Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Saiynbek_pro в категории Другое

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Республиканың тәуелсіздікке ие болуы, оның
Қазақстан халқы үшін маңызы
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік: Отанды елді қорғаудың алатын орны мен тәуелсіздік ұғымы тереңірек түсінік беру, оны бағалап үйрету.
ә) Дамыту: білім мен тәрбие бере отырып оқушының ой-рісін, ойлау, қабілетін дамыту, өз бетінше ізденуге дағдыландыру
б) Тәрбиелік; Отанды, туған елі мен жерін, халқын сүюге тәрбиелеу, оқушы бойында патриоттық сезім қалыптастыру елін құрметтеуге елінің болашағын ойлауға баулу.
Сабақтың уақыты:  45 минут
Сабақ өтетін орын:  БӘД кабинеті
Сабақтың көрнекілік: стенд, плакаттар,  проектор, экран
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Оқу сұрақтары:
Тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстан
Қазақстан тәуелсіз егемен мемлекет
Сабақ барысы:
І. ұйымдастыру бөлімі: 10 сынып. 1 взвод
А) взводты сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау
Б) сырт келбеттерін тексеру, түгендеу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы туралы айтып беріңдер?
2. ҚР егемендігі қандай белгілермен сипатталады?
3. Қазақстанның әскери саясаттағы жалпы принциптерін атаңдар?
 

III. Жаңа сабақ. Кіріспе
1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқының саны мың жылдар бойы армандаған арманы жүзеге асып, ҚР мемлекеттік тәуелсіздікке ие болды. Осы тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы найзаның ұшымен, білектің күшімен туған жерді қорғауға сан түрлі соғысты бастан кешті, өзге елдің боданында болып өзге ұлттың айтқанымен жүрді. Сондықтан да бүгінгі күнгі тәуелсіздік ұғымын терең сезіне білуіміз керек.
Тәуелсіздік азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт – сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік. Біздің бабаларымыз ежелден солтүстігі мен оңтүстігінде екі ұлы державамен шектесетін алып аймақты мекен еткен. Ұлтты сақтау үшін қазақ хандарына икемдіде таразыланған саясат жүргізуі, алып көршілерден қолдау іздестіруге тура келді.
Кезінде тәуелсіз Қазақстан тарихының көшбастаушысы, академик М.Қ.Қозыбаев: «Қазақ халқы Ресей империясына бодан болып, 1737-1917 жылдар арасында Отанымыз – патшалы Ресей болды. 1917-1991 жылдары Отанымыз КСРО еді. Осы бір 260 жыл ішінде біз империяға атын берген халыққа тәуелді болдық. Боданшылық идеологиясына қарсы ұлт азаттық қозғалыстар қанға малынды».
 


Қазақстан тәуелсіз егеменді мемлекет.
Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік. Өткен жылдарда біздің мемлекетіміз басты мәселені бүкіл әлем мойындаған тәуелсіз, дербес мемлекет құру міндетін шешті. Оның қауіпсіздігінің кепілі – 1992 жылы 7 мамырда құрылған Қарулы Күштер Ішкі істер министірлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскерлері мен әскери құрылымдары, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет пен Республикалық Ұлан болды. Қазақстан ұлт жанжалы жоқ, этникалық, ұлттық және діни мәселелер бейбіт жолмен шешілетін мемлекеттердің бірі. Қазақстан ядролық қарудан бас тартып тұңғыш мемлекет ретінде тарихта қала отырып, БҰҰ-на мүше болды. Қырық жылға жуық уақыт адамзатқа ажал тудырып келген Семей палигоны жабылды. Өзінің мемлекеттік рәміздерін, төл теңге валютасын, азаматтығын, мемлекеттік шекарасын анықтап, Ата заңын қабылдады. Кезінде әлемге тарыдай шашыраған қазақтар өз ата жұртына орала бастады. Әлемнің көптеген елдерінде Қазақстанның өз елшілігі ашылды. Елбысымыздың тікелей бастамасымен Алматыдан астанамыз Астана қаласына көшіріліп, бүгінде әлемдегі әсем де келбетті қалалардың қатарына қосылып, бейбітшілік пен болашақтың қаласы деген атқа ие болды. Елімізде бүгінгі заман талабына сай жабдықталған өндіріс орындары ашылып, онда әлемдік стандартқа сәйкес өнім өндіріліп шетелге шығарылады. Осындай жетістіктер мен экономикалық дамуының нәтижесі Қазақстанды 2010 жылғы Еуропадағы беделді де белді ұйым ЕҚЫҰ-на төрағалыққа бекітті.

Уақыты     Оқиғалар    Зардаптары
1927-1928    Байлардың малын тәркілеу (конфискелеу)    10 000 адам елден көшіп кетті
1931-1933    Елдегі жаппай ашаршылыққа ұшырауы    2,3 млн адам қаза тапты
1930-1934    Жаппай ұжымдастырудан босқандар    615 мың адамға жуық
1937-1938    Сталиндік репрессия құрбандары    25 мың Қазақстандық
1941-1945    Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары    350 мың адам қаза тапты
1949-1989    Семей сынақ полигонында атом бомбасын сынау нәтижесінде    0,5 млн адам қаза
тауып 1,5 млн адам түрлі ауруға шалдықты
1954-1957    Тың және тыңайған жерді игеру    1млн 450 мың келімсектер келіп қазаққа жат қылықтар келді
1979-1989    Ауған соғысына Қазақстандықтардың қатысуы    22 мың адам қатысып, 900-ден астам адам қаза болды.
1986 ж    Алматыдағы қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы    50 мың жастар кері миграция ағымына ұшырады.
 
ІV. Қорытынды бөлім.
І. Сабақты сұрақтар қою арқылы бекіту.
а) Тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан туралы айтып бер?
ә) Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның жетістіктері туралы не білесіңдер?
б) Тәуелсіздіктің қазақ халқы үшін маңызы қаншалықты?


V. Үйге тапсырма.
Тақырып бойынша дайындалып келу.

VІ. Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақтың аяқталғанын жариялау. Взвод командирінің пәрменінен кейін
оқушылармен қоштасу.






VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    БӘД оқулығы 10 сынып 2006 жыл
2.    «Алғашқы әскери даярлық» журналы №2 2009 жыл
3.    «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы, 2009 №10.
4.    «Қазақ әлемі» М.Тәтімов. Атамұра 1993ж
ответил от Saiynbek_pro

Похожие вопросы