Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Астана қаласы

№49 орта мектеп

Дүйсебаева Ж.Қ.

Тақырыбы:«Табысқа жету қажеттілігі»

Мақсаты: оқушылардың табысқа жету, жетістікке бағытталу деңгейін жоғарылату, сенімділікті дамыту.

Көрнекіліктер:ақ қағаз, түрлі-түсті қарындаш, әуен.

«Орын ауыстыру».

Оқушыларға сұрақтар қойылады, сол сұрақтармен келіскен адамдар орындарын ауыстырады.

- Кімнің есімінің ішінде «А» әріпі бар, орындарын ауыстырсын.

- Кімнің 1 млрд доллары бар орындарын ауыстырсын;

- Кім болашақ мамандығын нақты таңдады орындарын ауыстырсын.

- Кімнің есімінің ішінде «Н» әріпі бар, орындарын ауыстырсын.

- Кім болашақта үлкен жетістіктерге жетеді орындарын ауыстырсын.

«Өмірлік кредо» жаттығуы

Оқушылар өмірлік кредоларын айтып, соны әуенге салып айтып береді. Қалғандары қайталайды.

«Менің өмірім бес жылдан кейін» проективті әдіс

Оқушылар бір парақ қағазға бес жылдан кейінгі өмірлерін салып береді. Парақтың артына «Мен алдағы өмірдің бес жылын қалай өткізгім келеді» деген тақырыпқа өз ойын жазып шығады. Ішінен үш ең бастысын таңдап алады.

Абай туралы әңгіме

Шай ішіп отырған кезде еңгезердей бір қара кісі кіріп келді. Басында тымағы, үстінде жыртық қой жүні шекпен, аяғында киізден сырған башмақ, алқам-салқам тоңған кісі сықылды. Абай әлгі келгенге тесірейіп қарады да, Әйгерімге:

-Мынау кім?-деді.

Әйгерім: -Бұл менің қойшым, өзі Көкше, қыстай қой жаюға жалдап алып едім, -деді.

Абай: -Әй, Әйгерім, сен қойды жақсы көресің, қойбаққан кісіні жалаңаш қоясың. Тоңған, ашыққан адамда ақыл, қайрат бола ма, бұл да өзіңдей адам емес пе? Мен осында үш күн қонып, Семейге жүремін, мен жүргенде мына қойшының киімін бүтінде, -деді.

Әйгерім қатты қысылып: -Жарайды, өзім де киім тіккізіп жатыр едім, тез бітірейін енді, -деді.

Қойшы шайға тойып, терлеп отырғанда Абай:

-Ей, Көкше, енді ертегі айтшы дейді.

Қойшы: -Абай аға, кедейде ертегі бола ма? Не айтамын?

Абай: -Сені кім кедей қылды?

Қойшы: -Мені кедей қылған Құдай-дағы.

Абай: -Не, Құдаймен бұрыннан араздық, өштігің бар ма еді?

Қойшы: -Жоқ.

Абай: -Ендеше неге Құдайдан көресің?

Қойшы: -Мал бермеген соң, айтқаным ғой.

Абай: -Құдайдың елге үлестіріп жатқан малы бар ма еді?

Қойшы үндемеді.

Абай қойшыға қараған көзін аударып, біз жаққа қарады да:

-Міне, біздің қазақтың көбінің сөзі осылай келеді. Бұл – зор адасқандық. Жас шағынан жалқаулыққа салынып алады да, талап қылып, талпынып, алысқа барып еңбек қылып мал таппайды. Мұндай адамдар ішсе тамаққа, кисекиімге жарымайды, жоқшылықтан арылмайды. Ол жоқшылықты, кедейлікті Құдайдан көреді. Құдай оған еңбек қып, мал таппа деп пе? Осы уақытта үлкен қалаларда, зауытта жұмыс істеуші жұмысшылар бастарын қосып, байға ақымызды жегізбейміз деп жатқандар бар. Олар Құдайдан мал сұрамайды. Аянбай еңбек қылып, оны күш қосып бірігіп жоқтап алады. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей, -дейді. Дәулетияр Бітімбайұлы – Абайдың үлкен ұлы Ақылбаймен көрші тұрған, осы әңгімені тыңдап, жазып алған адам.

Бұл әңгіменің негізгі мағынасы – оқушыларды еңбек етуге, жауапкершілікке шақыру, жалқаулықтан арылуға бағыттау.

Қос бақаның қиссасы

Бір топ бақа қорек іздеп орман ішінде тарбаңдап келе жатады. Кенет, қапталдас келе жатқан екі бақа терең шұңқырға байқаусызда құлап кетеді. Мұны байқаған қалың бақа шуласқан күйі шұңқырдың ернеуін жағалап, жиыла қалады. Шұңқыр тереңдігін көрген олар бірден жолдастарының аман шығуынан күдер үзіп, екеуіне басу айта бастайды. Төмендегі қос бақа қатты қорыққанынан қаптаған шуылға құлақ салмай, бар күштерін салып шұңқырдан шығуға тырбанып бағып жатыр. Жоғарыдағы көпшілік екеуінің босқа еңбектеніп жатқанын жамыраса айтып, тоқтар емес.

Бір кезде екеудің біреуі секіруін доғарып, көптің сөзіне құлақ қояды.Сол-ақ екен бірден бойын үмітсіздік билеп, салы суға кетіп, тарбаң етіп төрт аяғын жоғары көтерген күйі өлді де қалды. Ал екінші бақа оған мән берген жоқ. Секіруін де тоқтатқан жоқ.

Ал ернеудегі бақалардың бақылдаған айқайы одан әрі үдеп кетті. «Жаныңды қинама!», «Өлімге мойынсұнсаңшы!», «Болды ғой, енді!»-деген «жанашыр» сөздер әр жерден естіліп жатыр. Тереңдегі бақа секіруін арттыра түсті. Бойындағы бар күшін жиып, соңғы рет ышқынып еді шұңқыр аузына келіп ілікті. Одан ары бір-ақ секіріп сыртқа шығып кетті.

Мына ерлікке қатты таңқалған қалың бақа мұны қаумалап қоршап алды. «Сен біздің айқайымызды естімедің бе?»-деп жатыр. Ол болса: «Менің құлағымның мүкістігі бар еді. Тар жерде мүлде естімей қаламын. Бағана, шұңқыр ішінде болғанда ұзақ уақыт бойы сендер мені өмір үшін күресуге жігерлендіріп шулаған боларсыңдар деп ойладым»-деген екен.

Ғибратты мысалдың үш түрлі сабағы бар.

1. Өлім мен өмірдің күші тілде жасырынған. Қуаттандырып, жігерлендіруші сөз төмендегіні жоғарыға көтереді. Мақсатқа жетуге жол ашып, үмітті оятады.

2. Тұқыртып, үміт сәулесін өшіретін сөз төмендегіні өлтіріп тынады. Сол үшін ауыздан шыққан сөзге абай бол!

3. Ақылыңмен шешіп, дұрыс деп тапқан ісіңді жүзеге асыра аласың. Өзгелердің ой-пікірі үмітсіздікке ұрындырмасын.

Ең үлкен кедергі - қорқыныш

Ең үлкен қателік – рухтың сынуы

Ең қауіпті адам – өтірікші

Ең қауіпті сезім – қызғаныш

Ең жақсы іс- кешірім

Ең жақсы қорғаныш – күлімсіреу.

Ең мықты күш – сенім!

“Қатаю, күшею қош бол!” жаттығуы

Мақсаты: Қатаюдан арылудың тәсілдерін оқыту.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Қазір біз сіздермен жарысамыз. Газет парағын алыңыздар, оны мыжығанда бүкіл күшіңізді салыңыз. Алысырақ тастаңыз.

Талдау:

Өзіңізді қалай сезінесіз?

Өз қатаю сезіміңізден арылдыңыз ба?

Жаттығуға дейінгі, кейінгі сезімдер.

«Құлау» жаттығуы

Мақсаты: қорқыныштан арылу және сенімділік қалыптастыру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Оқушылар топтарға бөлініп, бір оқушы артқа қарай құлау керек, қалған оқушылар қолдарымен қағып алады.

Талдау:

Жаттығуды орындаудан кейінгі көңіл-күйіңіз?

«Ия» жаттығуы.

«Сен бүгін тренингке қатыстың ба?»

«Тренинг ұнады ма?»

«Сенің 1 млрд доллар ақшаң бар ма?»

«Сен ерекше жансың ба?»

«Сенің жолың жеңіл ме?»

«Сенің қолыңнан бәрі келеді ме?»

Рефлексия. Тренинг несімен ұнады?

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов