Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Мектептегі ұстаз – оқушының шамшырағын жағар

тұлға болып табылады. Сондықтан да оқушыларға

сапалы білім ғана емес, рухани, ізгі тәрбие беруіміз қажет.

Ш.А. Амонашвили

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған Биологиясабағының жоспары

Тақырыбы:Сүйек типтері және олардың байланысуы.

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер:сүйіспеншілікпен және тәртіппен қызмет ету, азаматтық жауапкершілік.

Сабақтың мақсаты: Сүйек типтері, олардың бір-бірімен байланысу ерекшеліктерін дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылықтары арқылы меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

А) Сүйек типтерін атайды.

В) Сүйек типтері және олардың байланысуын біледі.

С) Сүйек типтері олардың бір-бірімен байланысу ерекшеліктерін мысал келтіре отырып дәлелдейді

Сабақтың міндеттері:

1.Адамның қозғалыс жасап өмір сүруі үшін мықты және түзу өскен сүйектеріне әр бала азаматтық жауапкершілікпен қарау керектігін ұғындыру.

2.Бала сымбатты болу үшін сүйектердің бір-бірімен байланысуын нығайтып шынықтыруда тәртіппен қызмет етуге баулу.

3.Адамның қозғалуына, жүгіруіне, еңбек етуіне мүмкіндік беретін сүйектердің иілгіштік, беріктік қасиеттеріне сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.

Сыртқы интеграция: (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Тұсау кесер.«Өзін-өзі тану» пәнінің 5-Т әдісімен ұйымдастыру кезеңі басталды.

5-Т: Тәртіп; Талап; Тыныштық; Татулық; Тазалық.

Сұрақ қою әдісі бойынша алдымен түрткі сұрақтар қойылады:

1.Сүйек ұлпасы қандай құрылым құрайды?

2. Сүйек қандай қаттардан тұрады?

3. Сүйекке беріктілік және иілгіштік қасиет беретін қандай заттар?

Ішкі интеграция:(жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау).Үй тапсырмасын сұрағанда – Сүйектердің иілгіштік және беріктік қасиеттерін «Иілгенге иіл, құлы болмайсың» мақалын адамның бір-біріне кішіпейілдік танытып, сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасау дұрыс әрекетке жетелейтіні, адамның бір біріне қайырымдылығы,сүйіспеншілік сыйластығы айтылады. Сонымен қатар сүйекке беріктілік және иілгіштік қасиеттерін ішкі интеграция адамның бойындағы қасиеттермен байланыстыру.

Мыс: «Айтқан сөз атылған оқпен тең». Адамның азаматтық жауапкершілік қасиеті өзінің берген уәдесіне берік болу.

«Иілгенге иіл, құлы болмассың»Адамның бір біріне қамқорлығы, сүйіспеншілік сыйластығы.

Негізгі бөлім.«Алтын балықтың аквариумы» жаңаны меңгеру.

- Адамда қандай сүйек типтері болады? Оларға сипаттама бер.

- Сүйектердің байланысуы қалай болады?

- Қоғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы байланыс жасайтын сүйектерді ата.

Сабақтың дәйексөзі: «Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал!»

Оқушыларға дәйек сөз айтылады да оқушылардың мағынасын ашу сұралады.

Бірлігі жарасқан, бір бірін сыйлай білетін отбасы, ру, елмен дос бол деген мағынада.

Дәйексөздің мағынасын дұрыс әрекет құндылығының қасиеттері арқылы ашу. Дұрыс әрекет құндылығының қасиеттері адам бойынан ашылса, өмір бойы адамның өзімен бірге болады.Ол қасиеттер адамның шыдамды, қайратты болуына көмектеседі.

Топтық жұмыс (Сыртқы интеграция) – екі топтың тапсырма орындауы. Шығармашылық жұмыста тәртіппен қызмет ету.

Жаңаны меңгеруге уақыт белгіленеді, жұптарымен талқылайды. Талқылап болған соң балықшылар жаңа меңгерген тақырып бойынша сұрақтармен балықтарды қоректендіреді. Кейін алтын балықтар өз сұрақтарын балықшыларға қояды, яғни балықшылар алтын балықтың қалауларын орындайды. Сабақ толығымен мақсатына жету үшін сұрақ қою техникасы бойынша жетеленіп отырады.

Үй тапсырмасы:Үйге тапсырма §25 деңгейлік сұрақтарға жауап беру. Сонымен қатар мына нақыл сөздердің мағынасын ашу.

«Таяқ сүйектен өтер, сөз сүйектен өтер»

«Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді»

Сабақтың қорытынды сәті: (Сыртқы интеграция) Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Оқушылар тыныштық сәтінде өз орындықтарында дене сымбатының бұзылуын алдын алу мақсатында орындықта дұрыс отыру тәртібі бойынша арқаларын отырғыш белдемесіне тигізіп тік отырыс жасап, көздерін 1 минутқа жұмып өз тұлғаларын ең сымбаты тұлға екенін көз алдарына елестетіп отырады.

Қорытынды: (Ішкі интеграция)Бүгінгібиология сабағында адам сүйегінің қасиеттері оның сүйіспеншілікпен және тәртіппен қызмет етуіне, азаматтық жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретіні дұрыс әрекет жасауға апаратыны дәлелденді. Сондықтан адамның тән байлығы мен жан байлығы тығыз байланысты.

БҚО Ақжайық ауданы

Абай ат.мектеп-гимназия

Мұғалімдер:АбишевМ.М –биология пәні,

Имангалиева Г.А – «Өзін-өзі тану» пәні

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Сабақ24. Күні: 8 «Ә»- 8 «Ғ»-

Сабақтың тақырыбы: §23. Сүйек типтері және олардың байланысуы.

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік:оқушыларға сүйектердің типтері олардың байланысуы туралы мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық:оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, кестемен жұмыс бере отырып ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Б) Тәрбиелілік:оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, сүйектердің маңызын білуге тәрбиелеу;

Сабақтың типі:қортынды сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, кесте, тест, презентация, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- оқушылардың назарларын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тест жұмысы. Сұраққа жауап беріп, дұрыс жауапты белгілеу.

1. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

А)35-37 ә)30-32 б) 33-34 в) 35-36

2. Жақ сүйектерінде нелер орналасқан?

А) бауыр ә) тіс б) дендрит в) остеон

3. Көру аймағы қайда орналасқан?

А) төбе бөлігінде ә) шүйде бөлігінде б) самай бөлігінде в) орталық бөлікте

4. Қаңқанының сүйектену процесі неше жасқа қарай аяқталады?

А) 22-25 ә)23-27 б)15-20 в) 12-13

5. Бел омыртқа саны неше?

А)7 ә)5 б) 15 в)4

6. Адам қаңқасы неше сүйектен тұрады?

А) 100-ден астам ә)300-ден астам б)400-ден астам в) 200-ден астам

7. Адамда неше қабырға болады?

А) 15 жұп ә)12 жұп б) 14 жұп в)20 жұп

8. Иық белдеуі неден тұрады?

А)қабырға, төс сүйектен ә) екі жауырын, екі бұғана б) жамбас, сегізкөз в) асықты жілік, шыбық сүйегі

9. Мойын омыртқа саны:

А)7 ә)5 б) 15 в)4

10. Омыртқа жотасының ұзындығы адам бойының ұзындығының шамамен, неше пайызын құрайды?

А)50% ә)55% б) 15% в)40%

11. Сүйек жасушаларын қалай атайды?

А)нейрон ә)остеон б) нефрон в) дендрит

12. Сүйектің неше пайызы органикалық заттан тұрады?

А)60% ә)10% б) 15% в)30%

13. Сүйек тұтастығының бұзылуы қалай аталады?

А) остеон ә) нейрон б) буын в) сыну

14. Қысқа сүйекке жатады:

А) жіліктер ә) омыртқа б) жауырын в)ми сауыты

15. Жалпақ сүйектерге жатады:

А) жіліктер ә) омыртқа б) жауырын в)алақан сүйектері

Жауабы:

1.Б

2. Ә

3. Ә

4. А

5. Ә

6. В

7. Ә

8. Ә

9. А

10. В

11. Ә

12. В

13. В

14. Ә

15. Б

Бағалау критерийлері:

13-15 балл- «5»

9-13 балл- «4»

4-8 балл- «3»

0-3 балл «2».

ІІІ. Жаңа сабақ.

Адам қаңқасының сүйектері қысқа, жалпақ және ұзын (түтік тәрізді, қуыс)сүйектер болып жіктеледі. Қысқа сүйектерді омыртқа, білезік, алақан, табан сүйектері құрайды. Жалпақ сүйектерге жауырын, бас сүйектің ми сауыты және сүйектері, қабырғалар, төс жамбас сүйектері жатады. Ұзын, түтік тәрізді сүйектерге жіліктер жатады. Бұл сүйектердің қуысы сүйектің сары жілік майына толы келеді. жілік басы сүйекті нығайтатын кемі заттан және қан түзу мүшесі- сүйектің қызыл кемігінен тұрады.

Сүйектің байланысуы.Сүйектер өзара қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалатын болып байланысады.Сүйектің қозғалмайтын болып қосылуы олардың қисаиып бітуі арқылы түзіледі.Осылай құйымшақ және сегізкөз өзара байланысқан. Жік арқылы қозғалмайтын болып байланысу бас сүйектеріне тән.

Сүйектердің байланысуы 

Қозғалмайтын Жартылай қозғалатын Қозғалатын

Көптеген сүйектер созылмалы және иілгіштігі жоғары шеміршекті астар мен омыртқа дискісін түзіп байланысқан.Бұл омыртқа жотасының иілгіштігін қамтамассыз ететін сүйектердің жартылай қозғалатын болып байланысуы. Буын- сүйектердің қоғалатын болып байланысуы.Буын тұтас сүйектерден тұрады.Олардың біреуінде басқа сүйектің буын басы кіретін буын ойысы болады.

Байланысқан сүйекті буын қабы жабады. Буын қабының ішкі беті үйкелісті азайтатын және байланысқан сүйектер арасындағы қозғалысты қамтамасыз ететін аз мөлшерде тұтқыр сұйықтық бөледі.

Дұрыс отырмаған кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін.Ал ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар және өкшесі биік аяқ киім кигенде жалпақтабандылық болады.

Қаңқаның сүйектену процесі дене тоқтағанда 22-25 жасқа қарай аяқталады.

ІУ. Бекіту.

1 -тапсырма:

Дәптерлеріңе кестені толтырыңдар.

Сүйектердің байланысуы.

Сүйектердің қандай байланысын білесіңдер?

Біздің денеміздің қай жерінде кездеседі?

2- тапсырма:

Кестені толтырындар.

Сүйектерді адам қаңқасының бөлімдері бойына орналастыр:

Р/с

Сүйектер

Бас сүйек

Қол қаңқасы

Аяқ қаңқасы

1

Бұғана

2

Шыбық(садақ)сүйек

3

Шүйде сүйегі

4

Ортан жілік

5

Шынтақ сүйек

6

Ми сауыты

7

Жауырын

8

Асықты жілік

9

Тоқпан жілік

10

Толарсақ сүйектері

11

Білезік сүйектері

12

Жамбас сүйектері

13

Башпай сүйектері

14

Саусақ сүйектері

V. Қорытынды.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ