Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Кызылорда олысы,Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы КМҚК №7 «Шұғыла» бөбекжайының Iсанат тәрбиешісі. Саламатова Кулайм Бақбергенқызы

Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс-«рекеті: Жаратылыстану Тақырыбы. Жабайы және үй жануарлары Мақсаты. Үй жануарлары және жабайы жануарларының ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту,ой қиялын дамыту,жағдаяттарды шешу жолын үйрету. Табиғатқа,ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу.танымдық, есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын аттыру.Жануарларға деген қайырымдылыққа тәрбиелеу. Электронды оқулықты пайдалана отырып,,ой өрісін,зейінін дамыту. Әдіс-тәсілі: Ойын,тапсырмалар, ТРИЗ технологиясы, «Жақсы –жаман» д/о «Ненің құйрығы?»ойыны,«Төлдерін ата»ойыны, Д/О «Не нені жейді» , Д/о «Мекенін тап Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер:электронды оқулық, проектор,жануарлардың жеке топтама суреттері, Дидактикалық ойындар,карточкалар,т.б Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: жабайы және үй жануарлары суреттерінің топтамасын дайындау. Балаларға жабайы және үй жануарлары туралы әңгімелеу.

Билингвалды компонент. Жабайы-дикий,үй жануарлары-домашние животные

Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Сыйқырлы қаламды қосып жануарлардың дауысын тыңдату.Ненің дауысы екенін сұрау.

-Балалар ,бізге бүгін үй жануарлары қой,сиыр,ешкі,түйе бізге қонаққа келді. Тәрбиеші балалардың назарын тақтаға үй жануарларының суретіне аударады. (қой,сиыр,ешкі,түйе)

-Сендер қалай ойлайсыңдар ,неліктен оларды біз үй жануарлары деп атаймыз? Олар үйде ме,әлде үй жанында тұрама? - деп балалардан сұрап анықтайды. -Олай болса балалар,олардың бізге келген себебі, сендерден көмек сұрай келіпті. Олар төлдерінен адасып қалыпты. Айтуларынша орманға қарай шығып кетсе керек. -Енді балалар, олар орманға төлдерін іздеп барғысы келіп тұр.

Қалай ойлайсыңдар,үй жануарларына орман қауіпті емеспе?

Үнтаспалан дауысты тыңдайды.

Ненің даусы екенін айтады.

Балалардың жауабы өйткені оларадамдардың жанында өмір сүреді,адамдар оларды күтіп,баптап жем,шөптерін дайындап береді. Олар үйдің жанында қорада өмір сүреді.

Орманда қауіпті екенін айтады.

Іздену –ұйымдастырушы

Рефлексивті коорекция

Ойын «Жақсы –жаман»

-Ал енді жаңа оздерің айттыңдар,жануарлар мекендейтін орманның орман қауіпті дедіңдер, қалай қауіпті болуы мүмкін? Осы қауіп келтіретін жаман жақтарын айтып көрейікші.

-Оларға қалай көмектесуге болады.?

Балаларлың жауаптарын тыңдайды.,толықтырады.

Тәрбиеші жақсы жағын айтайық.

-Иә, үй жануарларына орман ұнауы да мүмкін. -Өйткені ол жақтан шөп жейді,су ішеді.т.б тіпті үй жануарлары мен дала жануарлары достасып кетуі де мүмкін.

Балалар, біз жануарларға көмектесе аламызба? - Олай болса,қалай ойлайсыңдар? -Орманға немен баруға болады.?

Дьенш жинағын пайдаланып орманға баратын жол жасап алайық.

- Жол салу үшін қандай пішіндерді пайдалануға болады? -Түстерін үш тілде атап бере аласыңдарма ?

-Міне, орманға да келдік. -Балалар орманда кімдер,нелер тұрады екен, оларға қарайық не байқадыңдар?

Слайдтан сурет көрсету ( қоянның құйрығы қасқырда, қасқырдың құйрығы түлкіде ) «Ненің құйрығы?»ойыны -Балалар мына суреттегі сияқты жануарлар бола ма?

Қандай жануарларды білесіңдер? Балалар, мұнда да қиындық туып тұр екен,жабайы жануарларда өз төлдерін таппай жатыр екен. Өйткені олардың төлдері,үй жануарларының төлімен ойнаймын деп араласып кетіпті. Енді жабайы жануарларда өз төлдерін ажырата алмай жатыр екен. Қане, балалар көмектесіп жіберейік. «Төлдерін ата»ойыны Тәрбиеші балаларға электронды оқулық арқылы (сыйқырлы қалам)

1.Үй жануарларының төлдерін орналастырып,оны атап, дыбыстарын салу керек екенін түсіндіреді.

Сиырдың төлі- бұзау

-Бұзауды көрсетші... -Бұзаудың енесі қалай аталады?

-Қозыны көрсетші... Қозының енесі қалай аталады? -Лақты көрсетші... –Лақтың енесі қалай аталады?

-Ботаны көрсетші...

-Ботаның енесі қалай аталады? -Міне балалар,төлдерде өз аналарының қасына барып қуанып жатыр.Сендер қамқорлық жасадыңдар.

2. Жабайы жануарларды топтастырып,көрсетіп дыбысталуын салып көрейік.

(балалар тапсырманы орындайды).

Үй жануарларымен,жабайы жануарларды ажыратып айтады. Міне балалар енді орыс тілінде айтып көрейік.

Жабайы жануарлар -дикие животные, үй жануарлары-домашние животные

балалар

«Қимылын келтір» ойыны Музыка ойнатады.жылдам әуен ойнағанда қоян сияқты секіріп,баяу әуенге аюдың т.б қимылын жаса.

-Балалар тобымызға қайтайық,үй жануарларына төлдерін табуға көмектестік, өз қораларына орналастырайық.

Енді есімізге түсіріп көрейік.

- Біз орманда нелерді жолықтырдық?

Жабайы жануарлар туралы не білдік?

-Олар қайда мекендейді екен?

-Немен қоректенеді екен?

«Көңілді шеңбер»ойыны арқылы оқу іс-әрекетін қортындылау.

Д/о «Мекенін тап» «Көңілді шеңбер», 1. Балаларды аңдармен таныстыру,
олардың мекені туралы әңгімелеу. 2. балалардың ой-өрісін дамыту,әрбір баланыңөзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке- дара жұмыс жүргізу.
3. Бүлдіршіндердіұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Барысы: Жабайы жануарлардың мекенін табу түсіндіріледі.

Аю-жабайы жануар.ол орманда мекендейді. Олардың жерден қазып алған апаны болады.Ол қыс бойы ұйықтап жатады.т.б.

Д/О «Не нені жейді» Аюды немен тамақтандырдық?

Қасқырды... Түлкіні... қоянды ... тиінді... Кірпіні...

Оқу іс әрекетінде немен айналысқанын айтуды ұсыну. Балаларды мақтап ,мадақтау.

Балалар жауабы тыңдалады.

-Төлдер кішкентай оларды жабайы жануарлар жеп қояды.егерде олар ауырып қалса ешкім көмектеспейді. Өйткені мұнда дәрігер, жоқ

-Орманда көптеген ағаштар бар,сондықтан ауа-райы таза.орманда саңырауқұлақтар ,жеміс-жидектер өсіп тұр.гүлдер,көбелектер бар...т.б

-иә

Тік төрт бұрыштарды.

Көк-синий Сары-желтый Қызыл-красный

балалар жауабы тыңдалады.

Балалардың жауаптары.

Адамдар,жануарлар,жәндіктер,құстар

-Жоқ болмайды.жануарлардың денесі шатасып кетіпті.

Қасқыр,қоян,түлкі,аю

-сиыр

-қой

Ешкі

Түйе

Балалар сыйқырлы қалам арқылы жануарлардың суретін көрсетіп, жабайы жануарларды ажыратады.дауысын табады.

Балалар тәрбиешімен орыс тілінде қайталайды.(2-3) рет

-балмен -сүйектермен -балықпен -сәбізбен -жаңғақпен -алмамен

Балалар жауабы тыңдалады...

Қамқор болуымыз керек.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек.Аң түрлерін толық ажырата білуді

Нені игерді:үй жануары және дала жануарлагының атауын ,ерекшелігін

Нені біледі:Аңдардың қимылдарын келтіруді,оларға қамқор болуды

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ