Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Калькулятор бағдарламасы
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

25-сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды калькулятор бағдарламасымен  таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу

Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Болжамдап отырған нәтиже: Білімді, сауатты, салауатты ұрпақ

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру

                                     ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

                                    ІІІ. Жаңа сабақ

                                    ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

                                  Ү. Сабақты қорытындылау

                                    ҮІ. Үйге тапсырма беру

                                  ҮІІ.Оқушыларды бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

- Сәлеметсіздер ме?

- Сабаққа деген көңіл-күйлерің қалай?

- Сыныпта кім кезекші?

- Сабаққа кімдер келген жоқ?

- Балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сұрақ-жауап арқылы үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Компьютердің сандық информациялармен жұмыс атқару мүмкіндігін Windows-тың көмекші программасы «Калькулятор» арқылы көруге болады.Калькуляторы пайдалана отырып,есептеулерді жедел орындауға болады және табылған нәтижені басқа программаларда пайдалануға мүмкіндік береді.Мысалы:бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуға,оларды саыстыруға,элементарлық функциялардың мәндерін автоматты түрде есептеуге,есептеу дәлдігін анықтауға және т.б. пайдаланылады.

Калькуляторды іске қосу үшін мына амалдарды орындайды:

ПУСК→ВСЕ  ПРОГРАММЫ→СТАНДАРТНЫЕ→

КАЛЬКУЛЯТОР.Бұл амалдарды орындаған соң экранға калькулятордың суреті шығады.Калькулятордың екі түрі бар:

1.Қарапайым (1-сурет). Егер калькулятор бірінші рет қосылса, она қарапайым калькулятор шығады.Бұл түрі қалта калькуляторының түріне ұқсайды,тек экранға тақырыбы және жол менюсі қосылады.Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдарды басқа, саны шектелген амаларды және бірнеше функциялары орындайды.

2.Калькуляторың бір түрінен екінші түріне көшу ВИД менюінен оның типін (түрін) таңау арқылы іске асады.Бұл калькулятор көмегімен статистикалық есептеулер жүргізуге (орта мәндер табу),тригонометриялық, логарифмдік,дәрежелі,көрсеткішті функциялардың мәндерін есептеуге болаы.

         Калькуляторда жеке нәтижелерді сақтау үшін қолдануға болатын ішкі жа қарастырылған.Сандарды сақтап қоюға арналған калькулятордың ішкі жады болады.Егер жадта нөлден өзге сан тұрса,онда индикатор терезесінің төменгі жағында терезе  М жазулы тұрады.Егер жадқа жаңа сан жазса,онда алдындағы мән өшеді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Ү. Сабақты қорытындылау:

ҮІ. Үйге тапсырма беру: Калькулятор тақырыбын оқып келу.

ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау:Сабаққа белсене қатысқан, үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалаймын. Ал, сабаққа белсенділік танытпаған оқушыларға ескерту жасаймын.

Бүгінгі сабақты Юсуф Баласағуни сөзімен аяқтағым келеді:

«Түйсік болып, қансаң білім нәріне –

Жетер қолың  ой-тілектің бәріне.»

Сау болыңыздар!

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ