Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Тақырып: «Қазақстанның мәдениеті» (тарауға қорытынды)

Білімдік мақсаты: Оқушылардың тараудан алған білімін жинақтау, тереңдету.

Дамытушылық: Оқушының тез ойлауын, ойын дұрыс жеткізуін, мәліметтерді тұжырымдауда өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік тәрбие бере отырып, басқаларды тыңдай білуге, алған ақпаратты дұрыс жеткізіп, тілін дамыту, білімдерін арттыру. Елін – жерін, өнерін, халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:сайыс сабақ (қайталау – қорытындылау сабағы)

Сабақ әдісі:сұрақ – жауап, ойын, қосымшаматериалдармен жұмыс

Көрнекілік:кітап көрмесі, ХХғ. І жартысында білім, ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлерінің портреті, буклет.

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты 4 топқа бөлу

Жоспар:

1. «Білім биржасы» (шарты: сұраққа тез жауап беру)

2. «Кім тапқыр» (шарты: тапсырманың жылын анықтау)

3. «Қарлы кесек» (оқушылар біріне – бірі баға береді)

4. «Сен – маған, мен - саған» (командалар бір – біріне 2 сұрақтан қояды – үй тапсырмасы)

5. «Тұлғаны танып біл» (шарты: портреттегі тұлғаның аты – жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңі, оның атына байланысты оқиғалар, ол жазған шығарма т.б.)

6. «Идеяларды тоғыстыру» Не? Қайда? Қашан? (шарты: Әр командаға 3 сұрақ: екі сұрақ тақырып негізін құрайды, бір сұрақ – проблемалық сұрақ)

І тур. «Білім биржасы»

1. 1924 жылы қандай қоғам ұйымдастырылды? (сауатсыздықты жою)

2. 1931 жылы желтоқсанда республиканың халқына арналған қандай қаулы қабылданды? (15 пен 50 жыл дейінгі еңбекші халықтың сауатын ашу)

3. Еңбекке жарамды тұрғындар арасында сауатсыздықты жою қашан аяқталды?

4. 1926 жылы мамырда республиканың Халық Комиссарлары Кеңесі қандай жарғы қабылдады?(«Қазақ АКСР біріңғай еңбек мектептерінің жарғысы»).

5. Қазақ және басқан Шығыс ұлттарының қыздарын мектепке тарту мақсатында қай жерлерде арнаулы мектептер ашылды?

(Шымкентте, Алматыда, Түркістанда, Оралда).

6. 1931 – 1932 ж. Қандай жағдай балалар санының күрт азайып, жетім балалардың көбеюіне әкеп соқтырды?(ашаршылық)

7. Халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлеріне қандай атақ берілді? (қазақ КСР – інің еңбек сіңірген мұғалімі).

8. Қазақстандағы тұңғыш жоғарғы оқу орны қалай аталды және қай жерде ашылды? (Алматыда, пед-лық институт).

9. Тұңғыш жоғарғы оқу орнына кімнің есімі берілді? (Абайдың).

10. Қазақ кен – металлургия институты қандай кадрлар даярлады?

(инженер - техниктер)

11. Республиканың жоғары білім жүйесінің қалыптасуына көп көмек көрсеткен ғылым мен мәдениет қайраткерлері (С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, О.Жандосов, М.Әуезов т.б.)

12. «Тар жол. Тайғақ кешу» романының авторы (С.Сейфуллин)

13. «Қазақ халқының 500 әні мен күйі жинағы кімдікі?» (А.Азатаевич)

14. 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Германияда Майндағы қаласында ән шырқаған кім?(Ә.Қашаубаев)

15. 1933 жылы Алматыда қандай театр ашылды? (Ұйғыр музыкалық – драма театры)

16. 1938 жылы «Ленфильм» шығарған қазақтың бірінші дыбысты фильмі (Амангелді кинокартинасы)

17. «Қазақ солдаты» кімнің еңбегі? (Ғ.Мүсірепов)

18. 1934 жылы қазақ музыкалық опера және балет театрының сахнасында 100 реттен артық көрсетілген спектакльді атаңыз?

(«Айман – Шолпан»)

19. Алғашқы ұлттық қазақ театрын кім басқарды? (Ж.Шанин)

20. 1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің онкүндігінде өнер көрсеткен «КСРО халық әртісі» атағын алған әйгілі әнші (Күләш Баисеитова)

ІІ тур. «Кім тапқыр»

1. Отырықшы аудандарда қай жылдары жалпыға бірдей білім беру енгізілді? (1930 – 1931 оқу жылы)

2. Көшпелі аудандарда қай жылдан бастап жалпыға бірдей білім беру енгізілді? (1931 жылы көктемінен)

3. Республикада қай жылы татар, өзбек, ұйғыр, неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс істей бастады? (1920 жылдың ортасында)

4. Қазақстандағы тұңғыш жоғарғы оқу орны – педагогикалық институт қай жылы ашылды? (1928 жылы)

5. Орал мен Қызылордада педагогикалық институттар қай жылдары ашылды? (1931 – 1932 ж)

6. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті қай жылы ашылды? (1934 жылы)

7. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда қанша жоғары және орта арнаулы оқу орны жұмыс істеді және онда қанша адам оқыды? (20 жоғары, 118 орта арнаулы оқу орнында 40 мың адам оқыды)

8. 1930 жылы өзге республикалардың жоғары және орта оқу орындарында қанша қазақстандық жастар білім алды? (20 мыңдай)

9. Ежелгі Тараз қаласының орнында М.Е. Массон қай жылы қазба жұмыстарын жүргізді? (1926 жылы)

10. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы қай жылы құрылды? (1932 жылы)

11. Профессор С.Асфендияровтың «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихының » І бөлімі қай жылы жарыққа шықты? (1935 жылы)

12. Қазақ АКСР – і бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қабылданды? (1926 жылы, мамыр)

13. Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі қай жылдар? (1920 – 1930 ж)

14. Этнограф, сазгер А.В. Затаевичке қай жылы Қазақстанның халық әртісі атағы берілді? (1932 жылы)

15. Алматы медицина институты қай жылы ашылды? (1931 жылы)

16. Қызылордада ұлттық қазақ театры қашан ашылды? (1926 жылы, қаңтарда)

17. Сазгер А.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін қай жылы құрды? (1934 жылы)

18. Қазақ Ғылым академиясы қашан ашылды? (1946 жылы, 1 маусым)

19. Қ.И.Сәтпаевқа мемлекеттік сыйлық қай жылы берілді? (1942 жылы)

20. А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапханасы қай жылы ашылды? (1939 жылы)

ІІІ тур. «Қарлы кесек»

1 топқа сұрақ:

1. Қазақстанды зерттеу қоғамы немен айналысты?

2. Оған белсене қатысқан көрнекті ғалымдар

3. Зерттеу қоғамының бөлімшелері қай қалаларда жұмыс істеді?

(Қазақстанда зерттеу қоғамы өлкенің тарихы, этнологиясы мен экономикасын зерттеді. С.Асфендияров, А.Затаевич, Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов . Бөлімшелер Петропавл, Көкшетау, Орал қалаларында жұмыс істеді.

2 топқа сұрақ:

1. КСРО Ғылым академиясы Қазақстанда қай жылдары экспедиция жасады?

2. Қандай зерттеу жұмыстары жүргізілді? (1926 – 1927 жылдары, статистикалық – экономикалық, топырақ – ботаникалық геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу жүргізді.

3 топқа сұрақ:

1. Соғыс қарсаңында Қазақстанда қанша ғылыми Мекеме болды?

2. Онда қанша ғалым еңбек етті? (57 ғылым мекемеде 1700 – ден астам ғалым еңбек етті)

4 топқа сұрақ:

1. Қазақстанның өнер қызметкерлерінен құрылған 2 концерт бригадасы қандай майдандарға ,әскери бөлімдерде өнер көрсетті.

2. 1942-1944жылы Қазақстанға майданнан қанша делегация келді?(Калинин,Солт-Батыс,Сталинград,Оңт-Батыс,Белорусь майдандарында болып өнер көрсетті.Қазақстанға майданнан 22 делегация келіп қайтты.

ІVтур. «Сен –маған ,мен-саған »

Оқушылар бір-біріне 2 сұрақтан қояды

V тур «Тұлғаны танып біл»

VІ тур. «Идеяларды тоғыстыру » Не?Қайда?Қашан?

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

1 топқа сұрақ: Жалпы бейбіт өмірге көшу жағдайында сауатсыздықты жою үшін қандай шаралар істелді?

1.1931 жылы «Сауатсыздық жойылсын» деген қоғам ұйымдастырылды.

2.1931 жылы «Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беруді енгізді.

3. 1928 – 1930 жылдар аралығында комсомолдар сауатсыздықты жою жорығына шығып, қызыл мүйістер, клубтар, оқу үйлерін ұйымдастырды.

2 топқа сұрақ: 1920 жылдары қазақ мектептеріне арналған қандай оқулықтар мен әдістемелік құралдар жасала бастады?

1. А.Байтұрсынов – суретті әліппе, мысал – жұмбақтар жинағы

2. Ж.Аймауытов – ана тілін оқыту әдістемесі

3. Қ.Сәтпаев – алгебра оқулығы

4. Ә.Бөкейханов - география оқулығын құрастырды.

3 топқа сұрақ: Қазақстанда кәсіптік білім беру жүйесін жолға қою мақсатында қандай жоғары оқу орындары ашылды?

1. 1928 жылы Абай атындағы тұңғыш педагогика институты ашылды.

2. 1931 – 1932 жылдары Орал мен Қызылорда педагогикалық институттары ашылды.

3. 1929 жылы Алматы эботехникалық – малдәрігерлік институты ашылды.

4. 1930 жылы ауылшаруашылық институты ашылды

5. 1931 жылы Алматы медицина институты ашылды

6. 1934 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды

7. 1934 жылы Алматыда кен – металлургия институты ашылды

4 топқа сұрақ: 1930 жылдарда Қазақстан кино өнері қалай дамыды?

1. Қазақстан кино өнерінің негізі 1930 жылы басталып, бірқатар деректі және дыбыссыз көркем фильмдер түсірді.

2. 1934 жылы тұңғыш рет хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды.

3. 1938 жылы «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі – «Амангелді» кинокартинасын жасап шығарды.

Кесте толтыру (тақтадағы тапсырманы орындау)

Сабақты қорытындылау.

Қашан?

Қайда?

Қандай оқиға болды?

Алматы

Ұйғыр музыка –драма театры ашылды

1937ж

Қызылорда

1926ж

Ұлттық қазақ театры ашылды

Қарқаралы

Халық жыршыларының бәйгесі өтті

1934

Мәскеу

Пушкин атындағы мемлекеттік көпшілік кітапханасы ашылды

1936ж

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония ашылды

Алматы

Хроникалы фильмдер студичсы ұйымдастырылды

1925

Париж

1928

Тұңғыш педагогикалық институт

Жоспар:

1. «Білім биржасы»

2. «Кім тапқыр»

3. «Қарлы кесек»

4. «Сен –маған,мен-саған»

5. «Тұлғаны танып біл»

6. «Идеяларды тоғыстыру»Не? Қайда?Қашан?

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов