Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің

география пәнінің мұғалімі Енбаева Эльмира Ерболсыновна

География

Сабақ өтілетін күн: 26 қазан

Барлық оқушы саны: 15

Сілтеме

«Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығы, 74- 77 беттер; Ақпараттық сайттар

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы жалпы түсінік беру. Оқушылардың ой - өрісі мен , білім, білік, дағды-іскерлігін дамыту арқылы пәнге дегенқызығушылығын арттыру. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа,экологиялық тәлім арқылы адамгершілікке,елін-жерін сүю арқылы патриоттыққа тәрбиелеу

Міндеттері:

1. Пайдалы қазбалар жөніндеалған білімдерін қорытындылайды.

2. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

3. Бір-бірін сыйлап, ынтымақтасып жұмыс істеуге үйренеді.

Әдіс-тәсілдер

Пайдалы қазбалар туралы видеороликтер, плакаттар

Көрнекіліктер

Мәтін, постер жасауға А3 плакаты, топқа бөлуге қажеттіәріптер

Оқыту нәтижелері

Сөйлеу дағдысы, тіл байлығы дамиды. Бір-біріне көмектесуге қалыптасады. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланады.

Сабақ барысы:

Мақсаттар жүйесі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының когнитивтік іс-әрекеті

Модуль

Тренинг:

«Гүл сыйлау»

1 мин

Сынып оқушыларына сабақта атқарыла-тын жұмыстарды табысты орындауларына қадам жасату

Өзара жылы қарым-қатынастың сабақтағы бірлескен жұмысқа оң әсер ететінін саналы түрде ұғыну

Білу Бұрынғы білімдерін пайдала-нып, өз білгендері бойынша ой бөліседі.

8 минут

«Сұрақтар жәшігі»арқылы оқушылардан өткен тақырыпты еске түсіру

Әр топ оқушылары берілген сұрақтарға жауап береді.

Әріптер бойынша оқушыларды топқа бөледі.

1-топ «Сарыарқа».

2-топ «Тянь-Шань

Түсіну

Мәтіннен түсінгендері бойынша кластер мен постер дайындайды, қорғайды.

7 минут

1-топ «Сарыарқа».тобына «Кластер құру»

2-топ «ТяньШань».тобына Постер қорғау

І топ мүшелері плакатта барлық білімдерін қолданып, жарнама жасап, оны сыныпқа жариялай-ды.

ІІ топқа берілген тапсырма-да оқушылар сызбанұсқа сызады

Нақты деректер-мен жұмыс жасайды.Оқулық мәтінін оқи отырып топтық мәтінді талқылай-ды

Қолдану

Алған білімді талдап, негізгіні жинақ-тау,жариялау, құнды-лығына көз жеткізу

10 минут

1-топ «Сарыарқа».тобына Электрондық оқулық бойынша негізгі кен орындарын картадан тап 2-топ «ТяньШань».тобына Кенді пайдалы қазбалардың кен орындарын кестеге толтыр

Әр топ оқушылары берілген сұрақтарға жауап береді.

Талдау

5 минут

Дәлелдерінің нақтылығын бағыттап отырады

Оқушылар теориялық материалға толығымен шолу жасағаннан кейін жеке берілген тапсырмаларды бірлесе отырып орындайды. 1.топқа Пайдалы қазбаларды тиісінше сәйкестендір 2топқа шартты белгілерді картаға орналастыр.Екі топқа «Желпіуіш әдісі» бойынша сұрақтарға жауап жазу

Жинақтау

Ой толғаныс.Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.

10 минут

1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә)3
Б) 4

2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тас көмір, мұнай, газ
Ә) мұнай, гранит, мыс
Б) газ, тас көмір, қорғасын

3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
А)газ
Ә)құм
Б)металл

4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
А)Өскемен, Семей
Ә)Қарағанды, Екібастұз
Б)Маңғыстау, Атырау

5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
А)тас көмір, мұнай
Ә)қорғасын, алюминий
Б) мұнай, газ

6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?
А) Шығыс Қазақстанда
Ә)Орталық Қазақстанда
Б)Солтүстік Қазақстанда

7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
А)тұз, фосфорит,әктас
Ә) мұнай, гранит, тұз
Б) фосфорит, газ, металл

8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:
А)Кентау
Ә)Соколов-Сарыбай
Б)Өскемен

9. Кен орны деп нені айтады?
А)пайдалы қазбалардың шоғырланған жері
Ә)пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер

10. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?
А) фосфорит, мәрмәр
Ә) бензин, газ, жанармай
Б)жанғыш газ, әктас

Дәлелдерінің нақтылығын бағыттап отырады

Оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі, жауабы тақтада көрсетіліп, жауаптарын бір-бірімен алмасты-рып тексереді

Бағалау

Кері байланыс

Үйге тапсырма: .Қазақстанның пайдалы қазбаларын кескін картаға түсіру

3 минут

1минут

2 минут

Блум кестесі бойынша бағалау

Тақырып-тың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау.

-Сабақтың барлық кезеңдерін еске түсіре отырып, өз оқу әрекетіне талдау жасайды, баға береді.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ