Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Күні: -------------

Пәні: Физика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Температура. Температураны өлшеу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Температура тақырыбы бойынша алған білімін тереңдете түсу.

Дамытушылық: Оқушының топтық жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілетін дамыту,іскерлік дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмаларды орындай білуге үйрету ,өзін және басқа оқушыларды бағалай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,баяндау.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ

4. Есеп. тест тапсырма

5.Үйге тапсырма беру.

6. Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасын сұрау:

1.Қандай қозғалысты жылулық қозғалыс деп атайды?

2.Броундық қозғалысты кім анықтады?

3.Диффузия дегеніміз не?

Жаңа білімді игерту.

Негізгі физикалық шама- температура жылу құбылыстарымен тығыз байланысты.

А-а : Біз салқын,жылы немесе ыстық денелерді анықтай аламыз, өйткені дене әр түрлі дәрежеде қызу қасиетіне ие бола алады. Бұл қасиетті температура деп атайды.

Дененің температурасын термометрмен өлшейді.

Барлық термометрлерде негізгі екі нүктені- мұздың еру ( 00 с) және судың қайнау (100 0 С) температураларын белгілеу қажет.

Абсолюттік термодинамикалық шкаладағы температура бірлігі кельвин деп аталады,қысқаша К болып белгіленеді.

Т=(t+273)К немесе t= (Т-273) 0 С

Описание: изображение 002

А-а: Энергия деп дененің жұмыс істеу қабілетін айтады. Ол жұмыс сияқты джоульмен өлшенеді.

Энергияның екі түрі бар- потенциалдық және кинетикалық.

Есеп шығару:

  1. 43 0 С температура Кельвиннің шкаласы бойынша қандай температураға сәйкес келеді?

Ж: Кельвин шкаласы мен Цельсий шкаласы арасындағы байланыс: Т=273+ t=316 К.

  1. Т=267 К температура Цельсий шкаласы бойынша қандай температураға сәйкес келеді?

Ж: Т=273+ tÞ t= Т-273=-6 0С

Тест тапсырмалар.

1.Температураның абсалют шкаласы бойынша мұздың еру нүктесі қандай?

А) 00С В) 0 К С)* 273 К Д) -273 К Е) 373 К

2. Төмендегі шкалалардың қайсысы термометр шкаласына жатпайды?

А) Цельсий В) Фарангейт С) *Торричелли Д) Реомюра Е) Кельвина

3. 100 0 С- де қандай температура қабылданған?

А) Қалыпты жағдайда судың қайнауы

В)* Қалыпты атмосфералық қысымда судың қайнауы

С) Ащы судың қайнауы

Д) Будың конденсациясы

Е) Судың булануы

4. 50 К температурасын Цельсий шкаласы бойынша өрнектегенде қандай температураға сәйкес келеді?

А) 323 0 С В) 223 0 С С) 50 0 С Д) -50 0 С Е)* -223 0 С

5. Температураны өлшейтін қалай аталады?

А) Динамометр В) Барометр С) *Термометр Д) Амперметр Е) Вольтметр

Сабақты бекіту:

1.Қандай процесс жылу алмасу деп аталады?

2.Температураның абсалюттік нөлі неге тең?

3.Абсалюттік температураның өлшем бірлігіне не алынған?

4.Температураны қандай құралмен өлшейді?

5. Мұздың еру температурасы мен судың қайнау температуралары қаншаға тең?

6.Абсалют температураның формуласы қандай?

Үйге тапсырма. § 2, 13 сурет.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ