Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

БҚО, Орал қаласы №37 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Василевская Инкар

Сабақтың тақырыбы : Драма туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Балаларға ежелгі өнер театр туралы түсінік беру. Балаларды театр әлеміне еліктіру

Міндеттері:Балардың ой-өрісін байыту бағытында өнер ордалары төңірегінде мағлұматтармен толықтыру.Театр жанрларын білу және ажырату, күнделікті өмірмен байланыстыру.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Көрнекіліктер: Үнтаспа, суреттер, қуыршақтар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Ширату

Сыбызғыны үрлейміз,

Жалқаулықты білмейміз.

Сал күйіңді домбыра,

Атадан қалған бұл мұра.

Домбыра дастан, жыр дастан,

Енді алайын қолыма.

Өнерді сүйген жасынан,

Біз осындай Жас Ұлан!

«Блиц - турнир» ширату сауалдары:

1. Өнерлі дегеніміз кімдер?

2. Өнердің түрлері бар ма?

«Театр» – көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қарапайым мағына береді. Театрда әртүрлі көріністер қойылады. Театр жеке дара өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты. Театрдың бірнеше түрлері бар, мысалы, балаларға арналған қуыршақ театры, көлеңке театры, саусақ театры, үстел үсті театры бар. Театрда ойнайтын адамдарды «актер» деп айтамыз.

Театрдың ең басты адамырежиссёр. Ол спектаклдің қойылымын жасайды. Сонан соң суретшілер режиссёрге сахнаның декорациясын жасауғакөмектеседі. Ал модельер болса, сахна әртістерінің киім үлгілерін даярлайды. Бір спектакльді сахнаға шығару үшін үлкен ұжым жұмыс жасайды.

Гример Модельер Режиссёр

Әртістер Хор әншілері

Оркестр Суретші

Көрермендер театрға шынайы өнерді, жанды дауысты тыңдау үшін келеді. Сондықтан барлығы бірдей шын шеберліктерін көрсетуі керек. Сонда ғана спектакль сәттілікке және көрермендердің аса құрметіне ие болады.

Ежелгі Рим театры Грек театр мәдениеті дәстүрлі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай, Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Алғаш театр өнерінің пайда болуы — өнім жинап алу мейрамдары кезіндегі ойын-сауықтарға байланысты. Одан кейінгі театр элементтеріән, музыка, бидің басын қосқан тұрмыстық күлдіргі сахна — сатирлерде өрбіді.


Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады.

Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі:киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.

Киілмелі қуыршақ театры

Оқушыларға «Шалқан» ертегісінен үзінді көрсетілді.

Мақсаты:

Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту.

Шалқанды отырғызу кезінде айтылатын өлең шумағы арқылы балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту.

Белсенді балаларды кейіпкерлердің рөлдерін эмоция арқылы көрсете білуге үйрету.

Кейіпкерлердің рөлін атқара білуге дағдыландыру.

Әңгімелеу, сұрақ-жауап, театр, ойын.

Фланелеграф, қуыршақ театры, орамал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары.


V. Бекіту.

- Балалар, бүгін біз қандай тақырып бойынша сабақ өттік?

- Қандай театрлар туралы айттық?

- Өздеріңе қандай әсер қалдырды

VI. Қорыту

-Балалар ежелгі өнер туралы түсінік қалыптастырды.Театр жанрының түрлерімен танысып, өмірге қажетті ақпарат алды. Ойды жүйелеп айту дағдысы қалыптасты. оқушылардың қызығушылығы артты. Жалпы театрландырылған ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ