Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Батыс Қазақстан Облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы

«Тайпақ мектеп-гимназиясы» КММ

Жумагалиева Динара Батырбековна, биология пәні мұғалімі.

«Сүйекті балықтар класына жалпы сипаттама» 7-сынып

Сабақтың тақырыбы:Сүйекті балықтар класына жалпы сипаттама.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды сүйекті балықтар класымен таныстырып,олардың тіршілік әректтері мен негізгі түрлері,табиғаттағы маңызы туралы мәліметтер беру.

Дамытушылық:Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ізденімпаздыққа ,табиғатты аялауға,тірі ағзаларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтын түрі: ойын сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан оқыту

Көрнекілігі: кестелер,слайд,«Балықтың сыртқы қаңқасы»үлгісі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтар

1.Балықтарды зерттейтін ғылым саласы

2.Балықтар неше класқа бөлінеді?

3.Шеміршекті балықтар класының түр саны

4.Шеміршекті балықтардың асқорыту жүйесі немен аяқталады?

5.Акуланың миы неше бөліктен тұрады?

6.Балықтардың жүрегі неше қуысты?

7.Балықтарда қанайналым шеңбері қанша?

8.Шеміршекті балықтар қалай ұрықтанады?

9.Акуланын адам үшін ең қауіптісі

10.Акула миынан денесіне қанша жұп жүйке тарайды?

1-тапсырма«Кім жүйрік?»

1.Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі(желбезек)

2.Шеміршекті балықтардың ми бөлімдерін ата

3.Сезім мүшелерінен қай мүшесі жақсы дамыған?

4.Шеміршекті балықтар неше класс тармағына бөлінеді?

5. Желбезекте саңылау саны

2-тапсырма«Кім шапшаң?»

Суреттегі балықтардан шеміршекті балықтарды көрсету.(5түрлі балықтын суреті.)

3-тапсырма«Тапқыр болсаң,тауып көр»

1.плакоид

2.ихтиология

3. эпидермис

4.клоака

5.бүйір сызығы

Қанаты бар ұшпайды

Жұрт айламен ұстайды (балық)

Жануарлар әлемінің бір түрі балықтар,сонымен қатар балықтар екі класқа бөлінеді.Шеміршкті балықтар класымен таныстық,енді бүгінгі жаңа сабағымыз сүйекті балықтар класы туралы болмақ.

III.Жаңа сабақ.

«Кубизм» стратегиясы

I.топ.«Зерттеңіз».Сыртқы құрылысы

Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар.Дене пішіндері де түрліше.Денесі бас,тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген.

Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған.Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар.Осы сызықтарға қарап,балықтың жасын ажыратуға болады.Сүйекті балықтар дың қаңқасында сүйектер өте көп.Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас.Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған.

Баста екі көз және ауыз болады,ауыздың үстіңгі жағында екі танау тесігі бар,олар ауызбен жалғаспайды,үстінгі ерінге екі жұп мұрт өседі.

Балық денесінің екі бүйірінен –желбезек қақпағынан бастап құйрық жүзбеқанатына дейін созылып жатқан бүйір сызық анық байқалады.

Жүзбеқанаттар.Суда жүзбеқанаттардың жәрдемімен еркін жүзеді.Жүзбеқанат-балықтың қозғалу мүшесі.Жүзбеқанаттардың екі топқа жіктеуге болады:дара және жұп үзбеқанаттар.Арқа,аналь және құйрық жүзбеқанаттарыдара жүзбеқанаттар.Арқа жүзбеқанаты әр түрлі балықтарда түрліше болады.Балық арқа және аналь жүзбеқанаттары арқылы денесін бір қалыпта ұстайды,ал құйрық жүзбеқанаты бағыт береді.Жануарлардың алдыңғы және артқы аяқтары тәрізді балықтарда да екі жұп жүзбеқанаттары болады.Олардың алдыңғысы көкірек жүзбеқанаты,соңғысы –құрсақ жүзбеқанатының жұбы.Бұл қанаттар жүзген кезде балықтың денесіндегі тепе-теңдікті сақтайды.

Сүйекті балықтардың қаңқасы омыртқа жотасынан,бассүйектен және жүзбкқанат сүйектерінен тұрады.Омыртқа жотасы омыртқалардан құралатындықтан,омыртқалы жануар болып табылады. Омыртқа жотасы омыртқалылардың құрылысына байланысты тұлға және құйрық бөліктеріне бөлінеді.Омыртқалардың үстінгі және астынғы доғалары мен омыртқа денесі болады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

II.топ«Анықтаңыз». Ішкі құрылысы

Қоректенуі.Су өсімдіктерімен,суға жел ұшырып түсірген құрлық өсімдіктерінің тұқымымен,шаянтәрізділермен,былқылдақденелермен,әр түрлі ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді.Қорек ең алдымен балықтың аузына,содан жалғасқан жұтқыншаққа өңешкесозылады.Қорек қарында қорытылады.Бауыр мен ұйқы безі асты қорытуғ а көмектеседі.Бауыр улы заттар мен зиянды өнімдерді залалсыздандырады.

Қорек қарыннан алдыңғы,ортаңғы және артқы ішекке қарай жылжиды.Бауыр ұйқыбездің өт және сөл жүретін жолы алдыңғы ішекке ашылып,қорек ішектің алдыңғы бөлігінде толық қоытылады да кенеулі заттар ішектің ортаңғы бөлігінің қабырғалары арқылы қанға сіңеді.Қоректің қорытылмай қалған қалдығы ішектің соңғы бөлігіне түсіп,одан аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.

Тыныс алуы.

Желбезек,желбезек желбезек доғаларынан құралған,Әр желбезек желбезек доғаларынан құралған,әр доғаның бір жағында желбезек жапырақшалары,екінші жағында талшықтары орналасқан.Желбезектің осындай нәзік бөліктерін желбезек қақпағы жауып жатады.

Қан айналымы.Екі бөлікті жүректен және қантамырлардан құралады.Жүрек бір қарынша,бір құлақшадан екі бөліктен тұрады.Қан айналым шеңбері біреу.Жүрекке қан әкелетін көктамыр,ал жүректен қан алып шығатын тамыр салатамыр деп аталады.

Зәр шығару.Сүйекті балықтарда да екі бүйрек,екі несепағар өзегі болады.Оларда алғашқы рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі- қуық пайда болған.Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады.

Жүйке жүйесі.Сүйекті балықтардың миының құрылысы,шеміршекті балықтармен салыстырғанда кіші,қарапайым.Ми бес бөліктен тұрады.Алдыңғы ми –шағын,екі ми сыңарларына бөлінбеген.Ортанғы мидан көру жүйкелері.Мишық –қимылды,сопақша ми тыныс алу,қан айналым,ас қорыту,зәршығару әрекетін басқарады.Көз шеміршекті балықтарға ұқсас,есту мүшесі ішкі құлақ.Балықтар түрліше дыбыстар шығара алады.Бұлардың иіс,дәм сезу,бүйір сызығы шеміршекті балықтармен ұқсас.Сипап сезу –мұрты.

Сүйекті балықтардың ерекше мүшесі-торсылдақ болады.Ол балықтың дене салмағын озгертіп,судың түрлі қаббаттарыа өтуіне жағдай жасайды.Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алу,дыбыс шығаруға қатысады.

III.топ «Салыстырыңыз» Сүйекті балықтардың көбеюі

Балықтарда дара жынысты,қосжыныстылық сирек кездеседі.Тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты.Аталықтарының да,аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері бар.Аталық безден бөлінген сұйықтық шоғал деп аталды.Оның құрамында өте көп мөлшерде аталықжыныс жасушасы-сперматозоидтар болады.Аналық безде уылдырық деп аталатын майда жұмыртқажасушалар жетіледі.Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады,сондықтанда өте көп мөлшерде уылдырық шашады.

Уылдырық шашатын орын уылдырықтама деп аталады.Кейбір балықтар уылдырықтама іздеп теңізден өзенге шығады.Мұндай балықтар өрістегіш балықтар деп аталады.Балықтардың осылай жыныс өнімін шашуы уылдырықтаудеп аталады.

Қосымша мәліметтер.(слайд)

Қазақстанда 180 – дей балықтар түрі тіршілік етеді. Оның 16 түрі сирек кездесетіндіктен Қызыл Кітапқа тіркелген.

Маңызы: – Қара ,қызыл икра алу

- “Балық майы” емге пайдаланады.

- Тағамдық маңызы зор,түрлі дәрумендерге бай ,теңіз тағамдарының

85 %-зын құрайды

- Сәндік үшін өсіру “Аквариум балығы”

- Демалыс кешендерінде мысалы “Думан”

- Қаңқасынан түрлі сувинерлер жасалады

IV Бекіту.

«Сәйкестендіру» кесте толтыру.

Шеміршекті балықтар

Сүйекті балықтар

1.Қортпа,шоқыр,пілмай,латимерия,бахтах.

2.Жұпбалық,тұтасбас,акула.

3.Терісі ірі қабыршақтармен қапталған.

4.Терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған.

5.Желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар.

6.Желбезек саңылаулары тікелей сыртқа ашылады.

7.Тұмсығы алға созылыңқы

8.Торсылдағы болады

9.Торсылдағы болмайды.

10.Клоакасы бар

11.Аналь тесігі бар

12.Іштей ұрықтанады.

13.Сырттай ұрықтанады.

14.Уылдырығының саны көп.

15.Уылдырығының саны аз.

Тест тапсырмасы

1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы:

А)маммология Б)ихтиология

Ә)герпетология В)гельминтология

2.Желбезек саңылаулары 5-7 жұп болатын балықтар:

А)сүйекті балық Б)шортан

Ә)шеміршекті балық В)сазан

3.Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған:

А)акула Б)аратұмсық

Ә)скат В)аққайран

4.Қызыл кітапқа тіркелген сүйекті балық.

А)Іле шермайы Б)бекіре

Ә)Балқаш алабұғасы В)Еділ майшабағы

5.Балықтардың бүйір сызығы анықтайды

А)судың жылылығын Б)су ағысының күшін,бағытын,тербелісін

Ә)судың тұздылығын В)судың қышқылдығын

6.Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады?

А)жауынан қорғану;

Ә)дене салмағын өзгертіп,судың түрлі қабаттарына өту:

Б)жауынан жасырыну

В)судың астына өту

7.Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі:

А)бүйрек Б)қуық

Ә)несепағар В)клоака

8.Балықтың көбеюі қандай сатылардан тұрады?

А)уылдырық-балық Б)дернәсіл-балық

Ә)уылдырықты- дернәсіл В)уылдырық-дернәсіл-шабақ

9.Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды?

А)жүрегі,қантамырлары; Б)өкпе,желбезек

Ә)торсылдақ В)жұтқыншақ,өңеш

10.Қара уылдырық алынатын балықтар:

А)албырттектестер; Б)майшабақ тектестер;

Ә)бекіре тектестер; В)саусаққанатты балықтар;

11.Дене температурасы тұрақты жануарлар тобының атауы:

А)қаны бар жануарлар; Б)жылықанды жануарлар;

Ә)салқынқанды жануарлар; В)жылусүйгіш жануарлар;

12.Ұрығының дамуында арнайы қабықтар түзілмейтін омыртқалылар тобы:

А)қағанақсыздар; Б)құстар

Ә)қағанақтылар; В)сүтқоректілер

Жауаптары:1-б;2-ә;3-а;4-в;5-б;6-ә;7-б;8-в;9-а;10-ә;11-б;12-а

V.Бағалау .

Бағалау парағы

Р/с

Оқушының

аты-жөні

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

4-тапсырма

5-тапсырма

1.

2.

VI.Үйге тапсырма.§52. Венн диаграммасын құру.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ