Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Компьютер ұғымын сараптау сабақ жоспары
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

2-сабақ

Күні:                                                                                    

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Компьютер ұғымын сараптау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды компьютер ұғымымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Болжамдап отырған нәтиже: Білімді, сауатты, салауатты ұрпақ

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру

                                     ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

                                    ІІІ. Жаңа сабақ

                                    ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

                                  Ү. Сабақты қорытындылау

                                    ҮІ. Үйге тапсырма беру

                                    ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

- Сәлеметсіздер ме?

- Сабаққа деген көңіл-күйлерің қалай?

- Сыныпта кім кезекші?

- Сабаққа кімдер келген жоқ?

- Балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

ІІІ. Жаңа сабақ:

Информация өз-өзінен пайда болмайды. Ол іздеудің,жинақтауың,сақтаудың,шығарып беруің және өңдеуің, басқаша айтқанда,информационық процестердің нәтижесінде пайда болады. Информациондық процестерді үйрететін ғылым информатика болып табылады.Информационық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал-компьютер. Информациялары автоматты түрде өңдейтін аппараттық және программалық жабдықтардың жиынын компьютер деп атайды.       Информатика үшін компьютер жұмыс істейтін құрал емес,сонымен қоса үйрену обьектісі. Сіздер компьютер қалай құрастырылғанын, оның көмегімен қандай жұмыс атқаруға болатынын, ол үшін қандай бағдарламалық құралдар бар екенін білесіздер. Ертеден адамдар өзінің жұмысын жеңілетуге тырысқан.Осы мақсатпен адамның физикалық мүмкіндіктерін арттыратын түрлі машиналар және механизмдер құрастырылған.Компьютер ХХ ғасырдың ортасына адамның ойлау қабілетін, яғни ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндігін арттыру үшін ойлап табылған.Мысалы: ХV ғасырда ұлы италяндық ғалым және суретші Леонардо да Винчи құстар денесінің құрылымын зерттеп,бұл білімін ұшатын аппараттары құрастыру үшін қолданды.

         Ал,табиғатта компьютердің түпнұсқасы бар ма? Иә! Ондай түпнұсқа-адам.Оны ойлап тапқан адамдар компьютерге адамның физикалық емес, интелектуалық мүмкіндіктерін беруге талпынған.

         Компьютер-адамның ақпаратпен жұмыс істеуіне арналған әмбебап техникалық құрал.

Адамның ақпараттық қызметі төрт түрден құрастырылады:

  • Ақпаратты қабылдау(енгізу):
  • Ақпаратты сақтау(жадыға сақтау):
  • Ойлау үдрісі(ақпаратты түрлендіру):
  • Ақпаратты жіберу(шығару).

Компьютер құрамына ұқсас қызметтер жасайтын құрылғылар кіреді:

  • Енгізу құрылғылары:
  • Сақтау құрылғылары-жад:
  • Түрлендіру құрылғылары-процессор:
  • Шығару құрылғылары.

Бірақта компьютердің «миын» адамның миымен теңестіруге болмайды.Маңызды ерекшелігі,компьютер жұмысы онда қойылған бағдарламаға тәуелді,ал адам өз қызметін өзі басқара алады.Компьютер жадында деректер және бағдарламалар сақталады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Информациондық процестерді үйрететін ғылым информатика болып табылады.Информационық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал-компьютер. Информациялары автоматты түрде өңдейтін аппараттық және программалық жабдықтардың жиынын компьютер деп атайды.       Информатика үшін компьютер жұмыс істейтін құрал емес,сонымен қоса үйрену обьектісі.

Ү. Сабақты қорытындылау:

ҮІ. Үйге тапсырма беру:

ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау:Сабаққа белсене қатысқан, үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалаймын. Ал, сабаққа белсенділік танытпаған оқушыларға ескерту жасаймын.

 Бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Сау болыңыздар!.

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ