Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Дайындық тобы мұғалімі
ДЖанабергенова
Слушаш
Тағырыбы: Біз мектепке барамыз.
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту
ата-аналармен бірге мерекелік көңіл-күй арқылы оқуға, білімге деген қызығушылық
арттыру өз өнерлерін ата-аналарға көрсету. Бүгінгі өтілетін арқылы
білім-біліктерін, дағдыларын көрсету. Білімге құштар болуға, адамгершілікке,
ұйымшылдыққа, жинақтылыққа, ертеңгілік барысында өздерінің дұрыс ұстай білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқу, білім жайлы ұдағатты сөздер. «Біз мектепке
барамыз!» тағыда басқа сөздер жазылған плакаттар, суреттер, шарлар, үнтаспа
үлестірмелі әріптер мен сандар.
Кіріспе:
Жүргізуші: Ардақты да аяулы ұстаздар, ата-аналар,
оқушылар. Бүгінгі Даярлық «Ә» тобы бүлдіршіндердің «Біз мектепке барамыз» атты
ертеңгілігін тамашалауға қош келдіңіздер. Бүлдіршіндеріміздің алғаш осы мектеп
табалдырығын аттағалы бері сәлемдесуді, партада отыруды, қалам ұстап сурет
салуды ән айтып, би билеуді әріп танып, жазуды, оқуды үйренді. Ізеттілік,
тәртіптілік және біліміне бұл болашаққа бастайтын сара жол. Осы жолдың өнегелі
де үлгілі жолдаушылары біздің балаларымыз.Аттаған қадамдары құтты болсын,
болашақта елін қорғайтын, Отанын сүйетін, біз мақтанатындай ұл-қыз болсын-деп
шашу шагып тойламақпыз. Ендеше «Біз
мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1.Жүргізуші:
Ұшырып көкірегімнен жер кептерін
Мерекең құтты болсын түлектерім
Қол соғып ортамызға шақырайық
Бүгінгі кештің шынайы кейіпкерін.
Келеді жаңа ғасыр перзенттері
Көшбасшы керемет кемеңгерлері
Болашақ президент министрлер
Ерен ер қазағымның төрелері.
2.Нұрлы үмітін арқалаған арқаға
Жан сәулесін таратын баршаға
Шын көңілмен құрметімізді көрсетіп
Бүлдіршіндерімізді шақырайық ортаға
Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Бүлдіршіндерді қарсы алып,
Бәріміз қол соғайық.
1.көз салып қараңдаршы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Қош келдіңіз ұстаздар, ата-аналар
Дайындықпен қоштасу тойымызда.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және
қонақтар. Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, ел тізгіннін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа
баулу, бойына ізгілік нұрын, білім шуағын беру ұстаздың міндеті. Барлық
ғалымның атасы алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің жарқын досымыз
дайындықпен қоштасқалы отырмыз.
2-ші жүргізуші:
олай болса, «Біз мектепке барамыз!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Негізгі
бөлім
Мұғалім:
Жүздеріңнен көркем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күннің әр айың
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана
Тойларыңыз құтты болсын ағайын.
1.Жүргізуші:
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын ағайын.
2.Жүргізуші:
Айналайын балалар
Алда мектеп ана бар
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар даналар.
1.Жүргізуші:
«Сәлем-сөздің анасы» деп кезекті
Ізеттілік әліппесіне берейік
1-бала: Көшелерден біз өткен
Ата көрсем жақын кеп.
Азамат: сәлем берем ізетпен
«Ассалаумағалейкум»-деп.
2-бала:
Кімкездессе де көшеде
Таныс емес демеймін.
Нүргүл: Аға, тәте, көкеге
«Сәлеметсізбе»-деймін.
Хормен:үлкенге де сіз
Кішігіде сіз
Барша жанды құрметпен
Бас иеміз біз.
Ән; «Анашым»
Жүргізуші: Балалардың өзін таныстыруы.
1.Жақсы әдетті, жақсы істі
Бойыма әр кез
термекпін
Қиын-ау деп
қайыспаймын
Ер мінезді
сағынышпын.
2.Баршаңызға иіліп сәлем берем
Мен қызымын
Жалғасбай Жанеркемін
Оқуды да, жазуда
тез меңгердім
42-әріпті жатқа
білем.
3.Ақжол деген баламын
Таудай биік
талабым
Жақсы оқып
сабақты
Білімді адам
боламын.
4.Отбасының еркелеткен
Жарқыраған
жұлдызымын
Сабақты жақсы
оқимын
Аяулым деген
қызыңмын.
5.Ата-анамның ардақтаған
Балауса атты
қызымын
Әжем мені
еркелетіп
Дейді
«Алтын-жүзім!»
6.Ұстаз ұғар қашанда
Дамуын әр
баланың
Жақсы оқитын
сабақты
Ғалымжан атты
баламын.
7.Ай нұрынан жаралған
Ай мен кунді
анамның
Ақылдысы баланың
Кілең бестік
сабағы
Нұргүл деген
сұлудың
Мен боламын
ағайын.
8.Шәкіртінсіз ұстаз ісі
Жарқырай ма?жана
ма?
Жеті өнерде-жеткіліксіз
Саян атты
балаңмын.
9.Мен де есті баламын
Айтқан тілді
аламын
Жұмсағанға
барамын
Жақсы менің
сабағым
Айнұр деген ару
қыз
Мен боламын
ағайын.
10.Суретті шебер саламын
Есепті де
шығарамын
Білімді де
өнерлі
Азамат атты
баламын.