Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақтың тақырыбы: Ертегі әлемінде

Сабақтын мақсаты: Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардын бейнелеу қабілетін және көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.

Міндеттері: Балаларға бейнелеу өнері тілінің негіздерін түсіндіру, шығарманың мазмұны мен пішінінің тұтастығын көруге, шығарманың және жанрдың әр түрін өз бетінше талдауға үйрету.

Дамытушылығы: белсенділігін арттыру, танымдық және шығармашылық әрекетін дамыту.

Тәрбиелігі: әдемілікке, ұқыптылыққа, деңгейлік жұмыс кезінде өзін- өзі дұрыс ұстап жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтын өткізілу түрі: жинақтамалы.

Сабақ түрі: топпен және жеке.

Қолдануы және әдістері: ауызша көрнекті және жартылай іздемпаздық.

Техникалық құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, көрнекті бейнелеу құралдары, дыбыстық слайд фильмдер.

Күтілетін нәтиже:

Сабақ барысында оқушылардың ынталары мен қызығушылықтарын қалыптастыру, өз бетінше бейнелеу іскерлігін меңгеру, сурет салуына, танымдық шығармашылық белсенділігіне әсер ету арқылы әр оқушы танып-білуге және шығармашылыққа қажетті затты санасына жеткізу. Өз беттерімен үйлестіруге,еске сақтап сурет салуға, сурет тақырыбына байланысты образдарды тұрғызуға, қимыл қозғалыстарды бейнелеуге, заттардың түр-түсін беруге бейімдеу.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушыларды түгендеу,

-құрал-жабдықтарын тексеру.

II. Сабақтың мақсат міндеттерімен таныстыру.

Сабақтын тақырыбымен таныстыру.

III.Өткенді қайталау.

Өткен сабағымызда бейнелеу өнері жөнінде сөз қозғағанбыз қазір сол сабағымызды бекіте кетсек, сонымен сіздерге қойылатын сұрақ:

Мұғалім:

1. Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңыздар? (графика, кескіндеме, мүсін, дизаин қолөнері, сәулет өнері)

2. Бейнелеуге қажетті түсініктер?(түс,пішін,рең,үйлестіру)

3. Бояу түрлері?(акварель, гуаш, қарындаштар)

4. Жарық көлеңке деген не?

5. Рең түрлері дегеніміз не?(жылы-ашық, суық-қою түстер)

6. Бейнелеу өнері қандай өнерлермен тығыз байланысты?(театр, кино,опера,балет,ән-күй, көркем әдебиет т.б)

7. Пейзажда бейнеленген?(табиғат)

8. Қазақ халқының ұлы суретшілерінің есімдерін ата?(Ә.Қастеев, С.Романов, Г.Исмаилова)

9. Натюрмортта не салынады?(өлі заттар)

10. Портрет дегеніміз не?(жеке бейне)

IV . Жаңа сабақ

Оқушы:

Ғажайып түс көрдім

Таң ата мен бүгін.

Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім.

Нұрына шомылдым мен бүгін,

Жұлдыз айы көркем,

Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді,

Бұлттары билейді...

Мұғалім:

Бұл өленде ертегі әлеміндегі ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымыздын тақырыбы да «Ертегі әлемінде»деп аталады.

Демек бізді әрқашан алыс жолдарға жетелейді.Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.

Бар екен де жоқ екен,

Ерте ерте ертеде

Ешкілері бөрте екен,

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрықтары ұзын екен...

Иллюстрация, суреттер көрсету, қандай ертегілер екенін еске түсіру. «Алтын балық», «Қожанасыр», «Мақта қыз бен мысық»ертегілерінен үзінділер оқу. Интерактивті тақтанын көмегімен ертегілер иллюстрациясын тамашалау.

V. Сергіту сәті:

Жаңылтпаштарды жылдам қайталап үйрену.

1. Шеше, неше кесе сынды кеше?

2. Екі семіз қозым бар,

Семіз сегіз, қозым бар.

3. Ай, ай Айдарбай

Иір мүйіз сиырды

Үйіне айдай бар.

4. Торта қойдым

Орта қойдым.

Торта қойдым,

Жорта қойдым.

VI. Сарамандық жұмыс:

-Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау.

-Ұнаған ертегіні еске түсіру арқылы, иллюстрация жасау.

-Топпен және жеке жұмыстар жасау.

-Оқушыларға жәрдемдесу.

VII .Сабақты қорытындылау.

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?

Сабақ несімен ұнады?

Ертегі дегеніміз не?

Олардың жазылу мақсаттары?

Қандай түрлері бар?

Сарамандық жұмыстын қорытындысында көрме ұйымдастырылады. Әр жұмысқа баға беріледі.

VIII. Үйге тапсырма:

Келесі сабақтын тақырыбы «Дизаин». ПВА желімі, қайшы, түрлі түсті қағаздар әкелу. Категория: ИЗО и черчение / Добавил: Бахыт (2011-06-15) Е

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ