6 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Тігін машинасында құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі»
Сабақтың білімділік мақсаты: Тігін машинасының құрылысымен, жоғарғы және төменгі жіптің реттеу қызметімен таныстыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың тігін машинасымен жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын оята отырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауға, өзара көмек көрсетуге, қызығушылықтарын арттыра отырып, еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал - жабдығы: интерактивті тақта, компьютер, тігін машиналары, нұсқау карта,тест, қайшы, жіп, үйлестірме қағаздар.
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі,сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс: математика, информатика, тарих
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу.
ә) жоқ оқушыларды белгілеу.
б) жұмыс орнын сабаққа даярлау.
в) оқушыларды топқа бөлу
г) оқушыларға бағалау парағын тарату.
ІІ. Өткенді қайталау
Машина жасау өндірістің жетекші саласы болып табылады. Оны өнеркәсіптің жүрегі деп айтуға да болады.
Машина жасау - көп тармақты сала, оған станок жасау, әуе машиналарын жасау, трактор жасау, жеңіл және тағам өндірісіне арналған машиналар жасау салалары енеді.
Машина жасаудың түп бастауы көне ғасырларға қарай кетеді. Адамдар көне Мысыр елінде қарапайым станоктарды пайдаланған. Машина жасау тарихында көптеген ұлы ғалымдар мен конструкторлар үлкен жаңалықтар ашып, көптеген адамдардың машина жасаушы кәсібімен айналысуына жол ашып берді.
Ой қозғау. Тігін машинасымен не істейміз? - сұрағын қою арқылы жаңа тақырыпты ашу.
1. Машина дегеніміз не?
2. Тігін машинасы дегеніміз не?
3. Тігін машинасының атасы деп кімді атаймыз?
4. Тігін машиналарының түрлерін атаңыз?
5. Қазіргі тігін машиналарының қандай ерекшеліктері бар?
6. Тігін машинасының қандай бөлшектік құрамдарын білесің?
7. Тігін машинасында тігілген тігім сапалығын қалай анықтайды?
1. Топпен жұмыс
І топқа - Кластер құру
Қандай машина түрлерін білесің?
Автоматты
Өндірістік
Жартылай
автоматты Механикалық
аяқ-қолмен тігілетін
Электрлі Тұрмыстық
Арнайы
ІІ топқа – Сәйкестендіру тесті
1. Өндірістік тігін машиналары А) 1 ғана операция орындайды
2. Тігін машинасы не үшін керек Ә) бұйымды тігу үшін
3. Тігін машинасының бөлшектері. Б) сырып тігетін, арнаулы жартылай автоматты
4. Арнаулы тігін машинасы нені орындайды? В) табан, қол, маховик, ине, шөрнек
ІІІ топқа – Венн диаграммасы
Қол және машина тігістерін салыстыр. Айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жаз.
2. Жеке тапсырма. Жеке оқушыларға карточкалар таратылады
Тігін машинасының құрылысының атауларын сәйкестендір
Оқушылардың білімдерін тексеру, бір-бірінің тапсырмаларын тексереді.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Тігін машинасынның құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі.»
Сабақтың мақсаты: Тігін машинасының құрылысымен, жоғарғы және төменгі жіптің реттеу қызметімен таныстыру.
Қандай да болмасын машинамен жұмыс істеу алдында мына дайындық істерін атқару қажет:
- үстіңгі және астыңғы жіптер өткізіліп, астыңғы жіп үстіне шығарылады;
- мата табанның астына салынып табан түсіріледі де, жіптер жинақталып, табанның астына жіберіледі;
- инешаншымның ұзындығы, үстіңгі және астыңғы жіптердің керілуі , тігіс сапасы тексеріледі.
Үстіңгі және астыңғы жіп өрілімі екі материалдың біріктірілген жерінен өткен тігім сапалы болып есептеледі.
Тігін машинасымен жұмыс барысында тігім ақаулары пайда болуы мүмкін: бос тігім, қатты тартылған тігім, үстіңгі жіптің іркілуі, астыңғы жіптің іркілуі.
Тігім сапалы болу үшін астыңғы және үстіңгі жіптің керілісін реттеу қажет. Үстіңгі және астыңғы жіптерді дұрыстап реттемесе, тігіс сапалы болмайды. Жіп жақсы реттелмеген жағдайда, тігістің үсті немесе асты ілмектеле береді, ол әрине, тігіс сапасын төмендетеді. Керісінше, жіптердің тартылуы өте тығыз болған жағдайда, тігіс тығыздалып тартылып қалады. Бұл ретте де тігісті сапалы деп айтуға болмайды сондықтан алдымен үстіңгі жіптің тартылуын, кейін астыңғы жіпті реттеу керек.
Тігімді реттеу жіпкеру құрылғысы көмегімен орындалады.
Жіптің тартылуын реттеу
Тігін машинасына тігіс үстіңгі /ине/ және астыңғы /шөрмек/ жіптердің айқасуынан пайда болады
Үстіңгі жіпті өткізгенде, жіп екі дөңгелектің, яғни үстіңгі жіпті керіп тұратын шайбаның арасынан өткізіледі, ал астыңғы жіпті шөріктің қақпағындағы жіпті керіп тұратын серппеден өткізеді. Осы құрылғылар арқылы жіптің керілуін реттейді.
Реттеуіштің көмегімен жіпті босатып немесе қатты тартып реттеуге болады.
1 – винтті тығырық
2 – теңгерілмелі серіппе
3-жіп тартқыш шайба
4 – тарту шайбалары
5-қалпақ
6 – тарту серіппесі
7 – бұрандалық
Астыңғы жіп кергіш шөрік қақпағынан бос шығып тұрған жіпті тартып көру арқылы жіптің бос немесе тығыз тартылуын байқауға болады.
Дәптермен жұмыс
Тігіс ақаулары
1. бос тігіс
2. тығыз тігіс
3. жіптің астыңғы жаққа ілмектенуі
4. жіптің үстіңгі жаққа ілмектенуі
Ақау, жою әдісі
Үстіңгі тігістің ілмектенуі Үстіңгі жіпті, содан кейін астыңғы жіпті қаттырақ тарту
Астыңғы тігістің ілмектенуі Үстіңгі жіптің тартылуын босату
Тығыз тігіс Үстіңгі жіпті қаттырақ тарту және астыңғы жіпті босату
Бос тігіс Үстіңгі жіпті, содан кейін астыңғы жіпті босату