Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Мәңгілік ел – менің мақтанышым.
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
        Мен Оны мәңгілікке  сүйіп отем.
                            Отанды сүймеуің де   күйік екен,
                            Отанды сүйгенің де   күйік екен.
          Ақын Мұқағали Мақатаевтың осы өлең жолдары Отанын сүйген әр адамның ішкі ойымен үндесетіндей.  «Отан» деген ұғым кез келген адам үшін терең,кез келген адамға қымбат. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл» деген халық даналығы  осы ұғымның тереңдігін , маңызын дәлелдей түсетіндей. Менің ойымша,адам баласы Отанын шексіз сүйеді, оны мақтан етеді.Ал бұл сезімді бала кезден әр жүрекке ұялата білу керек . Әр азамат отанның құдіретін сезініп, оған адал қызмет етуге талпынады.
     Менің жүрегімнен орын алып,шексіз махаббатыма бөленген Отаным-Қазақстан.Мен қазақтың дархан,кең даласында туып, оның суын ішіп , жерін басып, ауасын жұтып жүргеніме бақыттымын.Өзімді ел ертеңіне үлес қосатын патриотпын деп есептеймін . Сондықтан елімді де,жерімді де сүйемін. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғанда мен мектеп қабырғасындағы оқушы едім. Тәуелсіздікті жете түсінбесем де, дербес мемлекет болатынымызға бала көңілмен қуандым.Сол бала көңіл Тәуелсіздіктің шын сезген екен.Оған бүгінгі Қазақстан кейпі куә.Сан ғасыр ата-бабаларымыз аңсаған , найзаның ұшымен , білектің күшімен келген тәуелсіздік туы бүгін желбіреп тұр. Еліміздің қадамы нық. Бірақ бұл оңай келген жоқ.
     Ұлт – азаттық көтерілістер, аштық, Ұлы Отан соғысы, кейінгі әлемді өзіне қаратқан Желтоқсан оқиғасы бәрі де қазақ үшін оңай болмады.Әр кезең қауіп тудырып, халқымыздың қажыры мен жігерін қажет етті. «Өткенімізді ұмытпасақ,  болашақ бізді кешірмейді» деген сөздің терең мағынасын біз жадымызда ұстап тарихты ұмытпай парақтап отыруымыз керек.
     Біздің елдің бір ерекшелігі көп ұлтты мемлекет. Және осы ұлттардың барлығы татулық пен бірлікте , ынтымақтақтастықта өмір сүруі ,қай ұлт болмасын отанының Қазақстан  екенін түсінуі – үлкен еңбектің , оларға деген шынайы сезімнің, қазақ халқының жомарттығы мен қонақжайлылығының нәтижесі.
                                       Жүрегім,жырым сенікі,
                                       Келісті далам,кең далам.
                                       Тудым,өстім есейдім,
                                       Ен далам –анам ,мен балаң-
деген екен өзінің «Дала» өлеңінде Ілияс Жансүгіров . Мен де «өзімнің барым сенікі , саған деген шексіз сезім меніңде бойымды билейді»дегім келеді  Отан-Анаға.    Тәуелсіз еліміз аман, жұртымыз тыныш, ел тыныштығы баянды болсын.        
                        №74 жалпы білім беретін мектептің
                        қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
                        Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Мәңгілік ел – арман елі!

Әлемде адам естісе жадырататын, көңіліне қуаныш отын ұялататын, амалсыз көзден жас шығаратын, алтынға алын байтын, күміске көнбейтін сөздердің патшасы – Тәуелсіздік. Бағасына қарай оңайлықпен берілмеген бұл тәуелсіздік бабамның қанымен, анамның жасымен, жастарымның қайратымен, данамның ой-парасатымен алынған бұл белес, қанды жолды қақ айыра, тар жолды тайғақтата кешкенімен ақыр соңы жемісті болды.

Абылай хан да бейбітшілікті аңсаған, үш жүздің басын біріктіріп, бір ту астына жинап бірлікте ұстаған. Тәуке хан да өз заманының қайраткері. Ол билеген тарихта қой үстіне бозтарғай жұмыртқалаған заман деп суреттеледі. Бұл замандар қазақтың сүттей ұйып, қаймағы бұзылмаған алтын ғасырлар. Бірақ құмырсқаша қаптаған жоңғарлардың тоқтаусыз ұрыстарынан қазақ әлсіреп, қалжырады. 1731 жылы Әбілқайыр хан Ресей патшайымы Анна Иоанновнаның қол астына кіреді. Содан кейін өз тәуелсіздігінен айырылған қазақ халқы патша үкіметінің әділетсіздігіне, артық салық пен құнарлы жерлерін тартып алғанына қарсы үлкенді-кішілі көтерілістер ұйымдастырады. Осы тұста Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы, Исатай Тайманұлы да көтерілістер бастап, қол басқарады. Осы жағдайлардан кейін қазақ халқына бейбітшіліктің ауылы алыстағандай болды, қол жетпесіндей көрді.

Араға ұзақ жылдар салып, тәуелсіздікке жетер баспалдақтың соңғы сатысы басылып, соңғы соққысы берілді. 1986 жылы Алматы жастары тәуелсіздік үшін, қазақ президент сайлануы үшін көтеріліске шықты. Көтерілісті қанша қарумен жаныштап, азаптаса да берілмеді, сағы сынбады. Жастарымызды азапқа салып, қинап, ұрып-соқса да, мақсаттарын ұмытқан жоқ. Оның жолында бар күшін салып, аянып қалмады. Күйдіріп, шашын жұлса да, мұз үстіне тұрғызып, түрмеге жапса да, шегінбеді, берілмеді. Осы жолда Қайрат Рысқұлов, Ләззат Асанова және т.б. көптеген аға-әпкелеріміз қыршынынан қиылды, жан тапсырды.

Осы көтеріліс жеңісі ретінде 1991 жылы қазақ елі өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қаақстан барлық елге таныла бастады. Ата заңымыз бен конституциямыз қабылданды. Басқа елдер секілді дамып, қанатын кеңге жая бастады. Қыранымыз биікке самғап, кең дүниені еркін шарлады. Жаңа жетістіктерге қол жеткізіп, үлкен шыңдарды бағындырдық. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Елбасымыздың көрегендігінің арқасында жылдам дамыдық. Көрші елдермен тереземіз теңесе бастады. Елордамызда белгіленіп, шекарамыз сызылды. Қалалар өсіп, халық көңілі жайланды. Азапқа толы күндер артта қалып, қараңғылық сейілді.  «Қазақстан-2030» стратегиясының арқасында Қазақстан 50 елдің қатарына енді. Бұл стратегияны жылынан бұрын орындадық. Одан соң «Қазақстан-2050» стратегиясын орындаудамыз. Жақында дамыған 30 елдің қатарынан көрінерміз. Және көп ұзамай «EXPO-2017» көрмесі біздің Қазақстанда болғалы жатыр. Онда біз болашақтың энергиясы мен 100- ден аса ұлттың мәдениетін таныстырамыз. Бұлардың бәрі біздің қуатты да дамыған ел екеніміздің дәлелі.

Тәуелсіздіктің тарихы терең теңіздей,
    Бабаларым жеріне жау тигізбей.
    Қорғаған еді ақ найзаның ұшымен,
    Сақтаған еді жанары мен көзіндей.
    Сол күндері еркіндікті бәрі сағынды,
    Сол үшін қазақ қанша адамнан қағылды,
    Жастарымның қайратының арқасы,
Үстіне мұздың отты алау жағылды.
Сол бір аяз Желтоқсанның күндері,
Аға, әпкем кейін қарай жүрмеді.
Қинағаннан қанша азап шексе де
Қозғалмаған бостандықтың ілмегі.
Тәуелсіздіктің ауыр, қатпар жолында,
Қаза тапты қаншама адам соңында.
Төгілді судай сапырылған қан мен тер,
Ақталды ғой қадірі ұшпай оның да.
25 жыл бақ құсымыз қонғалы,
Халқымыздың мерейі асып толғалы.
Мұз үстіне отты алау жағылып
Қаралықтың қара гүлі солғалы.
Күндеріміз жадырап, күліп атыпты,
Ел-жұртымыз түгел бәрі бақытты.
Ей, қазағым бәрінен де бірінші,
Бағалай біл тәуелсіздік атты жақұтты.

Мұндай болашағы жарқын, күні айқын, мәңгілік ел-арман елде өмір сүрген қазағымның бағы жанған ел екеніне ешкімнің де күмәні жоқ.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

МӘҢГІЛІК ЕЛ – ИДЕЯСЫНЫҢ ТАРИХИ ТАМЫРЫ»

Өтеп Назымгүл Мейрамқызы - 10 «Ә» сынып оқушысы

«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан

мың жылдан бергі асыл арманы»

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы -2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен қоғамда: «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін баршамызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол «Мәңгілік Ел» идеясы», - деген еді.

Ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүрген, елін жаудан азат еткен күллі көне түркі елінің арманы да Мәңгілік Ел идеясы болған. Елін тәуелсіз еткен Күлтегін батыр халықты байлыққа кенелткен: «Жалаңаш халықты тоңды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Тату елге жақсылық қылдым», - деп мақтаныш сезіммен баяндаған.

Жоңғар шапқыншылығы және Ақтабан шұбырынды алмағайып заманда қазақ ұлттық идеясының бағыт-бағдары айқындалып, отаншылдық, патриоттық сарыны өзекті ойларға арқау болады. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны ұлттық идеяның негізіне айналды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманы алты алашқа сын болды. Көрші екі ел, Қытай мен Ресей, қалмаққа қару беріп, қазаққа айдап салды. Алты алаштың ұлдары қызылтаяң кезеңде сырт дұшпанға алданып, Ресей мен Қытайдың айтқанына еріп, бір-біріне жәрдем бере алмады. Қазаққа күнгей беттен түрікпендер соқты, башқұрттар татарларды шапты. Ноғайдан басқалары қазаққа болыспады. Сөйтіп, қандастар жат болды. Екінші мәселе – қазақтың ішкі бірлігі. Н.Ә.Назарбаев «Ру мен тайпаға бөліну – ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі» деп орынды айтқан. Сонымен, елім-ай елдік психологиясы – елді тұтастыратын, үш жүздің басын қосатын, көсем, шешен би сайлайтын, көршімен жауласу үшін емес, татуласу, тіл табыстыратын идея. Қазақ ұйымдасып, тізе қосып, топтасып, әскер құрып, есін жиып, жауды қазақ ұлттық идеясы жеңді. «Әр пенде өз халқына сенеді екен. Тіршілікте ер ел-жұрын көреді екен» дей келе, Қожаберген жырау «қазаққа ұйымшылдық жарасып тұр» деп айтады.

Қазақ хандығының құрылуын Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханға өкпелеп кетуіне ғана байланыстырып қарайтындар табылады. Алайда, жүз мыңдаған халқы бар іргелес мемлекеттің құрылуына мұндай «өкпе» негізгі себеп бола алмайды. Оның көптеген тарихи, әлеуметтік, экономикалық және саяси астары болса керек. Қазақ хандығы құрылуының түпкі астарын Ибн Халдун айтқандай, мүдде бірлігі жатты. Оны «Алаш аңсары», «Мәңгі Ел мұраты» деп атауға болатын шығар. Қазақ хандығының қасиетті Қозыбасы тауында ту көтеріп, жеке мемлекет болып шыққаны ХV ғасырда әлемдік өзгерістерге жалғасатын дәуір алмасуына тұспа-тұс келген еді. Алғаш рет «Мәңгілік Ел» идеясы Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы Күлтегінге арнап қойылған белгітаста түркі еліне жария етілген.

Тарихымызды білу парыз. Тарихын білмеген халық тастанды бала сияқты: талай халықтар мақұрым болып тарихынан, дәстүрінен, тілінен айырылды. Басқа тілге ауысқан, басқа дінге өткен, әртүрлі партияға, руға, жүзге бөлінген, бірақ тегі бір, қаны бір қазақтардың басын, қазақ тілі, мәдениеті, мұсылман діні негізінде бірігу қажеттігі туып отыр. Қазақтың бірлігі біздің мақсатымыз, сонымен бірге ол Мәңгілік Ел мақсатына жетудің жолы. Сонымен, көне тарихтан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани тұрғыдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасының жари еткен 2015 жылға арналған жолдауында айқын көрсетіп берді: «Біз жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Ел басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму заңдылығын Нұрлы Жолға айналдырдық. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан - 2050» Стратегиясының ғана емес. ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры». Әр ұлт өз бақытын өз қолымен жасайды. Сондықтан қазақтың ертеңін ең алдымен, қазақ қана ойлауы керек. «Мәңгілік Ел» идеясы бізді шындыққа тура қарауға, қайсарлыққа, табандылыққа, қазақты әрбір іске көшбасшы болуға, ар-абырой сақтап, Ел намысын қорғауға жетелейді.

Мәңгі Ел жолында жеңіс әр уақытта қолға тие бермес, күте білу, төзімділік таныту – біздің парызымыз. Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «ешбір секіріске, жөнсіз сынақ пен авантюризмге жол беруге болмайды».

Мәңгілік Ел идеяның ұш негізден немесе үш тұғырдан тұрғаны анық. Біріншісі – Түркі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) саяси акт – «манифест» ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы; екіншісі – Әл-Фарабидің философиялық тұрғыдан негізделуі және үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастанында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының, яғни Ата Заң іргетасының қалануы. Жүсіп Баласағұнның еңбегіндегі елдегі заңдардың бүкіл халыққа қызмет етуі және орта топтың мемлекеттің әлеуметтік тірегіне айналуы туралы идеялары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін өте маңызды. Бұл бағыт – қазіргі таңда «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде жариялап отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың да ұстанып отырған стратегиялық саясаты.

Сол сияқты ЭКСПО -2017 Халықаралық көрмесін өткізу мен ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастыру да – ел алдындағы жауапты үлкен іс, әрі Астанамыздың мол мүмкіндігінің нақты бір көрінісі. Елорда күн санап көркеюде, өсуде, сәулеттенуде. Шынында, Астана асқақ еліміздің жүрегі болмаса, дәл мұндай әлемдік маңызды міндеттер жүктелмеген еді. 1997 жылдың аяғында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2030 жылға дейінгі еліміздің даму бағдарламасын қабылдаса, араға 15 жыл салып, 2012 жылдың аяғында қалыптасқан мемлекеттің «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасын жариялады. ХХІ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп айтпақшы Елбасы ұсынған ұзақ мерзімді стратегия болашақтың бағдаршамы екені анық.

Тәуелсіздік таңы атысымен ұлттық идея мәселесі қолға алынды. Жұлдызды сәт Президентіміздің «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында жариялаумен туды. Енді не істеу керек?

Біріншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын зерттеуде, насихаттауда, оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек.

Екіншіден, заманауи ұлттық идеямызды балабақшада, тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерден бастап оқушыларға, студенттерге, жастарға жеткізу үшін бар күшті салған арттық етпейді. Осылардың санасына, өмір салтына сіңген құндылық пен сенім «Мәңгілік Ел» орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз. Үшіншіден, «Мәңгілік Ел» идеясын қазақстандық кәсіпкерлер, бизнесмендер қолдауының маңызы зор. Төртіншіден, болашағы жарқын ұлттық идеямызды Қазақстандағы барлық этностар мен аймақтарға жеткізу атқарылар іс-шараның бір парағы ғана. Қазақ елінің мәңгілігіне, гүлденуіне қызмет ететін идея енді өмірге келді. Осынысымен-ақ «Қазақстан жолы -2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының мәңгілік ғұмыры басталды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті, 6 наурыз 2014 жыл, Астана

2. «Егемен Қазақстан» газеті, 26 ақпан 2014 жыл, Астана

3. «Егемен Қазақстан» газеті, 4 желтоқсан 2014 жыл, Астана

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
спросил от Gulimzhan в категории Образование
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ