Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары...
Сабақтың эпиграфы:

Әке - білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана – тамыр, бойымен бәріне де
Тіршіліктің жылуы таралады.
Мақсаты: ата - ананың мектеппен байланысын дамыту, бала тәрбиесіндегі әке орнының ерекшелігіне назар аударту, ұл-қыз тәрбиесіне байланысты туындайтын мәселелерді бірлесе талқылауға қызығушылығын дамыту.

Жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар, бейнероликтер.
Әдісі: сұрақ – жауап, сұхбат, ой қозғау, проблемалық сұрақ қоя отырып, іздендіру, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ой қозғау. Т. Айбергеновтің «Перзент сыры» өлеңі оқылады
Сен – менің мәңгілікке өлмес атым,
Атымды ап алыс жылға жалғасатын.
Әкеде өсиет бар өмір жайлы,
Балада қасиет бар алға астын.
Сен – менің ұшар басым биіктеген,
Жолыңа тапқанымды үйіп – төгем.
Сен – менің дүрсілдеген жүрегімсің,
Қай нәрсе сол жүректен сүйікті екен?

– Біздің бүгінгі кездесуіміз қандай тақырып төңірегінде болмақ? - Әке бала, отбасы туралы.
– Бүгінгі іс-шарамызға әкелерді шақырып отырмыз. Ендеше, олармен танысып алайық.
- Қадірлі ата - аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Әке – білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары...» атты психологиялық практикумды бастауға рұқсат етіңіздер. Ендеше, ата - ана, оның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі орны туралы бүгінгі күннің өзекті тақырыбы жөнінде сіз болып, біз болып, ой бөлісейік, сырласайық.

Осы кездесуге дайындалу кезінде біз сіздердің балаларыңыздан сұхбат алған болатынбыз. (ролик көрсетіледі).Сұрақтары: Әкеңізді не үшін жақсы көресіз? Әкеңізбен бірге немен айналысқанды ұнатасыз?
1. Әкелер: «Сіз қандай әкесіз?» тақырыбында психологиялық тест орындайды.
2. «Алақан» жаттығуы. Әр қатысушыға картоннан жасалған «алақан» беріледі. Ал енді, «алақандардың» дауыс берейік: «қызыл» -иә, «сары» -жоқ.

а) Балаларыңызды жақсы көресіз бе?

б) Ойын түрінде жұмыс жасауға дайынсыз ба?

в) ойын кезінде бірігіп, топпен жұмыс жасауға дайынсыз ба?

3. «Менің әке ретінде басқа әкелерден айырмашылығым» жаттығуы. Психолог: біз әртүрліміз, бір-бірімізге ұқсамаймыз. Әке ретінде басқалардан қандай айырмашылығыңыз бар деген сұраққа допты кезек кезек бір-бірімізге бере отырып жауап береміз. Ал, бастайық!
4. «Ұл мен қыз тәрбиесіндегі әке рөлі» жаттығуы. Қатысушыларды 2 топқа бөлеміз.

Психолог: қазіргі қоғамда әкелер көптеген жұмыстармен айналысады.Отбасындағы бала тәрбиесімен онша шаруасы болмайды. Соның салдарынан барып, үйдегі бала тәрбиесі деген сан-салалы, қыры да, сыры да мол ұшан теңіз жұмыс онсыз да үй тіршілігінің ұсақ күйбеңінен босамайтын ананың еншісіне қалады. Құрметті әкелер, барлығымыз отырып өміріміздегі әлеуметтік рөлдеріміз туралы ойланайық. Осы рөлдеріміздің картасын құрып көрейік. А4 парақты екіге бөліп бір жағына әке рөлінен бастап, өміріңіздегі рөлдеріңізді (әке, жұбайы, ұл, аға, дос, дәрігер) жазып, екінші жағына егер барлығын 100% деп алсақ, әрқайсысы өміріңізде қандай орын алып отырғандығын жазамыз. Талқылау: Қай рөліңіз балаңызбен байланысты? Неліктен? Қайсысы балаңызға әсер етеді? Қай рөлдің пайызын жоғарылатқыңыз келеді? Тағы да қандай рөлдерді меңгергіңіз келеді? Әке неғұрлым баласының қасында көбірек болса, пайдалы өнерге баулыса, жақсы, өнегелі орталармен үйір етсе, бала соғырлым жақсыға қарай бейімделе береді. Музыкаға, ән-күйге , сүрет салуға әуестік, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға құштарлық т.б. өнердің бәрімен де баланың қабілетіне қарай ата-ана таныстырып, достастыруы парыз. Жақсы әкелер сондай алуан өнермен табыстыра жүріп, өзі де баласының жан дүниесін, көңіл күйін, қабілет- қасиеттерін жақсы сезетін болады. Баламен өмір жайлы, көрген кино, оқыған кітаптар, адамдар, достар жайлы әңгімелесіп, сыр алысу- әке мен баланың достығын нығайтып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін шыңдай түседі. Ондай жағдайда әке мен баланың арасында ешқандай қырғиқабақтық, салқын көзқарас, жасырын, жұмбақ нәрселер болмайды. Платонның «ұл тәрбиелеп отырып жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөзіне қазақ қашанда лайық болған сияқты. Қай халықта болмасын ер бала тәрбиесі әке меншігінде болған. Бала ес білгеннен бастап, «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, отбасының асыраушысысың» деген сөздерді құйып отырған

Келесі тапсырма 5 мин ішінде кесте толтыруды ұсынамын.

а) әке ұл баланың бойында қандай қасиеттерді тәрбиелейді.

ә) қыз баланың бойында қандай қасиеттерді тәрбиелеуі керек.

5. Арт-терапиялық жаттығу «Керемет әкенің жейдесі». Біз қазіргі заман ер азаматтарының әртүрлі әлеуметтік рөлдерін көрдік, білеміз. Бірақ қайсысы әсерлі, тиімді. Бірінші кезекте бізді әке рөлі қызықтырады. Сіз қаншалықты балаңызбен әсерлі қарым-қатынастасыз? Әр қатысушыға ақ қағаз, қарындаш, фломастерлер, қайшы беріледі. Нұсқау: осы арт-материалдарды пайдалана отырып, қатысушылар коллаж техникасымен әсерлі, тиімді әкенің жейдесін (футболка, көйлек, майка болуы мүмкін) әзірлеуі қажет.

Тапсырманы орындау алгоритмі:

Жейденің үлгісін ойлап тауып, суретін салып қиып алу керек.

Керемет әкенің ішкі дүниесін бейнелейтін сөйлем (афоризм, мақал-мәтел, әннің сөзі) жазу керек.

«Тамаша әке» сөз тіркесін көрсететін сурет салу.

Жейдені қорғау: Неліктен осындай фасон таңдадыңыз? Осы жазу, суретпен нені жеткізгіңіз келді? Керемет әке болу дегенді қалай түсіндірер едіңіз? Қандай жағдайларда сіз әсерлі әкесіз?

6. «Мені қуанамын, егер ... Мені мұңаямын, егер ...» атты психологиялық жаттығу. Әкелер ортаға шығып, «1,2,3» деп үш топқа бөлінеді. Әр топ жеребе бойынша «әке, ана, бала» рөлдерін таңдайды. Қай рөл түссе, сол бойынша бланкке «Мені қуанамын, егер ... Мені мұңаямын, егер ...» деген сөйлемдерді аяқтап жазады. Әр топтың жауаптары тыңдалады.

Психолог: Қанеки, біздің керемет әкелерімізге, аналарымызға және біздің балаларымызға қошеметтерімізді аямайық!

7. Рефлексия. Әке – отбасының басты тұлғасы. Әр әке баласының жан дүниесін түсініп, оның жүрегіне жақын болып, шынайы досына айналса- мақсатына жеткені.«Әке-асқар тау», «Әке-бәйтерек» деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. «Әке балаға сыншы» дейді халқымыз. Ал қазір, құрметті әкелер, бүгінгі бірлескен жұмысымызды бағалайық. Қолдарына бағалы тастар таратылады да сәйкес қорапшаға салу сұралады: «Бүгінгі талқыланған мәселелер мені қызықтырмайды», «Бұл мәселелер мен онша қызық емес», «Бүгінгі кездесу мен үшін өте қызықты болды».


Психолог: Әкенің бала тәрбиесіндегі орнының ерекшелігін естен шығармайық. Қоғамдағы өзекті мәселеге үн қосайық.
Практикум Ф. Оңғарсынованың «Әке» өлеңімен аяқталады:
Әкем – біреу, анам да біреу менің,
Мен жығылсам, сүйенер тіреулерім.
Олар барда мереке, көрген емен,
Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Менің досым әкесін жек көреді,
Бір - біріне бітпейді өкпелері.
Дос тапса да, адамдар таппаса да,
Әке – жалғыз, табылмас ақшаға да.
Жақсы әкесін бере ме басқа бала?!
Әке - білек, саусағы – балалары,
Қан тамырмен жалғасқан аралары.
Ана – тамыр, бойымен бәріне де
Тіршіліктің жылуы таралады.

Белсене қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет! Сау болыңыз!

Қобда ауданы

Талдысай орта мектебі

Ата-аналарға арналған психологиялық практикум

«Әке – білек, саусағы – балалары,

қан тамырмен жалғасқан аралары....»

Дайындаған: психолог Саркулова А.С.

2015 жыл

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ