Сабақтың тақырыбы: Сабит Мұқанов «Каронмен күрес»
Мақсаты: Сәбит Мұқанов туралы мәлімет беру, мәтінді оқу, түсінгендерін практикада қолдана білу;
Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.
Білімге ынталануға, тиянақты болуға тәрбиелеу.
Көрнелік: сурет, М.Әуезовтың, С.Мұқановтың портреттері, ООМ.
БжС технологиясының элементтерін қолдану.
Жаңа сабақ.
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
- Үй жұмысын тексеру. Суретке назар аудару.
- Мұхтар Әуезов қай жерде туған? Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Шыңғыстау бөктерінде туған.
- Мұхтар Әуезов қашан туған? 1897 жылы.
- Мұхтардың сауатын кім ашқан? Атасы Әуез.
- Ол кімнің тәрбиесінде болған? Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған.
- Мұхтардың әкесі кімнің өлеңдерін жатқа білген? Абайдың өлеңдерін.
- Мұхтар қайда оқыған? Семей медресінде, бес сыныптық қалалық училищеде, мұғалімдер семинариясында.
- Ол қандай оқушы болған? Ұқыпты, тәртіпті, үздік.
- М.Әуезов қай шығарманың авторы? Абай жолы
- Кім туралы роман-эпопеясын жазған? Абай туралы.
- Мұхтар Әуезов кім? Танымал жазушы, белгілі қоғам қайраткері, КСРО мемлекеттік сыйлығы мен Лениндік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.
- Мұхтардың әдебиетке деген қызығушылығын кім оятқан? Атасы Әуез.
- Абайдың әжесінің аты кім? Зере.
- Абайдың үйіне қандай қонақ келді? Барлас, Байкөкше.
(ООМ)
- Жаңа тақырып
Сөздік (оқуға 30 секунд беріледі, жазуға да)
кедей - бедняк
ауыл тұрғындары – сельские жители
ұзақ - долгий
танымал - известный
белгілі – знаменитый, известный
балалық шақ – детство
(ООМ)
- Ойлауды ұйымдастыру
Мәтінді оқу (3 минут), түсіну, аудару. Суретке назар аудару.
Слайд.
- Алғашқы түсінікті тексеру.
Қарама-қарсы сұрақтар.
- Сабит Мұқанов қай жылы туған? 1900 жылы
- Қай жерде туған? СҚО, Жамбыл ауданы, Жаманшұбар ауылы.
- Отбасы қандай болған? Отбасы кедей болған.
- Балалық шағын қалай өткізген? Қой бағып, байға жалданған.
- Ауылдастары оны кім деп атады? «Жыршы бала, ақын бала»
- Қысқы ұзақ кештерде Сабит не істейтін? Аңыз-әңгімелерді, жырлар мен халық эпостарын жатқа айтып беретін, өз шығарған өлеңдерін оқитын.
- С. Мұқановтың қандай романдарын білесіңдер? «Балуан Шолақ», «Ботагөз», «Аққан жұлдыз».
- С. Мұқанов кім? Танымал жазушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, белгілі қоғам қайраткері, әдебиетіміздің дамуына зор үлес қосқан дарынды жазушы.
- Қандай шығармаларымен танымал болды?
- С.Мұқанов неге «ақын бала», «жыршы бала» деп атанды?
- Сәбит кімнен хат таныған? Ауыл молдасынан.
- Қандай өлеңдері бар? «Бостандық», «Кедейдің ұлы»
- Сәбит Мұқанов қай жылы қайтыс болды? 1973 жылы
(ООМ)
- Бекіту. «дұрыс»/ «бұрыс»
- Сәбит Мұқанов – жазушы. дұрыс
- Бай отбасында туған. бұрыс
- Жазушының дарыны кеш танылған. бұрыс
- Ауылдастары «жыршы бала», «ақын бала» деп атаған. дұрыс
- С.Мұқанов – белгілі қоғам қайраткері, танымал жазушы. дұрыс
- Қорыту. Матрица қорытындысы бойынша оқушыларға баға қою.
- Үй жұмысы. Сөздікті жаттау, мәтінді мазмұндау.