Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Тәуелсіздікке желтоқсанға арналған өлеңдер тақпақтар керек.
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Тәуелсіздік.Желтоқсан.
Толға бүгін, жырла бүгін домбырам,
Жырларымды жүректерге қондырам.
Қыс айының он алтысы жеткенде,
Желтоқсанның ызғарымен тоңдырам.

Сексен алты,  желтоқсанда  айбатты
Жастарымыз  елдің қамын ойлапты.
Желтоқсан мен азаттықты айтқанда,
Еске аламын Ләззәт, Ербол, Қайратты.

Өткенді еске өкінішпен алам ба?
Ұмытпасын  ұрпақтарың балаң да.
Тек қазақ деп соғады деп жүрегім,
Қайсар жастар шығып еді алаңға.

«Көтеріліс»  деген сенің ісіңді
Елің сенің ерлігің деп түсінді
Желтоқсанның куәсі деп орнатты
Тәуелсіздік таңы атқан соң мүсінді.

Жиырма бес  жыл түзеп елім бойыңды
Келешекте іске асыр ойыңды
Дүниені дүркіретіп тойлашы
Келе жатқан Тәуелсіздік тойыңды.
ответил от Batyirxanov
0 голосов
Тәуелсіздікке арнау

Тоңдырмас қайтып елімді,
Сол жылы соққан ызғарлар.
Қайтардық бүгін кегіңді,
Желтоқсандағы құрбандар.
Жиырма төрт жыл өтті арада,
Азаттығымды алғалы.
Сол жылы туған балада
Жігіт боп бүгін қалғаны,
Қанаты бекіп жас қыран,
Қалықтап ұшты көгімде !
Естілді біздің ән ұран,
Алып елдердің төрінде.
Бұзылмай достық қаймағы,
Желбіреп көкте байрағы!
Қазақтығымды паш еткен,
Азаттығымның айғағы!
Бабамыз жатыр бір аунап,
Туды деп бізге ғажап күн.
Жасай бер өрлеп, жалындап,
Тәуелсіздігі қазақтың !
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
7 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от aiko в категории Другое