Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тақырыбы:Бұл кім?

Күні, айы:____________

Сыныбы: 1Д, Е, Ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Куаналиева А.Т.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

  1. Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру.

1.5.1.2 Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауын мұғалімнің көмегі бойынша қолдану.

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • Кім? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын (ата, әже, мұғалім, оқушы) атай алады, амандасу және қоштасу үлгілерін (Сау бол! Сау болыңыз!) қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Сабақта үйренген сөздер қатарын өзара тілдесу кезінде еркін қолдана алады, үйренген сөздерге сұрақты дұрыс қоя алады.

Кейбір оқушылар:

  • Амандасу, танысу, қоштасу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, кім? сұрағына жауап беретін басқа да сөздер қатарын атай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.

Оқулық

Аудиодиск:

1.2.1; 1.2.3

Сабақтың ортасы

(6-30 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар жаңа сұрақ үлгісімен (Бұл кім?) танысады. Оқушылармен диалогті тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы диалог негізінде ата сөзінің орнына әже,мұғалім, оқушы сөздерін қолдануға жаттығады. «Есте сақта!» айдарында оқушылар амандасу үлгілерін (Сәлем! Сәлеметсіз бе!) еске түсіреді, сондай-ақ мұғалім оқушыларға қоштасу үлгілерінің қолданысын (Сау бол! Сау болыңыз!) түсіндіреді.

(Ж) Амандасу, қоштасу үлгілерін жаттықтыру үшін, оқушылар мұғаліммен және өзара амандасып, қоштасады.

(МК) 2-тапсырмада оқушылар жаңа сөздер қатарын (ата, әже, мұғалім, оқушы) суреттер бойынша Бұл кім? деген сұарққа жауап беру арқылы қайталайды.

(МК, Ұ) 3-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін, сондай-ақ амандасу, танысу, қоштасу үлгілерінің бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылардың бойында мынадай дағдыларды қалыптастыру қажет: мұғаліммен амандаса алу, өзінің атын айта алу, мұғалімнің сұрағына (Бұл кім?) жауап бере алу, қоштасу үлгісін дұрыс қолдана алу.

(ОТ) 3-тапсырмада берілген диалог сыныптағы оқушылармен жеке-жеке сыныпта ойналады. Бір оқушы үлгіде берілген баланың рөлін ойнайды, ал басқа оқушылар оның жауабын бағалай алады. Оқушының іс-әрекеті:

  1. Оқушы сыныпқа кіреді, мұғаліммен амандасады, өзінің орнына отырады.
  2. Мұғалімнің сұрағына (Сенің атың кім?) жауап береді.
  3. Тақтаға шығып, мұғалімнің екінші сұрағына (Бұл кім?) жауап береді. Ол үшін мұғалім тақтаға төрт суретті (ата, әже, мұғалім, оқушы) іліп қояды.
  4. Оқушы мұғаліммен қоштасып, сыныптан шығады.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 1.2

Сабақтың соңы

(31-35 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Сұрақ-жауап

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе?

Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақта жақсартар еді?

1:

2:

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ