Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Тәуелсіздігіміздің көгілдір туының көкте желбірегеніне ширек ғасыр толуымен жадымызда және жүрегімізде жатталып қалды. Мұны төрткүл дүние түгел мойындап отырғанын бәрімізде құрандай қастерлеп, мақтан тұтуымыз қажет. Қоғамдағы елеулі өзгерістер үшін оған ондаған, тіпті жүздеген жылдар қажет екендігі  дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Тұтас бір ел, жеке қоғам үшін 25 жыл дегеніңіз оның даму тарихында аққан жұлдыздай қас-қағым сәт. Жиырма бес жылда атқарылған ұланғайыр ілкімді істердің алғашқы жылдарында бұрынғы шырмауықтай шырмалған экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты туған батпандай қиындықтарды да бастан кешуімізге тура келді. Әрине, мұның бәрі артта қалды.
Бүгінде жаһандану заманында Қазақ елін естігенде делебесі қозбайтын ел кемде-кем. Жиырма бес жылдың ішінде-ақ адам танымастай өзгерген Қазақстан қазірдің өзінде біріне үлгі болса, енді біріне қолғабыс тигізуден таянбайды. Мұның бәрі әрине, қазақ жастарының һәм біздің біздің көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екендігі көлденең тартылады.
Бүгінде Қазақстан экономикалық қарқыны жөнінен ТМД-да алда келеді. Мұның бірден-бір себебі Елбасымыз өз елін бір үйдей, бір атаның балаларындай, қол астына ауызбіршілікте жинай алуы. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен мығымы бекем ел басқаруы мен Қазақстан жан-жақты даму үстінде. Атап айтар болсақ, жаһандагу, демографиялық өзгерістер, тыныштық пен қауіпсіздік, орнықты даму, технологиялар сынды бағыттар арқылы әлеммен бірге Қазақстан да қарқынды өзгеруде.
Қазіргі таңда Елордамызда күн өткізбей жиын, форум. Бұлда елдігіміздің мүддесі екені хақ. Бұл халықаралық қоғамдастықта елімізге аса маңызды сәтті қадам деп білемін. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» дейді дана халқымыз. Биыл еліміздің Қазақ болғанына 550 жыл. Міне, дана халқымның дана сөздерінің бұлтартпас айғағы осыған саяды. Күні кеше ғана Елбасының жолдаған халыққа Жолдауы халықты ыстық ықыласқа бөлеп, Халықтың Елбасыға деген сенімділігі одан сайын арта түсті.
Жоғарыда айтып өткенімдей, елбасымыз тек өз еліне ғана емес, өзге елдерге де үлгі-өнеге боларлықтай қайратты тұлға. Нағыз басшы ғана сондай нәтижелі жетістіктерге жете алады. Бұл жағынан алғанда Н.Ә.Назарбаев – өз халқының даусыз көшбасшы тұлғасы.
Тәуелсіздік жылдарында біздің жүздеген ұлттар мен ұлыстар уыздай ұйып отырған мемлекетімізде балабақшадан бастап, бастауыш, орта  мектеп, кәсіби мектеп, жоғарғы оқу орындарында білім сапасын арттыруды көздеген күрделі реформалар жүргізілді.
Тәуелсіздік біздің барлық жетістіктерімізге жол ашқан, бірлігі жарасқан, еңбегімен бағы асқан Мәңгілік Елге айналуымызға негіз болды. Елбасымыз: «Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік жүгін артты. Біз осынау ұлы тағдырды қабыл алып, бірлігіміз бен еңбегіміз арқылы тарих сынағынан сүрінбей өтіп келеміз. Халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды. Сол себепті, Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін, күллі қазақстандықтар мен әлемнің барлық қиырындағы достарымыз үшін ұлы мереке» деп Тәуелсіздік күніне өз бағасын берді.
Қазақ десе көк жайлау, тебінді жүйрік көз алдымызға келеді. Бүгінде өз елін қазақ деп жүрген өзге елдің азаматтары да аз емес. Әсіресе, қазақтың қонақжайлылығымен қоса Қазақстанның келешегі кемел, білімді халық екендігін де мойындап келеді.
«Біздің қоғамның әртүрлілігі - біздің әлсіздігіміз емес, қуатымыз. Барлық азамттар бірдей құқықты пайдаланып, бірдей жауапкершілікті сезініп, түрлі мүмкіндіктерге де бірдей қол жеткізулері керек»,-деді Ұлт Көшбасшысы.
Оның сөзінше, біздің қоғам тарихи жағдайларға байланысты көптеген тіл мен ұлтқа ие болып, одан да мықты әрі ынтымақты ел бола түсті. Бүгін бізді «Мәңгілік ел» құндылықтары біріктіреді. Бұл - азаматтық теңдік, еңбекқорлық, әділдік, ғылым мен білім берудің кілті – төзімділік, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық. Ол жай сөздер емес. Ата-бабамыз: «Егер бір жылды болжасаңыз - егін ек, егер жүз жылды жоспарласаңыз - тал егіңіз, егер мәңгі жасаймыз десеңіз - адамды, ұрпақты тәрбиелеңіз»,-деді Н.Назарбаев.  
«Мәңгілік ел» құндылықтары әл-ауқатты болашағымызды қалыптастыруға бағытталған. Біз Қазақстанның болашағын нығайтып, бірлігін ұзарту үшін ортақ азаматтық сәйкестігімізді дамыта беруіміз керек», - деп атап өтті Елбасы.
Мәңгілік ел– ортақ тағдыр;
Мәңгілік ел – жалпы қазақстандық шаңырақтың ұлттық идеясы;
Мәңгілік ел – ел болашағының іргетасы және қазақстандықтарды біріктіретін негізге алған идея жеті басты құндылықтан тұрады. Олар:
1.    Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі;
2.    Біздің қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім;
3.    Зайырлы қоғам мен асқақ рух;
4.    Индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім;
5.    Жалпыға ортақ еңбек қоғамы;
6.    Ортақ тарих, мәдениет және тіл;
7.    Жалпы әлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандық қатысуы;
ответил от Gulimzhan
0 голосов
«Қазақстан халқы айқын жолынан айнымай жүріп келеді, ал Отанымыз Еуразиялық кеңістіктегі ең қауіпсіз, жайлы және тұрақты даму үстіндегі елдің біріне айналуда». Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жаңа адамы жасампаздық үлгілері мен үр¬дістері өрісінде өсіп-жетілуі үшін та¬рихи-тағылымдық мұраларымыз бен одан бастау алған бүгінгі рухани-мәдени, көркемдік-тәлімдік, зайырлы-зиятты мұраттарымызды орнықтыру – кешеден қазірге жалғасып, ертеңге ұласатын мәңгі міндет, мәнді тақырып.
Міне, уақыт кеңістігінде мешін жылы өрмегінің жүзі ауып, тауық жылы өз арнасымен жүріп барады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Тұжырымдамасы мен «Мәңгілік Ел» – Патриоттық актісін жүзеге асыруға жұмылған Қазақстан жұрты дағдарысқа қарсы шараларды еңсеріп, «Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан-ұрпаққа аманат етуге» ниет байласып, құлшына әрекет жасау¬да. Мәңгілік Ел идеясы – Жер мәңгілік тұрса, Адамзат ұрпағы мәңгілік өмір сүрсе, қазақ халқы да мәңгіліктің көшіне ілеседі деген ұғымды білдіреді деген ойдамын.
«Елу жылда ел жаңа» – демекші, біз әлемдегі ең дамыған, халқының тұрмысы жақсы елдердің қатарына қосылуды мақсат тұтқан елміз. Оған Елбасымыз алға қойған «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын мерзімінен бұрын іс жүзіне асырып, әлемде дамыған 50 елдің қатарына ойып тұрып орын алғанымызды айтсақ та жеткілікті. Ендігі мақсат – 2050 жылға қарай озық 30 елдің қатарынан көріну.
Біздің тіршілігіміз, жалпы адамзат өмірі жолынан ұстатпайтын зырлауық заманда көзді ашып, жұмғанша өте қарқынды өзгеруде. Бүгінгі біздің байлығымыздың басты көзі – мұнай мен газ болашақта өзінің маңызын жойып, баламалы энергия көздері қоданысқа кірері анық. Кейбір «әлем елдерінде ол айтарлықтай етек алып та жатыр. Қазақ елі осыны күні бұрын бағамдап, оған бірнеше жыл алдын кірісіп те кетті. Биыл елімізде ашылатын, оған әлемнің жүзден астам елдері өздеріндегі озық технологиялық үлгілерімен қатысатын Болашақ энергиясының көрмесі – «EXPO – 2017» соның жарқын айғағы.
Қазір Қазақстан еліндегі барлық мүліктің 85-90 пайызы жекешелендірілген нарықтық экономика елі деп әлемге танылдық. Әлемдегі барлығы 217 мемлекеттің 170-імен тұрақты экономикалық байланыста болғанымыз, дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелігіне енгеніміз жоғарыда айтқандарымыздың бұлтартпас дәлелі.
EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналып, ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.
2012 жылғы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдап, ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада  ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті.
Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.  Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады.
Көрме өткеннен кейін ЕХРО-2017 базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады.
Алаштың әйгілі ақыны Мағжан Жұмабаев жырлағандай жастар қоғамды алға жетелейтін қуатты күш. Жастарына сенім білдірген елдің болашағы жарқын болатынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Бүгінгі жастардың алдында әлемнің төрт бұрышының есігі ашық. Сондықтан да өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ заман талабына сай заманауи әдістерді меңгеріп, білімдерін жан-жақты шыңдап, ой-өрісін дамытып, шығармашылықпен айналуысуы қажет. Ол үшін зерттеушілік жұмыс жүргізіп, ізденістерін арттырып, ғылыммен байланыста болуы керек. Сонда ғана тірегі мықты, тілегі бір елдің ұрпағы болып өсетінене сенім білдіремін.
Біз бұл жерде жоғарыда айтып өткен жетістіктерімізде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегінің бар екенін де баса айтуымыз керек. Президентіміз тарихымыздың тар жол, тайғақ кешу кезеңінде егемен елдің көк байрағын көкке көтеріп, мемлекетімізді басқару ісінде кемеңгерлігі мен көсемдігін көрсете білген кемеңгер тұлға. Ол Сарыарқа төсіне Елордасы – Астананы тұрғызды. Ол бүгінде әлем елдері басшылары жиналып, заманымыздың бүгіні мен ертеңі туралы келелі кеңес құратын беделі жоғары халықаралық орталық дәрежесіне дейін көтерілді. Астаналық форум шешімдері әлем елдерінің тарихында сақталатынына күмән жоқ.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев және оның бейбітшілік сүйгіш халқы армандаған «Мәңгілік елдің» мәңгілік мұраттарының мұрты бұзылмастан іс жүзіне асатындығына сеніміміз мол. Оған ширек ғасырда қол жеткізген қомақты табыстарымызбен бағындырған белестеріміз, асқақ асуларымыз дәлел бола алады. Қазақстанның серпінді дамуы оның әлеуметтік саладағы елеулі істері, еңбек адамына деген қамқорлықтың өсуі Президент Н.Ә.Назарбаевтың қуатты экономика құруға бағытталған стратегиялық бағдарын жүзеге асырудың, елімізде тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты қамтамасыз етудің нәтижесінде мүмкін болады. Тарихи мұраларымыз бен ру¬хани-мәдени құндылықтарымыздың бірлігі, мемлекеттік тіліміздің өміршеңдігі мен ортақтығы таңдаған жолымыздан айнымауға және өзімізді жалпақ жаһанға паш етуге мүмкіндік беру үстінде тапжылмай еңбек етейік.
 «Біздің мемлекетіміз әлі жас.  Бірақ халқымыздың ең басты құндылығы – еңбексүйгіштік, төзімділік, бірін-бірі құрметтеу, бейбітшілік пен келісім бізге осындай қысқа мерзімде экономика мен саясатта берік позиция ұстанған, әлемдегі беделді мемлекетке айналуға мүмкіндік берді. Елімізбен бірге Елбасымыз, халқымыз, ұлттық нақыштарымыз, байлығымыз, мәдени мұраларымыз, салт-санамыз, әдет-ғұрпымыз жоғалмай жанданып, жасарып, мәңгі ғұмыр сүрсін дегім келеді.
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
7 ответов