Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Білім беру саласы:«Коммуникация»

Оқу іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:«Суретші қыс» Қ.Нүсіпов өлеңін жаттау.

Максаты:Өлең арқылы балалардың көңіл-күйлерін көтеру.Балалардың өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту,қар ерекшелігін сипаттау,өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Өлеңді мәнерлеп оқуға үйренеді.Берілген сұрақтарға түсініп жауап береді.

Керекті құралдар:интерактивті тақта,мақта,сулық,түрлі-түсті фольгалар,схема-сурет.

Әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.

Билингвальды компонент: қыс – зима, қар – снег.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық кезең

Балаларға проблемалық сұрақтар беру;

-Балалар,сендер «қыс» деген сөзді естігенде қандай сөз айтқыларың келеді?

-Неге?

-Дұрыс,қыс мезгіліне байланысты сөз айтқыларың келеді.

-Қандай сөзді үнемі қолданасыңдар?

«Қар»сөзін естігенде көз алдарыңа нені елестете аласыңдар?

(аппақ,қар,мұз,салқын,жылтырайды)

-Күртік қарды нағыз қарды қолданбай-ақ қалай жасауға болады?

-Қандай заттар бізге көмектеседі. (қағаз,мата) Қиылған қар бүршіктерінен қар үйіндісін жасау.

-Балалар қар жауғанда ең әдемі қандай қысқы құбылыс болады?

-Ол қалай аталады?

-Қар жауғаннан кейін қандай жерлерді қар басады?(жер,ағаш,үй төбелерін)

Балалар өз ойлары бойынша сұрақтарға жауап береді.

Берілген сұрақтарға өз ойларын білдіреді.

Ұйымдастырушы - ізденушілік

Тәжірибелік жұмыс;

(Үстел үстінде мақта,сулық,түрлі-түсті фольгалар)

Балалар,қардың қандай екенін әр түрлі заттар арқылы білейік.

Мен сендерге көрсетемін,ал сендер атайсыңдар.

-Қар үлпілдеген мамық мақта сияқты.

-Қар аппақ,ақ қағаз сияқты.

-Қар жеңіл,қиылған салфетка сияқты.

Тақпақ жаттау.

1.Тақпақты оқып беру.

2.Сұрақтар қою.

-Балалар,ақын бұл өлеңді қалай деп атаған?

-Ал сендер қалай атар етіңдер?

Балалар сонымен бүгін біз сендермен Қ.Нүсіповтың «Суретші қыс» тақпағын жаттаймыз.Бұл тақпақты жаттауға бүгін бізге суретті схема көмектеседі.

1.Тақпақты схема арқылы оқу.

2.Тақпақты әр түрлі шапшаңдықпен оқу.

3.Тақпақты жануарлардың дауыстары арқылы оқу.(аю,қоян)

4.Тақпақты әуен ырғағы арқылы жаттау.

Балалармен жеке жұмыс;

Балаларды тақтаға шығарып,жеке-жеке тақпақты айту,жаттау.

Берілген заттар бойынша қар ерекшелігін атайды.

Тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Тәбиеші оқуы бойынша өлеңді тыңдайды.

Тәрбиешімен бірге өлеңді мәнерлеп оқиды.

Рефлекстік түзету

Қорытынды бөлім:

-Балалар,бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы тақпақ жаттадық?

-Тақпақта не туралы айтылған?

-Біз тақпақты нелермен жаттадық?

Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Жетекші сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:қыс мезгілін,қарды сипаттай алады,мәнерлеп оқиды.Берілген сұрақтарға түсініп жауап береді.

Нені игереді:өлеңді мәнерлеп оқиды,қыс мезгілінің ерекшелігін сипаттай алады.

Нені менгереді:өлеңді мәнерлеп оқиды,қарға сипаттама бере алады.Қағаз,мата арқылы қарға тәжірибе жасай алады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ