Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

 Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Құрастыру

Тақырыбы:Жиһаз

 Мақсаты: Балаларға құрастыру туралы түсінік беру. Құрастырудың түрлерімен таныстыру, пайдалануға жарамсыз заттармен жұмыс істеуге үйрету. Еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын

Қажетті көрнекі құралдар: Ағащ конструктор, сіріңке қорабы,түсті картон,әр түрлі жиһаздар т.б.

Қос тілділік компонент: жиһаз- мебель

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешенің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті  қызығушылығын ояту кезеңі

Ойын ойнату:

Есік қағылады. Тәрбиеші кім келгенін айтады.

-Балалар бізге Гүлнар , Сәуле, Айсұлу атты қуыршақтар қонаққа келіпті. Олар бізге өздеріне орындықтар, үстел және төсектер сияқты жиһаздар жасап беруімізді өтінеді. Балалар, біз оларға жиһаз жасап берейік. Ол үшін біз сендермен «Жиһаз жасайтын шеберхана» ашып, құрастыру жұмысын юастаймыз.

Әңгімелесу:

Құрастыру дегеніміз не? Бұл әр түрлі заттардан бұйымдар жасай білу шеберлігі. Біз керекті материалдарды табиғаттан аламыз. Олар- бүр, еменжапырақ, бұтақ, ағаш, құстың қауырсыны т.б. сол сияқты пайдалануға жарамсыз заттар бар, оны лақтырып тастағанымен бізге қайтадан қажет болады. Олар сіріңке қорабы, әр түрлі заттың қорабы, пластик шөлмектер, стакандар т.б.

 Бой сергіту.

Қыздар мен балалар доп сияқты секіреді, қолдарын шапалақтайды, аяқтарын топылдатады, көздерін жыпылықтатады, тыныш отырып демалады.

Қуыршақтарды қарсылап, құрмет көрсетеді

Тәрбиешімен әңгімелесіп,қойылған сұрақтарға жауап береді.

Бой сергіту жаттығуын орындайды

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Үлгіні қарау( бөліктің атауы, оны біріктіру тәсілдері)

Балалардың өз беттерімен құрастыру жұмысы.

-Балалар қонақ қуыршақтар сендерге жұмбақ жасырғылары келеді екен:

                  Жұмбақтар:

  1. Жайылған дүниеге бір ғажайып

Тік көтеріп отырар адамдарды

  1. Ағайынды төрт батыр

Көтергені бір шатыр

  1. Арқасында азығы

Бауырында қазығы

  1. Қойған тамақ «үйінде »

Тұратын мұздай күйінде

«ж» дыбысынан басталатын буындарды айтады

Жұмбақтардың шешуін табады

Орыныдық

Үстел

Үстел

Тоңазытқыш

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

«Ағаш шебері» өлеңімен қорытындылау

Бұрқыратып иісін

Тақтай тілем ағаштан

Безендірем үй ішін

Жабдықтармен жарасқан

Болсын берік, көрікті

Пәтерлердің жасауы

Соған лайық ең мықты

Келер жиһаз жасағым

-Балалардың жұмыстарын талдау

-Қуыршақтарға ұсынып, шығарып салу

Өлең жолдарын жаттап алады

Балалар өз жұмыстарына баға береді

Қуыршақтарға жұмыстарын ұсынып, шығарып салады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қажетсіз затарды пайдалана біледі

Қандай түсініктерді меңгерді: Сіріңке қораптарынан, катушкадан жиһаз құрастыруды

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қуыршақтарға жиһаз жасап, құрметтей білулері

Қаратөбе ауданы                                                                                                                                                               Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.     

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ