Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Жамбыл облысы, Талас ауданы,

Қызыләуіт ауылы

Мыңатай Қыстаубайұлы

атындағы орта мектебінің

даярлық сынып мұғаліміКалымбетова Эльмира Букебаевна

Білім беру саласы: Таным

Білім бөлімі: математика

Тақырыбы: Бүтін және бөлік

Мақсаты:

а) бүтін және бөлік терминін енгізу, бүтінді бөліктерге бөлуге бөліктерден бүтін құрастыруға үйрету

ә) ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін дамыту. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту

б) ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: бүтін, бөлік, жарты, ширек

Іс-әрекет кезеңдер

Педагогтық іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

- Балалар сендер түрлі-түсті қағазбен жұмыс жасағанды жақсы көресіңдерме?

- Түрлі-түсті қағазбен қай кезде жұмыс жасаймыз?

- Дұрыс, олай болса, математика сабағында түрлі-түсті қағазды пайдаланайық, жұмыс жасайық.

Іс-әрекетке қызығушылықтары пайда болды.

Ұйымдастыру

шылық ізденістер

- Балалар алдарыңда жатқан геометрилық пішіндерді атаңдаршы

- Дұрыс геометриялық пішіндерден заттардың пішіндерін құрастырамыз

- Ненің суретін көріп тұрсыңдар?

- Соны геометриялық пішіндерден құрастырамыз.

- Алдарыңдағы дөңгелекті беттестіріп бүктейміз (бүтін екенін айта кету керек)

- Содан соң сызық бойымен қиямыз

- Неше жарты болды?

Ендеше жаңа тақырыппен танысайық (бүтінді бөлу кезеңін түсіндіру)

Бүтін және бөлік

- Жарты дөңгелектерден саңырауқұлақ құрастырамыз


- Төртбұрышты ек і бөлікке бөлеміз, бөліктерді щирекке бөлуге


- болады. (ширек мағынасын түсіндіру)

- Бөліктерден шырша жасауға болады.


- Алдарыңдағы үшбұрышты, шаршы төртбұрышты, тіктөртбұрышты бүктеу арқылы жарты бөліктерге бөлуге болады


- Қане, жасап көрейік.


- Сонымен, балалар, бүтін жарты, ширек сөзінің мақсатын түсіндіңдер ме?

Сергіту сәтін жасату

3-І 5-П 7-Т

4-К 6-А 8-И

- Мысыққа сөзжұмбақты шешуге көмектесейік

Әр көпбұрыштың бұрышын санап шеңбер ішіне цифрды жазу. Шыққан сөзді оқу, артық әрпін қоршау.

Сергіп болсақ әліппе – дәптерімізді ашайық

№1 суретті бояу

№2 сандардың құрамын табу

№3Фигураның бөлігін табу

№4 Сандарды жазып, (бастыру) суреттерді үзік сызықтарды бастырып, штрихтау

Балалар тапсырманы орындайды

Бөліктерден шырша жасады

Сөзжұмбақты шешті, сөзді оқыды, артық әріпті қоршады

Рефлекциялық-түзетушілік

- Қандай жұмыс жасадық?

- Бүтіндіжарты, ширектерге бөлдік.

- Бүтін жарты ширек сөздермен таныстық

- Қалай меңгергендеріңді байқайын.

Суретпен жұмыс

Геометриялықпішіндердің жарты бөліктерін табу.

- Бөліктерді дұрыс таба білген балаларды, саңырауқұлақ, шыршаны құрастырған балаларды мадақтау

Бөліктерге бөлді

Күтілетін нәтиже

Нені білді: Бүтін және бөлік туралы білді

Меңгеруі: Бүтін және бөлікті меңгерді

Көрсете білуі: Берілген тапсырманы орындады

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ