Сабақтың тақырыбы:
Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Қорытынды сабақ: Түбі адам болатын бала
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
*Оқушыларға мәтіннің мазмұынын баяндай отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны
ұғындыру;
*Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру;
*Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық:
*Жазушы шығармалары арқылы әр оқушыны өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып,
өзінше ой түюге баулу;
*Мәтінмен жұмыс істеу, көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту;
*Ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік:
*Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті
сүюге, үлгі-өнеге алуға шақыру; *Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа”
кітабы, Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді, слайд арқылы
кесте, тірек сызба, суреттер, веен диаграммасы.
Сабақтың өтілу жоспары:
1. Мынау кім?
2. Оқиғалар тізбегі
3. Бұл қай сәт?
4. Теріп алу стратегиясы
5. Ой тастау
6. Өз-өзіңе есеп бер!
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушыларды түгендеу;
ә)Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
б)Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау
мақсатында ой тастау;
2. Үй тапсырмасын сұрау (тараулар бойынша мазмұндату)
Автор, тақырып аясында сұрақтар мен тапсырмалар беру:
1. Бердібек Сокпақбаев кім? Ол қандай жазушы?
“... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз
басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын.
Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес,
менің өзіме ұқсайды.”
2. Жазушының қандай шығармалары бар?
- «Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?»,
«Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар
чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.
3. «Менің атым Қожа» фильмі туралы не білесіңдер?
Менің атым Қожа
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы: 1963
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Сценарий: Б. Сокпақбаев, Н.Зелеранский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа - Н.Сегізбаев
Сұлтан - М.Көкенов
Жанар - Г.Құрабаева
Жантас - Е Құрмашев
Миллат- (Қожаның шешесі) - Б.Римова
Рахманов - Қ.Қожабеков
Майқанова – Р.Мұхамедиярова
Қожаның әжесі - З.Құрманбаева
Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын
салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп
жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы Сұлтан екеуі неше түрлі қызық
оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі
жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп"
төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа – ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл
бала.
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында суреттермен жұмыс жасату
Бұл сурет туралы не білесің?
Кейіпкерлер туралы әңгімеле
Кейіпкерлер туралы қандай оқиғаны білесіз?
Қашан, кіммен кездесті?
Бұл сәтте қандай жағдай болып еді?
3. Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен
сендерге жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бүгінгі өтілетін тараудан
үзінділер айта отырып ой тастайын.
«Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім».
- Қожа бұл сәтті қашан бастан кешіріп еді?
- Қожаның тәртіпсіздік қылықтарын, әсіресе соңғы жасаған ағаттығын , яғни
Майқанованың сөмкесіне бақа әкеп салған әрекетін талқылау мақсатында болып
жатқан педкеңесте.
- Дұрыс, айтасыңдар. Қожа қанша тәртіпсіздік істесе де, мұғалімдер оны кешіріп
келген еді, иә. Осы жолғы кеңес ұзаққа созылды. Осы кезде Қожа өз мәселесінің
шешілу қорытындысы, талқылану процесі жайлы өзінше ой қорытып отырды. Кеңес те
аяқталды. «Мен туралы не деп жатыр?» екен деп дегбірі қашқан Қожа бұл кезде
қайда отыр еді?
- Мектеп терезесінің тұсында тұрған теректің үстінде отыр еді.
...Педкеңес аяқталды, жұрт тарай бастады. Ахметов пен Майқанова оқшауланып,
Қожа тұрған теректің түбінен өтіп бара жатып не дейді?
- «Түбінде адам болатын бала»
- Өте дұрыс. Біз жаңа сабақтың мазмұнын бірлесе айта отырып, тақырыпты да
анықтап алдық.
- Өздерің көрген кино соңында осы сөзден Қожа қорытынды шығара ма?
- Иә, қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өз
жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы
қаулы шығарады.
Сонымен, балалар, біз Бердібек Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесімен
танысып шықтық. Енді сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін өтілген
барлық тараулар бойынша бірнеше тапсырмалар орындап көрейік.