Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Пән: алгебра

Сынып: 8 «а»

Сабақтың тақырыбы: Нақты сандар туралы жалпы түсінік.

Сабақ мақсаттары:

Білімділік:Оқушылардың нақты сандар туралы түсініктерін жалпылау,нақты сандардың құрылымын, геометриялық мағынасын түсіндіру.

Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін, математикалық тілде сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа үйрету.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру.

а) Сәлемдесу,

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сынып оқушыларының зейінін жинақтап, сабаққа ынтасын аудару, сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Жаңа материалды игеруге дайындық.Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, өткен тараудан қайталау сұрақтарын қою.

1. Натурал сандарға қандай сандар жатады?

2. Рационал сандарға қандай сандар жатады?

3. Координаталық түзу деген не?

4. Ондық бөлшек деп қандай бөлшекті айтамыз?

5. Қысқартылмайтын бөлшек?

6. Шексіз периодты ондық бөлшек?

7. Шексіз периодты емес ондық бөлшек?

III. Жаңа материалды түсіндіру.

СD<AB (АВ және СD кесінділері)

Өлшем бірлігі ретінде кіші кесіндіні аламыз. А нүктесінен бастап АВ кесіндісін СD кесіндісі арқылы өлшейміз. Өлшеу СD кесіндісінен кіші РВ кесіндісі қалғанша жүргізіледі.

Нәтижесінде РВ < СD кесіндісін аламыз. СD кесіндісін бірдей 10 бөлікке бөлеміз. Оның оннан бір бөлігін РВ кесіндісінде өлшейміз.

Өлшеу СD кесіндісінің бөлігінен кіші Р1В кесіндісі қалдық болып қалғанша жүргізіледі. Сурет бойынша Р1В кесіндісі СD кесіндісінің бөлігін бес рет өлшегенде шығады. Жаңа Р1В кесіндісін СD кесіндісінің бөлігінен кіші Р2В кесіндісі қалдық болып қалғанға дейін СD кесіндісінің бөлігімен өлшейміз. Өлшеуді осылай жалғастыра беруге болады. Мұндай өлшеу нәтижесінің үш жағдайы бар.

1-жағдай. Өлшеу қандай да бір қадамда аяқталып, нәтижесінде рационал сан шығады.

2-жағдай. Өлшеу шексіз жалғасады және нәтижесінде шексіз периодты ондық бөлшек шығады.

3-жағдай. Өлшеу шексіз жалғасады, нәтижесінде шексіз периодты емес ондық бөлшек шығады.

1-мысал. Рационал сандардың арасында квадраты 2-ге тең санның болмайтынын дәлелдейік.

Д/еу: Қарсы жоримыз. Яғни сондай сан бар дейік. Ол санды қысқартылмайтын бөлшек түрінде жазамыз. Екінші дәрежеге шығарамыз. =2 немесе . 2n2 –жұп сан, демек m2 саны да жұп сан. Ендеше m санының өзі де жұп болғаны. m жұп санын m=2k (к бүтін сан) түрінде жазуға болады. Енді осы мәнді теңдігіне қойсақ, (2k)2 немесе немесе аламыз. 2k2саны жұп сан, ендеше n2саны да жұп. Нәтижесінде бөлшегінің алымы және бөлімі жұп сандар болады, яғни бөлшек қысқартылады. Бұл бөлшегінің қысқартылмайтын бөлшек екенінен қайшы. Демек, квадраты 2-ге тең рационал сан бар деген жорамал қате.

Анықтама: Кез келген шекті периодты емес ондық бөлшек иррационал сан деп аталады.

Анықтама: Барлық рационал және иррационал сандар нақты сандар жиынын құрайды.

Нақты сандар жиынын сан түзуі деп атайды. Координаталық түзу – сан түзуінің геометриялық моделі. Нақты сандардың геометриялық кескінін көрсету үшін түзу жүргізіп, ол түзуде: 1)оң бағыт, 2) санақ басы, 3) бірлік кесінді алынады. Осылайша салынған түзу сан осі деп аталады.

IV. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.(Есептер шығару)

№18Егер сан түзуінде санақ басынан бастап қабырғасы бірлік кесінді болатын шаршының диогоналіне тең кесінді салсақ, онда рационал санды кескіндемейтін нүкте шығатыны белгілі.Осы кесіндінің ортасы санды бере ме?Сан түзуінде рационал санды кескіндейтейтін шексіз көп нүктелер бар деп тұжырымдауға бола ма?(Кординаталық түзуде кез келген нақты санға бір ғана нүкте сәйкес келеді және керісінше координаталық түзуінде кез келген нүктеге бір ғана нақты сан сәйкес.)

№19Квадратты 1)3; 2)4; 3)5; 4)8; 5) р( мұндағы р-жай сан) болатын рационал сан бар деп тұжырымдауға бола ма? Жауабын түсіндіріндер.(Тұжырымдауға болмайды. Себебі,қажет жағдайда квадратты осы сандарға тең болатын сандардың әрқайсысы шексіз периодты емес ондық бөлшек.)

20Нақты сандарды салыстырыңдар:

1) =0.666….;

2)

№24 1)1,08 және1,0(8);2)19,(27)және 19,27(7) ; 3)-1.(31) және -1,3(13); 4)-5.2(63) және -5,(26)сандарына сәйкес нүктелердің қайсысы сан түзуінде санақ басына жақын орналасқан?

1) ;

2) =

25 1)1.(15); 2)0.3(4)санын жай бөлшек түрінде жазыңдар?

1) =

2) =

Сабақты бекіту кезеңі:

1. Рационал сан дегеніміз?

2. Иррационал сан деген не?

3. Нақты сандар деген не?

VI. Үй тапсырмасы.№24(3.4)№22;№23;

Қортынды.Оқушылардың барлығы сабаққа қатысты,бағаланды.

№22

;

..;

;

сандарына сәйкес нүктелердің қайсысы сан түзуінің оң жағында және қайсысы сол жағында орналасқанын анықтаңдар?

1)сол және оң;

2)оң және сол

3)оң және сол;

4)оң және сол;

№22

;

..;

;

сандарына сәйкес нүктелердің қайсысы сан түзуінің санау басына алшақ орналасқан?

1)алшақ және жақын;

2)жақын және алшақ

3)алшақ және жақын;

4)жақын және алшақ;

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов