Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»
Сабақтың мақсаты:Өлең туралы жан-жақты мәлімет беру. Өлеңінің идеясын ашу, білімдерін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, өз ойын толық жеткізіп, өлеңнен негізгі түйінді таба білуге үйрету.Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Ақынның өлеңі арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, , дидактикалық материалдар,слайд
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Топқа бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат
- Әрбір сабақ? Үйрену, үғу, ұлағат
- Әрбір ісің ? Тірек, тірлік, адамдық
- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік , адалдық.
Бүгін балалар сабағымызға көп қонақтар келіп отыр. Сабақта барлықтарымызға сәттілік тілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Сандар сөйлейді».
ІІІ. Жаңа сабақ.«Ой қозғау». «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату. Ән туралы не білетіндерін сұрау. Өлеңді мәнерлеп оқыту.
IV. Ойлан - Жұптас - Бөліс
І Топ Өлең құрлысына талдау
ІІ Топ Өлеңнің көркемдегіш құралдарын табу
ІІІ Топ «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің шығу тарихы мен мазмұнын ашу.
Тақырыбы–табиғат сұлулығы, махаббат сыры. Екеуінің үндесуі.
Идеясы–Адам да табиғат сияқты, табиғат көрінісі қандай әдемі, нәзік болса, адамның жан дүниесі де сондай нәзік. Сұлулықты, сезімді құрметтеуге, сезіне білуге жетелейді.
Жанр түрі–лирика,поэзия (өлең)
Шумақ–5
Тармақ–4
Бунақ–2
Буын–7-8
Ұйқас–шалыс ұйқас (а-б-а-б)
Эпитет– Желсіз түн, жарық ай, қалың ағаш, құлпырған жасыл жер, терең сай.
Кейіптеу– су дірілдейді, жапырақтар сыбырласады, тау жаңғырығады, ән қосады.
Риторикалық сұрақ – келмеп пе едің сол жаққа? тұрмап па еді сүйеніп?
Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні–сұлулықты түсінуге, көре білуге, табиғатты, сезімді құрметтеуге тәрбиелейді. Адамның жан дүниесін рухани байытады, көркемдейді.