Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Ашық  сабақ

Тақырыбы:  «Dөңгелек және шеңбер»

Сыныбы: 5 «а»

Математика пәні мұғалімі: Жанбауова  Маруан Сакеновна.

Сыныбы: 5 «а»

Тақырыбы: Дөңгелек  және шеңбер.

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық: шеңбер және дөңгелек ұғымдарына түсінік беру, шеңбердің элементтерімен таныстыру;

ә) коммуникативтік: математикалық сауаттылықты арттыру;

б) проблемалық: шеңберді дөңгелектен ажыратуға үйрету, диаметр мен радиусты табуға  қатысты  есептер шығаруда ұтымды қолдануға үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас (жаңа материал түсіндіру)

Сабақтың әдісі: көрнекілік (иллюстративті),

сөздік (баяндау, сұрақ-жауап),

 практикалық.

Педагогикалық технология: ҮӨЖ-нің, деңгейлеп-саралап оқытудың элементтері, сұрақ-жауап

Оқытудың түрі: ұжымдық, даралап оқыту

Оқыту құралдары: оқулық, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, циркуль.

Көрнекілігі: слайдтар, гимнастикалық сақина, стакан, кесе, глобус.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі.

ІІІ. Миға шабуыл (жаңа материалға дайындық бөлімі)

IV. Жаңа материалды меңгерту бөлімі

V. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару.

VI. Үй тапсырмасын беру бөлімі.

VII. Сергіту сәті.

VIII.. Қорытынды бөлімі.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жоқ оқушыларды түгендеу, класс тазалығын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі.

№367

           (х+24)3=87

            x+24=87:3

            x+24=29

            x=29-24

            x=5

№368

    1) 2a+3a+7a+5=12a+5;

        a=4;     12×4+5=48+5=53

   2) 16a+5a-3a+9=18a+9;

        a=7;      18×7+9=135

   3) 8b+6+2b+7=10b+13

        b=3;   10×3+13=43

  

№381

     1) 3(x+2)+4(x+5)=3x+6+4x+20=7x+26;

     2) 2(3x+4)+6(3+x)=6x+8+18+6x=12x+26;

     3) 8(2+x)+3(7+4x)=16+8x+21+12x=37+20x;

     4) 9(x+5)+4(3+2x)=9x+45+12+8x=17x+57

ІІІ. Миға шабуыл (жаңа материалға дайындық бөлімі)

. О

. Е

. К

. L

А

В

С

D

1.

Мына фигураларға назар аударыңыз. А, В, С, Д фигураларының қайсысының барлық нүктелері берілген нүктеден ( О, Е, К, L) бірдей қашықтықта жатыр?

2. Сақина мен монетаның ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?

                                             

ответил от Ulia
0 голосов

IV. Жаңа материалды меңгерту бөлімі

Циркульдің инесін қандай да бір О нүктесіне шаншып тұрып, қарындашы бар сирағымен осы О нүктесін айналдыра сызық сызамыз. Сонда қарындаш О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған шеңбер деп аталатын тұйық сызық шығады. О нүктесі шеңбердің центрі деп аталады.

Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта жатады.

Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі (шеңбердің өзімен қоса) дөңгелек деп аталады. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді радиус деп аталады.

. О

О .

. В

. С

А .

 

Шеңбердің барлық нүктелері центрдан бірдей қашықтықта болғандықтан, берілген шеңбердің радиустары өзара тең. ОА=ОС=OB – радиустар.

Радиусты R әрпімен белгілейді. Шеңбердің радиусы 5 см болса, оның жазылуы: R=5 см. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атаймыз. АВ – диаметр. Диаметр D әрпімен белгіленеді. Шеңбердің диаметрі 6см болса, оның жазылуы D=6см. Диаметрдің бойында екі радиус орналасады. Сондықтан диаметр екі радиусқа тең: D=2 R.

Диаметр дөңгелекті екі жарты дөңгелекке бөледі. Шеңбердің центрі, дөңгелектің де центрі, шеңбердің радиусы дөңгелектің де радисы. Егер екі шеңбер (дөңгелек) беттестіргенде бір-бірімен дәл беттесе, онда ондай екі шеңбер (дөңгелек) өзара тең болады. Тең шеңберлердің (дөңгелектердің) радиустары да тең.

Шеңбердің бөлігі доға деп аталады. АС, СВ, АВ – доғалар.

Жазылуы: .

       Киіз үйдің табаны дөңгелек болса, оның керегелері шеңбер бойымен орналасады. Жердің параллель сызықтары – шеңберлер. Кейбір аспаптардың шкалалары да шеңбер бойымен орналасады. Мысалы, сағат циферблатның шеңбері 12 үлкен бөлікке, 60 кіші бөлікке бөлінген. Үлкен бөліктің әрқайсысы 1 сағатқа сәйкес, кіші бөлігінің әрқайсысы 1 минутқа сәйкес.

V. Оқулықпен жұмыс. Есептер шығару.

№382. Ауызша.

№384.

D=10cm;    R-?

D=2R;      R=D:2=10:2=5cm;        R=5cm

     D=8cm;    R-?

     D=2R;      R=D:2=8:2=4cm

D=16cm;    R-?

D=2R;       R=D:2=16:2=8cm

№385.

    D=3474 km;     R-?

    D=2R;    R=D:2=3474:2=1736

    R=1736km

№386

С .

 . D

 

CD = 5см

R1 = 2см

R2 = 3см

D1 =2×2=4     

D2=3×2=6           

Жауабы: 4см және 6см.

VI. Үй тапсырмасын беру бөлімі.

№383, №388, №389

VII. Сергіту сәті.

Сергіту сәті. «Тез есепте!»

Радиусы бойынша диаметрді тап:

                     R=15cm;           D-?

                     R=42cm;           D-?

                     R=12cm5mm;            D-?

                     R=17cm;                    D-?

                     R=36cm;                    D-?

                     D=102cm                   R-?

VIII.  Қорытынды бөлімі.

Оқушыларды бағалау. Қош, сау болыңыздар!

                       Ақтөбе  облысы   Темір ауданы     

                       Шұбарқұдық  кенті  Жансен Кереев

                       атындағы  орта  мектебінің   оқытушысы

                      Жанбауова  Маруан  Сакеновнаның

              «Дөңгелек  және  щеңбер»  атты  ашық  сабағына 

                                             Пікір

Оқытушы оқушыға әртүрлі ақпарат  көздерінен мәлімет  жинату, оларды бірлесе отырып, өңдеу, ғылыми деректерге талдау жасаған.   «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйласа, ұстаз шәкіртіне алға бастырар талап сыйлайды» демекші тәуелсіз еліміздің ертеңгі болашағын қалыптастыру жолында «Білім беру жүйесінің озық үлгілерін пайдалана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру » деген мәселені ұстанған.

Жұмыс қойылған талаптарға сай.. Сабақта қарастырылған барлық мәселелерді  оқушылар түсіне алады, және нақты, терең ойға түсіп жауаптарды таба біледі. Сабақта алынған тақырып оқушыға  әлде де терең түсінуге, өмірмен  байланыстыруға  көмектесе алады.

image

Жақыбаев Нұрлан Сәулебайұлы

№1Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының   

жоғары санатты технология пәнінің мұғалімі,       

 Қазақстан Республикасының «Үздік педагог»      

  атағының иегері,ҚР Шеберлер Одағының мүшесі.  

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ