Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№8"Ақбота" шипа-жай типті бөбекжай -балабақшасы.

Білім беру саласы:Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің түрі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы:«Орман саяхаты»

Орындаған:

№11 "Бәйтерек"екінші кіші топ

І-санатты тәрбиешісі:

Имангалиева Ардақ Сапиқызы.

Атырау 2017жыл

Ұйымдастырылған оқу іс- қызметі

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі:

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Орман саяхаты»

Білімдік мақсаты: Балаларға орман туралы түсінік бере отырып орман тіршілігімен таныстыру жан-жануарлар,өсімдіктерді туралы мағлұмат беру. Балаларға үстіне қою және жанына қою әдістерін пайдаланып, екі затты биіктігі бойынша салыстыру және жұмыс нәтижелерін жоғары-төмен, биіктіктері бірдей сөздерін қолданып белгілеуін үйретуді жалғастыру. дидактикалық ойындар арқылы (санау,кеңістікті бағдарлау,геометриялық пішіндерді ажырату,салыстыру.)

«Ұқсас пішінді анықта» Тәулік бөлігіне арналған «Бұл қашан болады?»

Дамытушылық мақсаты:Саяхат жасаудың көмегімен баланың ой-өрісін,шығармашылық шеберлігін шыңдау,

логикалық ойлау танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Орман ережесін сақтау,тәрбиелеу,қамқорлық жасауға тәрбиелеу,тапқырлыққа, достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: тәулік,сәске,түн.

Билингвальды компонент: Орман-лес,саяхат-экскурсия. Технологиялық қамтамасыз ету:Геометриялық пішіндер.шырша,ағаш,томарлар.

Мотивациялық-қозғаушылық.

Ұйымдастыру –кезеңі Үлкен шеңбер құрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық,

Жиналған жылы шуақты,

қонақтарға шашайық.

Сәлеметсіздерме, апайлар!

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

-Көктем мезгілі

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

-үш айдан тұрады

-көктем ерекшеліктеріне тоқталып табиғаттың әсемділігімен ,әдемілігіне

назар аудару. (слаид шоу арқылы көрсету орман тіршілігімен )

Тәрбиеші:-Балалар орманға саяхатқа шығамыз ба?

Тәрбиеші:Орманға бару үшін екі жол жатыр соның біреуін таңдауымыз керек себебі біз түс мезгілінен кеш қалмауымыз керек.

- Дидактикалық ойын: «Бұл қашан болады?»

Мақсаты:Балаларға бір тәуліктің бөліктерін ажыратуға үйрету. (Таңертең,түс,сәске,кеш,түн.)

Жұмбақ жасыру- тәулік нешеге бөлінеді?

Ұйқымыздан тұрамыз, Беті-қолды жуамыз. Әкемізге ереміз, Бақшамызға келеміз, Бұл қай кезде болады? (Таңертең)

Біз тәртіпті баламыз, Сабақты да оқимыз. Серуенге шығамыз,қыдырамыз, Бұл қай кез? (Түс)

Күн батады қызарып, Анамызды күтеміз. Бұл қай кез? (Кеш)

Үйлерде шам жанады, Дем алады бар әлем. Деп әлдилер ақ әжем- Бұл қай кез? (Түн)

(орман көрінісі)

- Балалар қай жолмен жүреміз?(ұзын жолмен жүреміз )

Ұзын-қысқа жол,көп ,аз ұғымдарды пысықтау.

-Орман ішінен биік –аласа теректер шыршалар кездеседі .

(биік –аласа,жуан-жіңішке,кеңістікті бағдарлау ұғымдарды пысықтау)

Таңғажайып сәт.

Орманшы ата жолда кездеседі.

(орман тіршілігімен таныстырады,ережелеріне тоқталады)

Орманшы ата:Балалардан көмек сұрайды.

Құстарға ұя жасап беруді себебі құстардың балапандарына ұя керек .

Ұжымдық жұмыс . - Дидактикалық ойын: «Қандай пішін анықта?»

Ұяны геометриялық пішіндерден құрастыру,пішінмен,түстерін ажырату.

Шатыры қандай пішінге ұқсайды-үшбұрыш

Қабырғасы қандай пішінге ұқсайды –шаршы

Шатырындағы терезесі- дөңгелекке ұқсайды

Тәрбиеші :Орманшы атаға біздің балалар сізге санамақ айтып береді.

Санамақ Нешеуміз?

І.Шұғаев Бір үйде біз нешеуміз? Кел,санайық екеуміз. Бас бармағым-әкем, Балалы үйрек-анам. Ортан терек –ағам, Шылдыр шүмек –мен, Кішкене бөбек-сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.

Тәрбиеші:Балалар жасаған жұмыстарыңды орманшы атаға сыйға береміз,енді балабақшаға қайтатын уақыт келді,енді біз балабақшаға тез келу үшін

- қай жолмен жүреміз?

Балалардың жауабы:Қысқа жолмен

Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,

2,3,4-алақанды соғайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып.

Бір жүгіріп алайық,

Бір жүгіріп алайық,

5 дегенде асықпай,

Балабақшаға оралайық.

Рефлеклексивті,коррекциялаушы,түзетуші

Қорытынды:

Сұрақ -жауап

(орманда көрген бейнелерін еске түсіріп ,жауап алу. )

Тәрбиеші:

Біз қайда бардық?

Қандай жолмен орманға бардық?

Биік,аласа ,жуан –жіңішке не көрдік?

Шаршыға ұқсас -ұя қабырғасы

Үш бұрыш-ұя шатыры

Дөңгелек-ұяның есігі.

Іс-әрекет бойынша балаларды мадақтау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ