ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта буын және сөздің буындық құрылысын анықтауға,ырғақ бойынша дыбыстарды,буындарды анық айтуға үйренеміз.Ол үшін берілген тапсырмаларды жақсы орындауымыз керек.
А)Дауысты дыбыстарды ритм бойынша айту.
А-а, аа-а, аа - аа,ааа - аа, а - аа,ааа - а
Оо - о,оо - оо,о - оо,ооо - о, оо - ооо
У-у,уу - уу,у - ууу,ууу - у,уу - у
Ә)Буындарды ырғақпен айт.
са-са –са-са то-тооотооо-то
са-саасаа -са тааатаа-та-та-та
зоозооо-зо до-до-доодоодооо
зо-зооозооо-зо дааадааа-да-да-да
Б)Буындарды жоғары және төмен дауыспен оқу.
До Зо
Да Та За Са
То То Со Со
Та Да Са За
- Буындардан сөз құра.
-Оқушыларға бірнеше буындар беріледі, буындарды сәйкестендіріп сөз құрауы керек.
Пи (яз) Ал (ма,мұрт)
Сә (біз) Ба (нан)
Қи (яр) Жү (зім)
Қау (ын) Ши (е)
Қар (быз) Ли (мон)
- «Кубизм»ойыны
Ойын шарты: кубиктің әр қырында нүктелер бар .Бала кубикті домалатады.Неше нүкте түссе, сонша буында сөз айтады.
(бір буынды, екі буынды, үщ буынды, төрт буынды сөздер болуы мүмкін: нан, бал, алма, анар, қарақат, шабдалы, асқабақ, орамжапырақ т.б.)