

Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981жылы ІВМ фирмасы жасаған,кейіннен «дербес компьютер» деп аталған шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталынып қалды.

Компьютердің негізгі құрылғылары:

  • жүйелік блок (тік немесе жатық қорапта орналасқан):
  • мәтіндік және графикалық информацияны кескіндеуге арналған - монитор;
  • әр түрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақта:
  • графикалық курсормен басқарылатын құрылғы - тышқан.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Ү. Сабақты қорытындылау:

ҮІ. Үйге тапсырма беру:

ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау:Сабаққа белсене қатысқан, үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалаймын.Ал, сабаққа белсенділік танытпаған оқушыларға ескерту жасаймын.

Бүгінгі сабақты Юсуф Баласағуни сөзімен аяқтағым келеді:

«Түйсік болып, қансаң білім нәріне –

Жетер қолың  ой-тілектің бәріне.»

Сау болыңыздар!

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ