Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Өзін-өзі тану 11 сынып

Сабақтың тақырыбы : Бақыт сыры

Мақсаты :

- Оқушылардың « Бақыт » құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

- Бақыт сыры туралы түсінік беру.

- Бақытқа ұмтылудың мәнін , бақытқа жету жолдарын үйрету .

- Бақытты болуға , өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу .

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушыларды «Шаттық шеңберіне» шақырып , « Бағалайық бақытты » әнін тыңдайды , барлығы бірге қосылып айтады .

Әңгімелесу

-"Адам бақыт үшін жаралған" деген пікірмен келісесіңдер ме?Неліктен?

-Адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе?

-Неліктен бақытты құсқа теңейді?

-Орындалған арман үнемі бақытқа әкеле ме?

-Жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ бақыт болуы мүмкін бе?

Мәтінмен жұмыс

І . Есенберлиннің « Бақыт сыры » шығармасында айтылған « Бақытты болу ережесі » оқып , талдау .

-Өзің осы тұжырымдардың барлығымен келісесің бе?

-Бақыттың тағы қандай сыры бар деп ойлайсың?

Дәйексөз

Өзін – өзі білген – ер бақытты ,

Өзін – өзі билеген – ел бақытты .

Халық мақалы

Тапсырма

Дәптерде берілген ойды жалғастырып жазу

Жүректен жүрекке

М . Мақатаевтың бақыт туралы өлеңі оқылады . Балалар өлеңді оқып , ізгі сезіммен бір-біріне бақыт тілейді .

ШҚО Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылы

"Егінсу орта мектеп-бақша" КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Мустафина Бакытгул Михатовна

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ