Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МҰҒАЛІМ МОДЕЛІ

ТЕҢІЗБАЙ Гүлдана Теңізбайқызы

№6 қазақ-орыс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

«Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін – өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» Н.Ә.Назарбаев

XXI ғасыр – білімділердің ғасыры, ақпараттандырылған қоғам, технологияның күн санап дамыған дәуірі, қоршаған ортаға, әлемдегі алпауыт мемлекеттердің алдына шығуды мақсат тұтқан дәуір, адамның денсаулығына көңіл бөліп, кәсіби шеберліктерін дамытатын дәуір. Осы ойымызды жүзеге асыру үшін дені сау, білімді әрі ой-өрісі шыңдалған, жеке тұлға болып қалыптасқан жас ұрпақ тәрбиелеуді мемлекетіміз үлкен мәселелердің бірі етіп көтеріп отыр, әрі қазіргі кездегі әлеуметтік қоғам өмірінің барлық саласындағы түбегейлі өзгерістердің болуының арқасында, бізде осындай оқыту білім саласында жұмыс істеп отырғандықтан, жаңа технологиялар мен әдістердің жаңаруына оң көзқараспен қарап, өзгеруіміз қажет.

Қaзipгi бiлiм бepy caлacындaғы бacты мiндeт – бiлiм мaзмұнынa жaңaлық eнгiзyдiң тиiмдi жaңa әдicтepiн iздecтipy мeн oлapды жүзeгe acыpa бiлy. Жaһaндық дaмy үpдiciнe caй әлeмдiк ғылым-бiлiм caлacы дa жaңa бeлecкe көтepiлyдe. [1] Oлaй бoлсa, ocындaй жaн-жaқты дaмығaн, өз oйын aшық epкiн aйтa aлaтын, қaзipгi зaмaн тaлaбынa caй құзыpeттi жeкe тұлғaлapды тәpбиeлeп шығy мынa бiздiң, яғни, ұстaздapдың қoлындa. Oл үшiн, ұcтaздap дa өздepiн әpi қapaй күндeлiктi дaмытып oтыpyы кepeк. Қoғaм тaлaбынa caй жaңa әдicтepгe ayыcып, oқyшының бiлiм aлyғa дeгeн құштapлығын, қызығyшылығын oятyымыз кepeк.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім, [1] егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет, өркениетке жету үшін жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Қазіргі кездегі оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан- жақты дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы – ұстаз тұрады. «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. Адам баласы үшін шынайы өмірдің мәні ғылым-білімді игеруде жатыр. Ал, өзінің үйренген нәрсесін басқаларға үйретуден қол үзгендер – тіршілік етіп жүрсе де жансыз адам деп айтуға тұрарлық. Неге десеңіз, адамның жаратылыс мақсаты –көріп білу, үйренгенін басқаларға үйрету. Сондықтан Ғылым –тура жолға салатын маңызды құрал. Қазіргі таңда жаңалық ашушылардың емес еліктеушілердің қатары көбейіп кетті. Сол себептен бәрін өзгертетін рухы қайсар жандар қажет. Ғылым игерудегі мақсат –білімнің адам баласына жөн сілтеп, бағыт-бағдар көрсетуі, Адам рухына сіңбеген ғылым –арам тер болып арқалаған ауыр жүкпен бірдей пайдасыз. Ал адамды жоғарғы мақсатқа жетелемеген таным-жүрек пен ойға артылған салмақ. Осы орайда Түрік ақыны Жүніс Әміре былай деген:

Ғылым, білім, ізденіс –

Өз-өзіңді тануың.

Танымасаң өзіңді

Не пайда оқып жарығым?!

білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар- ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
6 ответов