Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Zhannara в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Қобыз аспабында ысқышпен жұмыс істеу әдістері Штрихтар

Бәрімізге белгілі – қобыз аспабында скрипка аспабына арналған ысқышпен ойнап жүрміз . Бұл ысқыштардың ұзындығы725 мм- ден, самағы 58,6 граммнан басталады. Әр бір орындаушы ысқыштың салмағын өзінің қолының орындау күшіне байланысты ыңғайлап таңдайды . Сапалы , әдемі дыбыстар шығару үшін, ысқышты ойнауға ыңғайлы, өзіне икемді , дұрыс ұстауды меңгеру қажет.

1. Тиекке параллельді түрде жүргізу ;

2. бір нүктелі орында тиекке аса жақындатпай жүргізу керек;

3. түбінен ұшына дейінгі жүргізу жылдамдығы уақытқа сай біркелкі болуы керек;

4. ысқыштың барлық бөліктерінде бірдей дыбыс күшімен ойнау керек. Бұл талаптардың барлығы бір – бірмен тығыз байланысты .

Ысқышты дұрыс бөліп ойнаудың да маңызы зор . Ысқышты дұрыс бөліп ойнау композитордың қойған талаптарын орындауға мүмкіндік туғызады . Ысқышты бөліп ойнаудың әр түрлерін атап айтуға болады: 2 ге, 4ке, 6 ға, 8ге, т.с.с.

1 . Ысқышты толығымен қолдану (жазылуы: «Т.Ы.»);

2. Ысқыштың ортаңғы бөлігі ( Ы.О.);

3. Төменгі жартысы (Т.Ж.);

4. Жоғарғы жартысы (Ж.Ж);

5. Ысқыштың түбі (Ы.Т.);

6. Ысқштың ұшы (Ы.Ұ.);

2. Әрбір штрих ысқыштың белгілі бір бөлігінде ғана дұрыс орындалады , сондықтан да , ысқышты дұрыс бөліп пайдаланудың маңызы өте зөр.

Штрихтар туралы .

Қобыз аспабында ойнау техникасы оң қол мен сол қол техникасы негізінде қалыптасады . Сол қолдың атқаратын қызметі - дыбыс кеңістігін қамту , вибрация арқылы әсем дыбыстар шығару .

Вибрация ( тербелмелі қозғалыс ) – адам дауысы тәрізді , композитордың талабына сай, шығармаға маңызды , әуезді дыбыстар береді . Ысқышты аспаптар тобында оң қолдың атқаратын қызметінің маңызы одан да зор. Оң қолмен әр түрлі штрихтар ойналады . Штрихтар дегеніміз – ысқышты шекте жүргізудің және ысқышпен дыбыс алудың әр түрлі әдістері . Штрихтар арқылы , композитордың мақсатына байланысты қойған талабына сай, шығарманың мәні, мағынасы, мазмұны ашылады. Штрих деген ұғымға тек қана деташе, легато , мартеле , т.с.с. емес , ысқыштың ауыстыру бағыты және басқа да әр түрлі дыбысталу әдістері жатады.

Штрихтардың аталу , орындау әдістері, қолдану мүмкіндіктері , жазылуы.

Штрихтарды үш топқа бөлуге болады :

1 . Байсалды , бір қалыпты (плавные);

2. Үзілмеген (отрывистые);

3. Секіртпелі (прыгающие).

Деташе (detache ,фр.)- бөлу . Бұл штрихта әрбір нота ысқыштың жаңа бағытында ойналады . Ысқыш шектен көтерілмей , жұмсақ ауыстырылады .

Деташенің түрлері :

1. «гранд деташе» - ысқышты толығымен қолданып ойнау (түбінен ұшына дейін);

2. Ұзын деташе ;

3. Қысқа деташе.

ответил от Zhannara
0 голосов

Деташе штрихы ысқыштың барлық бөлігінде ойналады - ысқышты толығымен қолдану, ортаңғы бөлігі , төменгі жартысы, жоғарғы жартысы, түбінде , ұшында т.с.с.

Тез жылдамдықта ойналатын шығармада қысқа деташені қолданамыз, ол ысқыштың неғұрлым қысқа бөлігімен ойналады . Қысқа деташені білезік және саусақ буыны қозғалыстарымен ойнайды . Ал баяу жылдамдықтағы шығармада ұзын деташені қолданады. Ұзын деташеде білезік , саусақ буындарынан басқа білегі де қозғалыс үстінде болады.

Легато (Legato , итал – бірге , байланысты ).

Легато – ысқыштың бір бағытында екі, немесе бірнеше нота ойналатын штрих, ысқыш шектен көтерілмейді . Жазылуында ноталардың үстінен , немесе астынан доға (имек) сызық жүргізіледі .

Легато барлық жылдамдықта , барлық нюанста ойнала береді .

Қысқа штрих - дыбыстар арасында байланыс жоқ , әр дыбыс паузалармен бөлінеді.

Мартеле ( martele ,фр ., martellato ,итал.)- балғамен ұрғандай естілетін қысқа штрих . Дыбыстар бір – бірінен цезура (немесе пауза ) арқылы бөлініп тұрады , ысқыш шектен көтерілмей, алма – кезек бағытта , жоғарғы жартысында , ортасында жақынырақ бөлігінде ойналады. Бұл штрихтың ойнау жылдамдығы азырақ , жазылуы әр түрлі : кейде ноталардың төбесіне , немесе астына нүкте қойылады , кейде кішкентай сызықшамен белгіленеді.

Жылжымайтын стаккато

(stehendes staccato, нем.)

Бұл штрихта барлық ноталар бір орында , тек қана «төмен» , немесе тек қана «жоғары» бағытта ойналады . Іс жүзінде, «барлығы төмен» , немесе «барлығы жоғары» деп айтылады . «Барлығы жоғары » штрихы ысқыштың кез- келген бөлігінде ойнала береді . Тез жылдамдықта ең түбінен ойнау керек , себебі , бұл жағдайда , ысқышты бұрынғы орнына қайтарып алып бару жеңіл түседі. Ал жай жылдамдықта ысқыштың ортасынан , немесе ұш жағынан ойнау керек . «Барлығы төмен » штрихын ысқыштың түбінен ғана ойнайды.

Жазылуы – барлығы «П» немесе барлығы «V»

Мартеле – стаккато ( staccatо -martele ,ит.,фр.)

«Стаккато »деп қана айтылады . Шектен көтерілмей ойналатын бір бағыттағы бірнеше мартеле тәрізді нығыздалған штрих. Жазылуы – ноталардың үстіне , немесе астына нүктелер қойылып, доға сызық жүргізіледі .

1. Стаккато – воландо . Ұшпалы стаккато

(staccato – volando)

2. Флигендe – стаккато. Ұшпалы стаккато .

(Fliedendes staccato,нем. )

Бір бағытта жүретін бірнеше қысқа дыбыстар , әр дыбыстан кейін ысқыш шектен секіреді . Жазылуы – әр бір нотаның үстіне , немесе астына нүктелер қойылып , ысқыштың бір бағытындағы ноталардың үстінен , немесе астынан доға (имек ) сызықтар жүргізіледі.

Бұл штрихты , шамамен , ысқыштың ортасына таман , жоғары тұсынан ойнау керек .

Спиккато (spiccato , итал. )- секіртпелі штрих . Ысқышты шекте секіртіп , алма – кезек бағытта ойнайды . Бұл штрихты әр түрлі жылдамдықта ойнауға болады , Тез жылдамдықта mf , f нюансынан асырмай , ысқыштың ортасына таманғы бөлігінен , ал f f , f f f нюансында жай және орташа жылдамдықта ысқыштың түбінен ойнау керек .

Сотийе( sautille , фр. ) Бұл – спиккатоның майда түрі . Тез жылдамдықта , жеңіл жүретін , виртуозды штрих . «P» дан «f f» ға дейінгі барлық нюанста ойналады.

ответил от Zhannara

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов