Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Оқушыларға ән үйрету әдістері.

Балалар хорымен жұмыс істеуде ерекше көңіл бөлетін нәрсе- ән үйрету кезеңі.

Оқушыларға ән үйрету мына кезеңдерді қамтиды;

-әнді орындап көрсету

- ән туралы әңгіме

-әнді үйрету

- мәнерлеп орындауға дағдыландыру

Қандай бір қарапайым ән болса да мұғалім

оны үйретуге кіріспес бұрын алдын ала әнді орындауға қойылатын барлық талаптарды белгілеп алуы тиіс,тыныс алу,динамикалық белгілері, фразаларға бөлу, үйренуге қиын ырғақтар өрнектері,интонациялық таза айтуға назар аударатын тактілер,күрделі сөздер, оның дұрыс және анық айтылу жолдары т.б осындай жан жақты талдау жүргізу мұғалімнің өз оқушыларына әнді үйрету барысында қандай әдіс- тәсілдер керек екндігін анықтауға көмектеседі.

Әнді орындап көрсету.

Әнді алғаш рет балаларға таныстыра білу өте маңызды. Балалардың әнге қызығуы, ұнатуы, оны қабылдауы осы алғашқы көрсетуге байланысты. Сондықтан мұғалім шығарманы барынша мәнерлеп, баланың жүрек пернесін дәл басатындай, әдемі де жұмсақ, құлаққа жағымды дауыспен орындап беру тиісті.Егер қажет деп тапса әнді күйтабақпен тыңдатуға немесе алдын ала үйреткен оқушыға айтқызуға болады.Қандай жағлайда да әннің орындалу сапасы болу керек.

Ән туралы әңгіме.

Әннің көркемдік құндылығын,мән-мазмұнын тереңірек жеткізу үшін әңгіме жүргізуге қосымша көрнекілік құралдар қолдануға, бейнелеу өнері мен әдебиетті байланыстыруға болады. Бұл жерде композиторлар, әннің сөзін жазған ақын, шығу тарихы,композитор өмірінен қызықты оқиғалар жайлы қысқа да нұсқа әңгімелер айтуға болады.

Әнді үйрету.

Әнді үйрету балалардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау мүмкіндіктеріне байланысты жүргізіледі.Дегенмен де әнді үйретудің барлық жастағы балаларға ортақ жолдары бар.Әдетте әнді үйреткенде әуелі фразамен, жолмен үйретеді, содан соң шумағын түгел айтқызады, егер қайырмасы болса әрі қарай да тура солай баулынады.Мұғалім үйретілген сөйлемді өзі бір рет орындап берген соң, екінші рет оқушыларға іштерінен қосылып айтқызуға болады,үшінші рет кәдімгідей орташа дауыспен қосылып орындатады.Әр қайталағанда мұғалім жай айтқыза салмай белгілі бір талап қойып отыруы тиіс.Мысалы маған қосылып айт» «Әуеннің журу бағытын қолыңмен көрсет» т.б. Мұндай талаптар жиі қойылуы мүмкін,ал ондағы мақсат әнді дұрыс үйрену.Үйренуге қиын фрагменттерді, тактілерді бөліп алып ,алдын ала жаттығу ретінде үйретуге болады. Әнді үйретудің толып жатқан тәсілдері бар

Есту арқылы үйрету, сольфеджиомен айтқызу,қолдың көмегімен түрлі биіктіктерді көрсету. Бұл әдістерді бір бірімен байланыстыра, жеке- жеке үйретілетін әнге, балалардың жас ерекшеліктеріне, музыкалық қабілеттеріне орай қолдануға болады.Кейбір жағдайда әуендер негізінен қайталанатын немесе бір бірінен сәл ғана өзгешеліктері бар әндер кездеседі.Ондай жағдайда әнді тұтас үйретіп алып, артынан жеке фразаларға тоқталуға болады. Ән үйретудегі негізгі жұмыстардың бірі-оның сөзін жаттату.Әдетте тақтаға жазып, көрнекі құралдан көрсетуге болады.Ән орындалып болған соң мұғалім өлеңнің сөзін оқып, оның мазмұнын,тексте кездесетін қиын сөздерді түсіндіруі тиіс.Сөзді әннен бөлек жаттау дұрыс емес.Оқушы сөзді әнімен бірге үйренуі жаттауы тиіс. Сөздің мәнін жақсы сезінген бала әнді мәнерлеп айтуға тырысады.

Мұғалімнің алдындағы тұрған үлкен міндеттердің бірі- баланы әнді мәнерлеп айтуға тәрбиелеу.

Мұғалімнің ең бір ескеретін мәселесі –балаларды әнді мазмұнына сай көңілді,мұңды,еркелете айтуға баулып қана қоймай, музыкалық интонациясын, нәзік иірімдерін дәл сезініп, ойын өзінің бар болмысымен жеткізе білуге дағдыландыру. Сонда ғана біз ән құдіретін терең түсініп оны рухани өміріне азық ететін ұрпақ дайындай аламыз.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов