Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Мәңгілік елдің ұлттық тұғыры

Мәңгілік ел. Бұл еліміздің алға қойған мақсаты. Мәңгілік ел дегеніміз ұрпағы ғасырлар бойы бір тудың астын мекендеп, ұзақ әрі баянды ғұмыр кешу. Бұл жолда бүкіл қазақ жұдырықтай жұмыла іс қылуы керек. Себебі,көп түкірсе көл дейді. Жұдырықтай жұмыла алға басуға тырысу қажет. Бұл арада «Бірақ» деген сөз туады. Талай ғасырлар бойы қандай жағдай болмасын елді кері тартатындар көп болған. Оған өмірдің өзі көптеген мысалдарды айқын білдірген. Мысалға  алатын болсақ-алма. Алманың тәттісі,табиғиы құрттаған болып шығады.Сонымен қоса кемшіліксіз адам болмайды. Осылардың барлығы анық мысал бола алады. Дәл қазіргі уақытта елімізді кері тартып жүргендер көп. Олар елін сүймейтін жандар. Ондай жандар елге адал қызмет ете алмайды.Себебі, ондай жандар елін сатудан тайынбайды. Мысалыға Отырар қаласын алуға болады.Оны Жошы хан алты ай бойы соғысып,басып ала алмады. Шыңғыс ханның ақылының арқасында басып алды. Ол не болды? Оның ақылы бойынша іштегі шұбар жыланды табу болды.Олда табыла кетті.Ол Қараша атты сатқын болды. Қараңғы түнде қақпаны ашып беріп,елін сатты. Отырарды алты айда баса алмай,алты күнде жермен жексен етті. Ондағы кітапханада тарих тұңғиығына кетті.Отырарды алты ай бойы қорғап,еліне адал берілген Қайырханды жастарға үлгі ету керек. Сол кезде еті тірі,жүрегі қазақ деп соққан жандар елді алға жетелейді.Себебі, олардың ерлігін естігенде жүрегі бір сілкінеді.Елді алға жетелеу үшін елін сүйген жандарды көбейтіп,тәрбиелеуіміз керек. Осы орайда тәрбиелік мәні мол туындыларды елге көптеп таныту керек. Дәл қазіргі уақытта ондай кітаптар,ондай сабақтар,ондай шоулар өте аз. Мысалы: Қожа Ахмет Йасауидіңхикметтерінің кітабы аз шығарылған. Сол секілді шығармалар, туындылар көптеп шығарылып, халыққа, жастарға дәріптелсе, көптеген өзекті мәселелер азаяды деп ойлаймын. Осы орайда Бауыржан Момышұлының мынадай жақсы сөзі бар. «Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бағынған құл болмайды.»Осы сөздердің астарында терең мағына жатыр.Сонымен қатар Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзінде «Естілерден шыққан сөзді естіп, ескеріп жүрген адам, өзі де есті болады.» дейді. Естілерден шыққан жақсы сөздерді ескеріп, өзін жақсы жолға шақырса,барлығы тәртіпті болса, елімізде алға басар еді. Сонымен қатар мәңгілік ел болу үшін жастарды бірлікке,тәрбиелікке,татулыққа тәрбиелеу керек. Себебі,болашақ жастардың қолында деп, жастарға үлкен сенім артып отыр. Біз,яғни, жастар оқып , жақсы тәрбие алып, елін сүйер азамат болып өсуіміз керек.Әр қазақ елін сүюі керек. Ол үшін адам баласы өзінің тарихын,түбін білуі қажет.Мысалы: халқымыздың бастауы 1465жылы. Бұл жылы қазақ деген атауды  Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр  хандығынан бөлінуі арқылы «Қазақ» деген хандық құрды. Қазақ атауы «Алаш» деген атаумен танылған. Қазақ мемлекеті Жошы ұлысының әскери сол қанаты ретінде, Ақ Орда дәуірінде «Алаш елі» болып қалыптасып, оның билеушісі Орыс хан болды. Орыс хан- «Алаш хан» деген атпен танылды. «Алаш» атауының қазақ атауының тікелей баламасы екендігін бұрыннан білеміз. Бұл туралы парсы, моңғол, орыс деректерінде жеткілікті айтылған. Қазақ хандығы, щамамен 1465-1466 жылдарда құрылды. Хандықты Керек мен Жәнібек сұлтандар құрды.Бірақ қазақ хандығы- қазақ мемлекетілігінің бастауы да, соңғысы да емес. Бұл сақ, үйсін дәуірінен бастап, бүгінге дейін жалғасып келе жатқан тарих көші. Ал Тәуелсіз Қазақстан бұл үдерістің жаңаша баспалдағы.Өткен 2016жыл Бұл жылда «Қазақ хандығының» құрылғанына 550 жыл болды. Сонымен қатар тәуелсіз болғанымызға ширек ғасыр болды, яғни, 25 жыл болды.Керей мен Жәнібек сұлтандар, Әбілқайыр хандығынан бөлініп, қазақ жерін мекендеген ру-тайпалардың басын қосып хандық құрды.Бұл хандықты  Керей хан басқарды. Тарихқа сүйенетін болсақ керей ханның ел басқарған ұрпағы аз болған. Негізінен  Жәнібек сұлтанның  ұрпағы тікелей хан болып, билік құрған. Халқымыздың бейбіт,төскейдегі малын бағып, ешкімге соқтықпай жай жатқан ел. Халқымыз өздігінен ешкімге соғыш ашпаған момын халық. Ал егер өзгелер соғыс ашқан уақытта аянбай елін, жерін қорғаған. Біздей қайсар халықты құртуға көптеген халықтар тырысты. Кез келген жағдайға қолайлы ұлан байтақ жерімізді басып алуды армандады. Бірақ батыр бабалырымыз бұл атырапты қасық қаны қалғанша қорғады. Үш жүздің басы қосылғанда халқымызды ешқандай жау ала алмады. Сол заманның мәселелеріне байланысты «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» секілді заңдар жинағы жарығ көрді. Бұл заңдар жинағы әділдік жолында құрылды. Оны хандар мен әділдігімен қара қылды қақ жарған билер құрастырды. Мысалы қасым ханның тұсында қазақ халқы дамып, халық саны бір миллион адамға жетті. Халқымыздың ішкі алауыздығының кесірінен халқымыз жүздерге бөлініп, ол жүздерді бір-бір хандар биледі. Осы алауыздықты пайдаланып сыртқы жаулар соғыс ашты. Сондай сыртқы жаулардан қорғану үшін үш жүздің басын қосу керек еді. Мұны абылай хан жүзеге асырды. Қазақтың ұлы ханы Абылай 1711 жылы өмірге келді. Абылай хан ел билеген уақытта қазақ хандығы өте қуатты хандық болды. Абылай хан елді 1771 жылдан 1781 жылға дейін биледі. 1781 жылы өмірден өтті.

 Уақыт өте келе біріккен хазақ хандығы қайта үш жүз болып бөлінді. XVIII ғасырдың 20 жылдары халқымыз үшін тарихта ел басына күн туған кезең болды, көршілес елдер тарапынан шабуылдар күшейіп, халқымыз үлкен күйзеліске ұшырады. Әсіресе жоңғарладың шығыстан ойран салып ірі соққы беруі, халқымыздың әлеуметтік-экономикалық өмірін қиындата түсті. Бұл жағдайдан шығуға хан-сұлтандар көп ойланды. Ақыры Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Ресейдің құрамы кіруге бел буды. 1731 жылы Ресейдің құрамына кірді. Осылай бүкіл халық Ресейдің құрамына кірді. Халқымыз Кеңес үкіметінің құрамына кіргенен кейін де қиындықтарды көп көрді. Кеңес үкіметінің өзі халқымызды жоюға тырысты. Халқымыз мұндай қиындықтан да өтті. Кеңес үкіметі жерімізге бекіністер салып жерімізді тарылтты. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халқымызға малын бағатын жер болмады. Сол себепті отырықшылыққа көше бастады. Кеңес үкіметінің 70 жылдық отарлау саясаты халықты әбден әбігерге салды. Осындай қиындықтардан кейін халқымыз көптеген ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс қазақ тарихындағы айтулы көтеріліс болды. Сонымен қатар Амангелді Иманов бастаған көтеріліс. Сонымен қатар халқымызды құрту жолында қолдан жасаған ашаршылық, екінші дүниежүзілік соғыс халқымыздың санын кемітті. Екінші дүниежүзілік соғыс хақымыздын мыңдаған азаматы мен азаматшасын тарих тұңғиығына алып кетті. Бұл соғыс уақытында қазақ жеріне көптеген зауыттар көшірілді. Бұл зауыттар халқымызға көптеген мүмкіндіктер берді. Соғыс өткеннен кейін де жерімізге зауыттарсалынды. Ол зауыттар күні бүгінге дейін өз жұмысын жалғастыруда. Бұл зауыттардың өзге салада да өзіндік пайдасы бар.  Мысалы соғыс жылдары оқ шығарған зауыттар қазір темекі шығарып жатыр екен. Мұндай темекі шығаратын зауыттар кенеттен келеңсіздік болып қалса қару-жарақ оқтарын шығарып жұмысын жалғастыра береді. Ал сыра шығаратын зауыттар танкі оқтарын шығаруға қауқарлы. Бұл сақтық шарасы болып табылады.
ответил от Gulimzhan
0 голосов
1991жылға дейін халқымыз талай қиындықты басынан кешті. Жастарды отанын сүюге тәрбиелеу үшін сол тарихын баяндап,таныстырып отыру керек. Сол арқылы азаматтарды жақсы тәрбиелеуге болады. Себебі, елін суйген ақындар мен батырлар дың ұрпағымыз. Сондай текті бабаларымыздыңұрпақтарының майдаланғаны сүйекке таңба.Сол себептітекті қазақтың баласы тектілігін сақтауы керек. Сол уақытта  халқымыздың, ұлттың тәрбиесі оянады. Ол үшін жастарды ата-әжелеріміздің баққаны дұрыс. Себебі, ол кісілердің тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі. Ол кісілер ұрпағына бауырмалдықты үйретеді.Бауырмал жандардың арасында бірлік болады. Бірлік болса, тірлікте болады.Бірліні мықты елдер алға басады.Біздерде, ауылды жерлерде халқымыз өте бауырмал. Себебі, ата-апаларымыздың тәрбиесін алып өстік. Сол тәрбиемен мектепке келдік. Ал мектепте тарихымызды толық танып білеміз. Мысалы:Тәуелсіздіктің оңай келмегендігін білдік. Тарихымызды терең түсіндік. Халқымыздың басынан кешкенін, жүрекпен ұғындық. Еліміз жоңғар шапқыншылығын көрді. Батырларымыздың, бірлігіміздің арқасында одан да өттік. Халқымыз бір тудың астына біріккенде дүркіреді. Одан кейін уақыт өте келе халқымыз көршілес Ресейдің қол астына өтуге мәжбүр болды.Кеңес үкіметінің 70 жылдың отарлау саясатын көрдік. Қолдан жасалған ашаршылық жылдары халқымыздың 2,1 млны  қырылды.Ыбырай Алтынсарин атамыздың халқымызға сіңірген еңбегінің біршамасын құрдымға кетірді. 1960жылдан 1986 жылға  дейін қазақ жерінде 60 мыңнан астам қазақ тілінде оқытатын мектептерді жауып тастады. Кеңес одағының боданында III ғасыр болдық. Осы жылдарда халқымыз мыңдаған ұлт-азаттық көтерілістер ұйымдастырды.Шешуші көтеріліс 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі болды.Бұл көтерілісте елін сүйген боздақтар қыршын кетті. Сол боздақтардың халқына адал беріліп істеген ерлігін жастарға үлгі ету керек. Сонда санасы бар жастардың көзі ашылады еліне деген құрметі артады. Біз тәуелсіздігімізді Ел басымыздың дара саясатының арқасында алдық. Ол кісі КСРО-ның тарқауын қазақ халқының пайдасына шешті. 1990 жылы 25 қазанда тәуелсіз болу туралы декларация қабылданды. Мұхиттың ар жағындағы АҚШ-ның мойындауымен 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәулсіз Қазақстан болып, басымызға бақ қонды. Осы орайдағы біздің міндет басқа қонған бақты бағалап, келешек жастарға табыстау.

Тәуелсіздік бізге тарихтың берген сыйы емес, біздің меншігіміз емес, болашақ ұрпақтарымызға беретін ең құнды мұрамыз. Біздер осы жолда еңбек етуіміз керек. Қытай халқы біздер жайлы былай дейді екен. «Қазақтар ат үстінде жолбарыс, аттан түссе қоян болып қлады».  Расында да бұл сөздің жаны бар. Себебі, ат үстінде ұйқы көрмей елімізді қорғап, әлемде тоғызыншы орында тұрған ұлан байтақ жерімізді аманат етіп қалдырды. Бізде сол бабаларымыздың жолын жалғап, осы байтақ жерімізді ұрпақтарымызға аманат етіп  қалдыруымыз керек. Осылай бабалар көші жалғасса еліміз мәңгілік ел болады. Осының бәрін ұғынған адам өз елінің патриоты болады деген ойдамын. Дәл қазіргі уақытта EXPO-2017 халық аралық көрмесіне дайындық жүруде. Бұл көрме баршамыз білетіндей Астана қаласында өтеді. Бұл көрменің басты тақырыбыбаламалы энергия көзі. Біз бұл көрмеге экспанат дайындамасақ та, бұл көрменің маңызын, пайдасын дәріптесек, осының өзі өзіндік пайдасын тигізеді. Бұл көрме елімізге пайда әкеледі деп күтілуде. Бұл көрмеге 2000-нан астам шет елдіктер қатысуға қызығушылық білдіруде.Сонымен қатар елімізде көптеген өнертапқыштар ізденуге құмартып  жаңа дүниелер ойлап табуда. Бұл отанымыз үшін пайдалы. Себебі, елімізде шығарылған заттар арзан болады. Сарқылатын энергия көздерінің қоры күн өткен сайын азаюда. Соларды алмастыру керек болып жатыр. Бұл көрме осыған жол ашады. Себебі, оның қажеттілігі көбейіп, оған жетуге талпынып жатыр. Әлемнің алдыңғы елдерінде бұл жаңалық емес. Олардың жоспарлары қолданыста. Егер біздерде оны қолданатын болсақ дамыған 30 елдің қатарына енеміз деген сенімдемін. Ондай жасыл энергия көздері табиғатқа да зиянсыз. Оларды қолдану үшін, ол заттарды жетілдіру керек. Себебі, кез келген мемлекет үшін ұлт денсаулығы маңызды. Біз үшін де халық денсаулығы маңызды. Мұның айғағы Ел басының 100 мектеп, 100 аурухана салу туралы 100 нақты қадам жобасы. Бұл жобаның мақсаты денсаулығы мықты, білімді кемел ұрпақ қалыптастыру болды. Бұл жоба іске де асты.

Сонымен қатар мәңгілік ел болу үшін денсаулығы мықты ұрпақ қалыптастыруымыз керек. Ол үшін табиғатымызды  таза ұстауымыз керек. Сол үшін алдын алу шараларын жасауымыз қажет. Осы орайда да Ел басының атқарған жұмысы өлшеусіз. Ол кісінің бастауымен бас қаламыз Астанада қолдан орман жасап, аңдар жіберді. Бұл орман жазық далада салынған жас қаланы желден, суықтан ықтап тұр. Себебі жеті-сегіз жыл бұрын астана қаласында күндіз түні жел соғып, шаң болып жататын. Сонымен қатар көлік қаптаған қалаларда ауаның тазарғаны дұрыс.  Осы жолда өзге қалаларда да көгалдандыру жоспарымен жүмыстар жасалуда. Астанадағы қолдан жасалған орман EXPO-2017 көрмесіне келушілердің назарын аудартады деген ойдамын. Мұндай қалалардағы ағаштарға көліктерден, зауыттардан шығатын лас түтіндер зиянын тигізеді. Ол адам денсаулығына да зиянын тигізеді. Бұл орайда EXPO-2017 көрмесінің берері мол. Себебі бұл көрмеде баламалы энергия көзінің экспанаттары қойылады. Келер заман сондай болатындықтан, көлік шығаратын кәсіп орындар тоқ көзімен жүретін көліктер шығарып жатыр. Ондай отандық көліктер де бар. Бұл көрменің біздерге тиімді тақырыпта болуы, біздің еліміздің жас астанасында өтуі біздерге өте тиімді болғалы тұр. Қорта келе мәңгілік ел болу үшін ұрпағымызға, жастарымызға баппен қарауымыз керек. Себебі халқымыз «ел боламын десең бесігіңді түзе» дейді. Халқымыздың келешегі мына біздер. Біздер мәңгілік ел болуға талпынып, болашаққа нық сеніммен басуымыз керек.
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
спросил от Gulimzhan в категории Образование
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов