Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы Аймақ негізгі мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Абишева Майра Жасулановна

Сабақтың тақырыбы: Даналарым. Т. Әбдірахманова.

Сабақтың мақсаты:тарихи тұлғалар жайында түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже.Өлеңнің мазмұнын түсіну арқылы негізгі идеясын өз бетімен ашуға жағдай туғызу.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі.Сыни тұрғыда ойлау арқылы шығармашылың жұмыстарды өз дәрежесінде орындауға мүмкіндіктер жасау.

Тұлғалық нәтиже.Оз елінің мақтаныштарын үлгі тұтуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі:«Қазақ даналары» кестесі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Үй жұмысын «лездеме сұрақтар» қатары бойынша бақылап шығу.

Ол сұрақтар қатарын оқушыларға үй жұмысы ретінде беруге болады. Мәтінді оқып болған соң қызығушылық танытқан немесе «көршімді ойландырам» деген оймен туған сұрақтар қатарын құрастыруды ұсынуға болады.

І.Қызығушылықты ояту.

— Бүгінгі үй жұмысына дайындықтарың өте тамаша екен. Нағыз болашақ даналарымыздың қатарын толықтырушы сияқтысыңдар.

Данасөзінің синонимін атаңдаршы.

image

- Кімдерді даналар қатарына жатқызар едіңдер? «Т» кестесін құру арқылы топтар жұмысын ұйымдастыру. Ал ақын Тұрсынхан Әбдірахманованың ойы қандай екен, оны «Даналарым» өлеңінен оқып білейік.

II. Мағынаны тану.Автор туралы мәлімет беру.

Керек дерек:

Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы 5 қарашада бұрынғы Семей облысының Жарма ауданына қарасты Бөке деген жерде туған. Әке-шешеден ерте қалып, ағасының қолында тәрбиеленіп оқыған.

Т. Әбдірахманованың еңбек жолы 1941 жылдан басталады. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аякөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болған.

Т. Әбдірахманова көптеген орден, медальдармен марапатталған. 1984 жылы Қазақ ССР халық жазушысы атағына ие болды. Ғылым саласындағы еңбегі үшін 1985 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағысыйлығыберілді.

Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

- Өлеңнің алғашқы үш жолын қайтара оқып, соған жауап тауып көр. Үш саны туралы не айта аласың? (Тақ сан, есептік сан есім, киелі сан...)

- Үштің киелі сан екенін қалай дәлелдей аласың?

Керек дерек:

Үш қуат:

1. Ақыл. 2. Жүрек. 3. Тіл. Үш жүз:

1. Ұлы жүз. 2. Орта жүз. 3. Кіші жүз. Үш құсты өлтіруге болмайды: 1. Көкқарға. 2. Қарлығаш. 3. Байғыз. Үш адамның ниеті бұзық:

1. Өтірік айту. 2. Сөзінде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат жасау.

Адам Атаны жаратқанда жіберген үш қасиет:

1. Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр.

Үш нәрсе аз болса да, коп болады:

1. Қайыр-садақа. 2. Сауап. 3. Дұға.

Үш жұрт:

1. Өз жұртың - күншіл. 2. Қайын жұртың - міншіл. 3. Нағашы жұртың - сыншыл.

- Ақын қазақ даналарын қалай мақтан етеді? Өлең сөздерімен жауап беруге тырыс.

- Алдыңғы толтырған кестеге қайтып оралу. Кімнің аты аталмай қалды. Толықтыр.

- Өлең жолдарындағы қазақ даналарын толық аты-жөнімен дәптеріңе жазып ал.

- Даналардың ерекшеліктеріне тоқталу. (Өмір сүру кезеңдері мен еңбектеріне байланысты қосымша мәлімет беру. Бұл оқушылардың алдыңғы орындайтын тапсырмаларына көмек болар еді).

1. Бес арыс - Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев.

2. Үш бәйтерек - Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин.

Сергіту сәті.

III. Ойтолғаныс.

- Қалай ойлайсыңдар, даналарымыз осы күні тірі болса, сендерге қандай ақыл айтуы мүмкін еді?

RАФТ әдісібойынша әр оқушы өз қателіктерін мойындай отырып, өзі таңдаған кейіпкердің атынан өзіне хат жазады.

Мысалы:

R - рөлі (Төле би)

А - аудиториясы (өзі)

Ф - формасы (хат)

Т - тақырыбы (өсиет)

Оқушылардың жұмыстарын тыңдау.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқып келу.өлеңдегі адамдарды топтастырып, кестеге түсір. (Мысалы: билер, ақындар)

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ