Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Әдемі көйлек сабақ жоспары
спросил от Уляева в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

                                                                                   тәрбиешісі  Інкәрбекова А

   Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Шығармашылық                                                                 

Бөлімдері:Сурет салу

Тақырыбы:Әдемі көйлек.

Мақсаты:Көйлек  үлгісін әшекейлеуге үйрету. Саусаұпен  немесе  мөртаңбалармен, қылқаламмен сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: қыздардың көйлектеріндегі  өрнектерді қарау, бақылау, мазайка құрастырып ойнау.

 Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, жұмыстандыру, ойын ойнату, қорытындылау

Қажетті көрнекті құралдар:көйлектің сұлбасы.                                                                               

Қостілдік компонент: көйлек –платья.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің кезеңдері

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Балаларға  тәрбиеші қуыршақ айсананың жылап отырғанын ацйтады,  қуыршақтан кім ренжіткенін сұрайды. Айсана:

-Маған е шкім де тиіскен жоқ, ешкім де ренжіткен жоқ.... Бірақ күшік досым қонаққа шақырған,  қонаққа  киетін әдемі көлегім жоқ деп жылап отырмын.

Тәрбиеші  балаларды Айсанаға  көмек беруге шақырады топтағы қыздардың көйлегі қандай екенін сұрап, түстері, өрнектері, ұзын-қысқалылығы, әдеміліктері жайлы әңгімелеседі.

 Балалар таңданып, қуыршақ Айсананың неге жылап отырғанын сұрайды. 

Балалар Айсанадан  қамықпауын  сұрап, оған арнап әдемі көйлектің  суретін салып беретіндіктерін айтады.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

 Тәрбиеші балаларға әдемі көйлекті дөңгелектермен әшекейлеу үшін  сұқ саусақтарын пайдалануға болатындығын түсіндіреді. Оны салу жолдарын  тәрбиеші көрсетіп баларға бағыт береді. Сүрткішті дұрыс пайдалануды, пайдалануды, бір біріне бөгет жасамай, дұрыс отыруды естеріне түсіреді.

  Серігіту сәті:

Орнымыздан тұрайық.

Мойнымызды бұрайық,

Қолымызды көтеріп

Саусақты ашып жұмайық.

Тыныс алу жаттығуларын жалғастырады.

Д/о:Кір жуатын машина.

Мақсаты: Балалардың  түстерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Дайын көйлек үлгісіне  балалар гуашты қолданып,  сұқ саусақпен шеңбер жасайды.

Балалар  сергіту сәтін орындарынан тұрып, бойсерігіту сәтін қимылмен  көрсетіп жасайды.

Аузы мен мұрнын қолмен жауып, ашады.  Тыныс алу жаттығуларын  екі-үш рет қайталайды.

Іс-әрекетінің бағалау кезеңі

Айсана балалардың әдемі көйлектің суретін салғандарына қуанып,  өздерінен қандай өрнекті пайдаланғандарын сұрайды. Күшік досына қалаған көйлекті киіп бартындығына  қуанып, рахмет айтып  қайтады.

Қуыршақ Айсанаға рахмет айтып, өздері жұмыс жасаған орындарын жинайды.

Күтілетін нәтиже:

Білім:көйлектер түрлі болатындығын.

Білік: маңайындағы  басқа адамдарға көмектесу қажеттігін.

Дағды: саусақтардың көмегімен әдемі көйлекті әшекейлей білуді.

ответил от Уляева

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ