Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Жамбыл облысының

Байзақ ауданы

Қарасу ауылының

Қарасу орта мектебінің

мұғалімі

Тасбауова Жанна Медербековна

Әліппе

Сабақтың тақырыбы: «Дыбыстарды қайталау»

Мақсаты: 1) Білімділік: Әліппеден өткен әріптерді саяхат жасау арқылы пысықтау, білім деңгейін деңгейлік тапсырмалар арқылы тексеру. Сауатты таза жазуға дағдыландыру.

2) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын байыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік: Халқымыздың салт-дәстүрін жалғастыра отырып, үйреніп, құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер плакаттар, текшелер, кеспе әріптер, ойындар, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар біз әліппедегі барлық әріптермен таныстық. Бүгін бізде «Дыбыстарды қайталау» сабағы, ол ерекше сабақ болмақ , өйткені бұл сабақта біз сендермен «Жеті ата» ауылына саяхатқа шығамыз. Әр ауылдың бізге дайындаған тапсырмалары бар, сол тапсырмаларды орындау арқылы біз келесі ауылға бара аламыз. Ал орындай алмасақ, сол ауылда қалып қаламыз да, келесі ауылға бара алмаймыз. Кім түгел жеті ауылды аралап шыға алады екен? Ендеше саяхатқа шығуға дайындалайық, бір бірімізге «Сәт сапар» тілейік!

1. «Ата» ауылы. (Бұл ауылдың тапсырмасы 1 деңгейдің 1-ші тапсырмалары)

Үйге берілген ъ таңбасына арналған «Біздің үй» мәтінін тізбектей оқытамын. Әр бала бір сөйлемнен мәнерлеп жылдамдатып оқып шығады.

-Жақсы, балалар, келесі ауылға жылжиық.

2. «Әке» ауылы (1-деңгейдің 2- тапсырмасы)

Бұл ауылдың тапсырмасы «Ой қозғау» әдісі боынша тақтадағы берілген тірек сөздерді оқып, сол сөздердің көмегімен жауап беру керек:

- Әліппе бізге не үйретті?

- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыс дегеніміз не?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

3-тапсырмасы:

- Дауысты дыбыстар қалай дыбысталады? (ашық, қысаң)

- Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді? (мұрын жолды және ерін дауысты)

- Сөз неден құралады?

- Сөйлем неден құралады?

Осы сұрақтарға жауап алған соң келесі ауылға өтеміз.

3. «Бала» ауылы

2- деңгейдің 1-тапсырмасы:

Бұл ауылдың тапсырмасы «Венн диаграммасы» бойынша дауысты, дауыссыз дыбыстардың айырмашылығын, ортақ қасиеттерін табу.

2- тапсырмасы:

«Ішіне, сыртына» әдісін пайдаланып, берілген дауысты, дауыссыз дыбыстарды бөліп жазу

4. «Немере» ауылы

–Балалар, ауыл аралап шаршаған болармыз. Олай болса, сәл сергіп үйреншікті сергіту жаттығуын жасап алайық

Бас бармағым алғашқы,

Балаң үйрек жалғасы.

Ортан терек ағасы,

Шылдыр шүмек нағашы.

Кішкене бөбек балақан,

Бәріне ортақ алақан.

-Балалар, тынықсақ, ары қарай жылжиық, бізді енді қандай ауыл күтіп отыр екен.

5. «Шөбере» ауылы

3-деңгейдің 1- тапсырмасы:

Бұл ауыл бізге ойын тапсырма дайындапты. Ойын «Шашылған әріптер»

Мақсаты: Балаларға кеспе әріптер шашылып беріледі. Балалар олардың қандай дыбыс екенін айтады, сол дыбыстардан сөздер мен сөйлемдер құрайды.

Мысалы: Д-дауыссыз дыбыс, д-дыбысы сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында кездеседі. Домбыра. Дода. Ломбард. Мен атамнан домбыра тартуды үйреніп жүрмін.

6. «Шөпшек» ауылы

3-деңгейдің 2-тапсырмасы:

Бұл ауыл бізге жұмбақтар дайындапты. Жұмбақтардың шешуін тауып, тақтаға жазу керек. Оларға дыбыстық талдау жасау керек.

Ішіне түйме толтырып,

Бүйірі шықты қомпиып. (Қарбыз)

Оңымнан оқы- тағаммын,

Солымнан оқы- тағаммын

Күні жоқ менсіз адамның ( Нан)

Байқатпай-ақ биіктетер,

Бүкіл елге сүйікті етер (Кітап)

5. «Немене» ауылы

4- деңгей тапсырмасы:

Бұл ауыл «Бұл не?» деген ойын дайындапты. Ойынның мақсаты: берілген суреттердің жобалы атын тауып, табылған сөздерді буынға бөлу, сурет тақырыбынаа байланысқан 4-5 сөйлем құрату арқылы қысқаша әңгіме жазу.

- Міне , балалар, «Жеті атаның» соңы «Немене» ауылының тапсырмасын да орындап шықтық. Әр ауылдың тапсырмасы едәуір күрделі болды. Бірақ, біз бәрін оқып білгендіктен сынақтан сүрінбей өте алдық.

Қорытынды:

- Міне балалар, саяхаттан оралдық. Саяхатқа барлығың да жақсы қатыстыңдар. Жеті ауылдың адамдары сендердің білімдеріңе риза болып жатыр. Бүгін жеті атамызбен танысыа отырып,, әліппеден алған білімдерімізді қайталадық. Аталарымыздың «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер» деген сөзі – шыққан тегін, ата-бабасын білген оқушы , өскенде туған туысқандарына мейірімді, жақыныны танитын жақсы азамат болып өседі екен. Енді бәріміз жеті атамызды ұмытпайтындай, еске сақтап, қайталап шығайық. Ата- әке- бала- немере- шөбере- шөпшек- немене

Үйге тапсырма:

1.Әр бала өзінің жеті атасының аттарын білу, жатқа айту, есінен шығармау

2. Дыбыстарды қайталау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ