Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі шығарма жоспарымен
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Мәңгілік еліміздің-Мәңгілік тілі

Тіл-халық тарихы және ұлттық қазына.Ол қай ұлтта да,қай елде де қастерлі,құдіретті.Тіл-тарихи,мәдени,өмірлік құндылық;адамның білім,білік,ой-өрісін танытатын рухани қазына.Тіл байлығы –әрбір елдің  ұлттық мақтанышы.Әр ұлт өзінің тілін ғасырлар бойы қалыптастырады.Тіл-шебер қолынан шыққан өнер туындысы.Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан баға жетпес мұрамыз.Тіл-адамның бір-бірімен қатынас жасайтын құрал ретінде қызмет етеді.Тіл-қастерлі ұғым.Тіл арқылы адам сәби күнінен бастап айналасындағы түрлі құбылыстарды ұға бастайды.В.И.Ленин:’’Тіл-адам қатынасының аса маңызды құралы’’-дейді.Мұның мәні-тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі,қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы,дамытуы мүмкін емес  деген сөз.

Менің ана тілім-қазақ тілі.Менің ана тілім-шексіз бай,тегеуріні мықты тіл.Ана тілі-ар өлшемі.Олай болса,тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.Қазақ тілін меңгеріп,сол тілде қарым-қатынас жасап,білімді азамат болуға ұмтылу-адамдық парызымыз.Қазақстанның болашағы-мемлекеттік тілінде.’’Жастарымыз ана тіліне жетік,білімді,мәдениетті болсын’’,-деп Елбасымыз тегін айтпаса керек.Сол себепті де ана тілімізді өркендететін өзіміз екенін ұмытпауымыз қажет.’’Тіл-біздің тұтастығымыз’’,’’Тіл тағдыры-ел тағдыры’’деп те айтып жүрміз.Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға,оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.Туған тілдің абыройын асқақтату-әрбір адамзаттың  абзал борышы.

Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім,менде бірге өсемін,
Өшше тілім,мен де бірге өсемін!-деп,ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай,тіл-тіршіліктің бастауы.Бұл өлең жолдарында ақынымыз өз ойын анық жеткізіп тұр.Тіл мен өзінің өмірінің тығыз байланыстыекенін айқын көрсетуде.Туған тілі өссе де,өшсе де халқымен бірге болады.Осындай керемет  туындылардың бізге жетуінің өзі тілдің арқасы.Тілдің сондай ұшар теңіз пайдасы бар екенінің  дәлелі.

Қазір Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеп отыр.Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ.Менің ойымша,егер адам өзге тілді білетін болса,ол рухани бай адам деп ойлаймын.Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін,дәстүрін үйренеді,басқа тілді үйрену арқылы танымы кеңейеді.Сондықтан мен өз замандастарымды’’Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте’’деп ақын Қ.Мырзалиев айтқандай,басқа тілді біле отырып,ең алдымен өз ана тілімізді құрметтеуге шақырамын.Мәңгілік ел болуымыз үшін-мәртебесі жоғары,дамыған тілімізді болуы қажет.Мәртебесі жоғары тіліміз болуы үшін,біз тілімізді дамытуымыз қажет.Ол үшін қазақ тілінде анық,тұнық сөйлеуге тиіспіз.Қазақстан-әлемдегі ең мықты,бәсекеге қабілетті ел болуы үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауымыз керек.Амал не,осындай әдемі туған тіліміз бола тұра,өзге тілді сөйлейтіндеріміз жетерлік.Мейлі көп тіл білейік,бірақ өзіміздің төл тілімізде сөйлегеніміз дұрыс.Осы кезде Паустовскийдің:’’Туған тіліне жаны ашымаған адам-жәндік,’’-деп,ашына айтқаны ойға келеді.Тілді сақтап,оны келешектің керегіне жарату үшін қызмет ету-халқын сүйетін  кез келген азаматтың міндеті.

‘’Тіл-адам жанының тілмәші.Тілсіз ұлт,тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес,ондай ұлт құрымақ.Ұлтының ұлт болуы үшін-тілі болуы-‘’деп,Мағжан Жұмабаев айтып өткендей тілдің біздің өмірімізде алар орны ерекше.Адам ойын ешбір айна қатесіз жеткізе алады.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды,әр ұлттың тілі-оның бақыты мен тірегі.Еліміздің болашағы-ана тілімізде.Ең жақсы адам-ана тілін құрметтеген адам.Қазақ тілі-дамыған,жетілгені,бай,икемді тіл екенін ,кезінде дана,кемеңгер Абай атамыздың өзі дәлелдеп кеткен болатын.Қорыта келгенде,Абай әрленген тіл, Жамбыл жырлаған тіл-қазақ тілі,Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек!
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Gulimzhan в категории Образование
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов